Шежірелер 2-жазба 4:1—22
4 Сүлеймен ұзындығы мен ені 20, ал биіктігі 10 шынтақ мыс құрбандық ошағын да жасады+.
2 Бұдан кейін “Теңіз” деп аталатын тайқазан+ құйды. Оның ернеуінің ені 10, биіктігі 5 шынтақ еді. Тайқазанды жіппен айналдыра өлшегенде 30 шынтақ болды+.
3 Оның ернеуінен бел ортасына қарай айналдыра жабайы қарбыздардың мүсіндемелері+ болды. Олар әр шынтақ сайын он-оннан екі қатар етіп түсірілді. Жабайы қарбыздар тайқазанмен бірге құйылған еді.
4 Тайқазан үш-үштен солтүстікке, батысқа, оңтүстікке және шығысқа қарап орналастырылған 12 бұқа мүсінінің+ үстіне қойылды. Бұқалардың бас жақтары тысқа қарай, арт жақтары тайқазанның ортасына қарай бағытталған еді.
5 Тайқазанның қалыңдығы төрт елі* болды; ернеуі кесенің ернеуіндей етіп жасалды, ол ашылған лалагүлге ұқсайтын. Тайқазанға 3000 бат* су сыйғызуға болатын.
6 Сондай-ақ Сүлеймен он қазан жасатып, бесеуін үйдің оң, қалған бесеуін сол жағына қойды+. Олардағы суға түгел өртелетін құрбандық шалынғанда қолданылған заттар жуылатын+. Ал “Теңіз” деп аталатын тайқазандағы су діни қызметкерлердің жуынуына арналған еді+.
7 Патша нұсқада көрсетілгендей+, алтыннан он шамдал жасап+, бесеуін Қасиетті бөлменің оң жағына, қалған бесеуін сол жағына қойды+.
8 Сонымен қатар ол он үстел жасап, бесеуін Қасиетті бөлменің оң жағына, бесеуін сол жағына қойды+. Патша 100 алтын табақ та жасады.
9 Бұдан кейін ол діни қызметкерлерге+ арналған аула+ мен үлкен ауланы+, сондай-ақ олардың есіктерін жасады. Есіктер мыспен қапталды.
10 Патша Теңізді* үйдің оң жағына, оңтүстік-шығысқа орналастырды+.
11 Хирам күлсалғыштар, күрекшелер мен табақтар да жасады+. Осылайша ол Сүлеймен патшаның тапсыруымен шынайы Құдайдың үйіне арналған заттардың бәрін жасап бітті. Ол мыналарды жасады+:
12 екі бағана+ мен олардың үстіне қойылған тостаған пішіндес тәждер және оларды айналдыра әшекейлеген өріліп жасалған екі тор+;
13 екі бағанаға қойылған тостаған пішіндес тәждерді безендіру үшін әр торды екі қатар етіп көмкерген 400 анар+;
14 он кебеже арба мен олардың үстіне қойылған 10 қазан+;
15 бір Теңіз және оның астында тұрған 12 бұқа мүсіні+;
16 күл шығаратын шелектер, күрекшелер, шанышқылар+, сондай-ақ Сүлейменнің тапсыруымен Ехобаның үйіне арнап жасалған басқа да бұйымдар. Бұлардың бәрін Хирам-Әбип+ жылтыратылған мыстан жасады.
17 Патша бұларды Иордан өңірінде, Суқот+ пен Середахтың арасында, сазбалшықты жерге құйып жасады.
18 Жасалған бұйымдардың саны өте көп еді. Оларға жұмсалған мыстың салмағы белгісіз+.
19 Сүлеймен шынайы Құдайдың үйіне арналған барлық бұйымдарды+ жасап бітірді. Ол алтын құрбандық үстелі+ мен нан тартуы қойылатын алтын үстелдер жасады+.
20 Сондай-ақ ол саф алтыннан шамдалдар мен олардың шамдарын жасады+. Бұл шамдар ереже бойынша түпкі бөлменің алдында жанып тұруы тиіс еді.
21 Сонымен қатар алтыннан, ең таза алтыннан гүлдер, шамдар мен қысқаштар жасады.
22 Ал шам сөндіргіштер, табақтар, тостағандар мен шоқсалғыштарды саф алтыннан жасады. Киелі үйдің есіктері де, яғни Ең қасиетті бөлме мен Қасиетті бөлменің есіктері де алтыннан жасалды+.
Сілтемелер
^ Шамамен 7,4 см. Ә14 қосымшасын қараңыз.
^ 1 бат 22 л-ге тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.
^ Яғни “Теңіз” деп аталатын тайқазанды.