Шежірелер 2-жазба 27:1—9
-
Жотам — Яһуда патшасы (1—9)
27 Патша тағына отырғанда, Жотам+ 25 жаста еді. Ол Иерусалимде 16 жыл билік етті. Оның анасы Садықтың қызы Еруша болатын+.
2 Жотам+ әкесі Ұзиях сияқты, Ехобаның алдында ұнамды істер істеді.
Бірақ әкесіне ұқсап еркінсіп Ехобаның ғибадатханасына кірген жоқ+. Халық болса сорақы қылықтар жасай берді.
3 Жотам Ехобаның үйінің жоғарғы қақпасын салды+, Опел дуалында да біраз құрылыс жұмыстарын жүргізді+.
4 Сондай-ақ Яһуданың таулы өңірінде+ қалалар салды+, орманды жерлерде бекіністер+ мен мұнаралар+ да тұрғызды.
5 Жотам аммондықтардың+ патшасымен соғысып, ақырында одан үстем болып шықты. Сол жылы аммондықтар оған 100 талант* күміс, 10 000 кор* бидай, 10 000 кор арпа берді. Екінші және үшінші жылы да олар солай етті+.
6 Осылай Құдайы Ехобаның ақ жолымен жүргендіктен Жотам күшейе берді.
7 Оның басқа да істері, соғыстары мен жүрген жолдары Исраил және Яһуда патшаларының тарихы баяндалған кітапта жазылған+.
8 Жотам 25 жасында таққа отырып, Иерусалимде 16 жыл билік етті+.
9 Ақырында ол ата-бабаларына қосылды да, сүйегі Дәуіттің қаласына қойылды+. Оның орнына ұлы Ахаз патша тағына отырды+.
Сілтемелер
^ 1 талант 34,2 кг-ға тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.
^ 1 кор 220 л-ге тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.