Шежірелер 2-жазба 7:1—22
7 Сүлеймен дұға етіп бола бергенде+, көктен от түсіп+, түгел өртелетін және басқа да құрбандықтарды жалмап қойды. Ал үйдің іші Ехобаның нұрлы салтанатына кенелді+.
2 Ехобаның үйі Ехобаның салтанатына кенелгендіктен, діни қызметкерлер Ехобаның үйіне кіре алмады+.
3 Тас төселген ауладағы күллі Исраил халқы көктен от түскенін және үйдің Ехобаның салтанатына кенелгенін көргенде, жерге жығыла кетіп, тағзым етті де, былай деп Ехобаға алғыс айтты: “Өйткені ол ізгі, айнымас сүйіспеншілігі мәңгі!”
4 Бұдан кейін патша мен күллі халық Ехобаның алдында құрбандықтар шалды+.
5 Сүлеймен құрбандыққа 22 000 ірі қара мен 120 000 қой шалды. Осылай патша мен күллі жамағат шынайы Құдайдың үйін салтанатты түрде ашты+.
6 Діни қызметкерлер міндеттеріне қарай өз орындарында тұрды. Леуіліктер де Ехобаға арнап айтылатын әндерді сүйемелдейтін аспаптарын ұстап тұрды+. (Бұл аспаптарды Дәуіт патша солармен* Ехобаны мадақтағанда, “Өйткені оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі!” деп алғыс айту үшін жасаған еді.) Леуіліктердің алдында тұрған діни қызметкерлер қатты кернейлетіп жатты+, күллі исраилдіктер де сонда тұрды.
7 Бұдан кейін Сүлеймен Ехобаның үйінің алдындағы ішкі ауланың ортаңғы бөлігін киелі етті. Өйткені оған сол жерде де түгел өртелетін+ және татулық құрбандықтарының майын өртеуге тура келді. Себебі өзі жасаған мыс ошақ+ түгел өртелетін құрбандықтарды, астық тартуларын+ және құрбандықтардың майын сыйдыра алмады+.
8 Сүлеймен үлкен мереке жасап, күллі исраилдіктер — Лебо-Хаматтан Мысыр өзен аңғарына+ дейінгі жерлерден келген қалың қауым — патшамен бірге 7 күн тойлады+.
9 Жұрт жеті күн бойы құрбандық ошағының бағышталуын және тағы жеті күн мейрамды* тойлады, ал сегізінші күні* салтанатты жиналыс өткізді+.
10 Жетінші айдың жиырма үшінші күні патша халықты таратты. Жұрт Ехобаның Дәуіт пен Сүлейменге және халқы Исраилге жасаған жақсылықтарына шын жүректен қуанып+, шаттана+ үйлеріне қайтты.
11 Осылай Сүлеймен Ехобаның үйі мен өзінің патша сарайын+ салып бітті. Сондай-ақ Ехобаның үйі мен өзінің сарайына қатысты көңіліндегісінің бәрін жүзеге асырды+.
12 Бұдан кейін Ехоба оған түнде аян беріп+ былай деді: “Айтқан дұғаңды естідім. Мен осы жерді өзіме құрбандық шалатын үй ретінде таңдадым+.
13 Мен жаңбыр жауғызбай аспанды жауып тастағанда, шегірткелерге осы елді жалмауды бұйырғанда, халқыма індет жібергенде,
14 менің атыммен аталып жүрген өз халқым+ кішірейіп+, маған дұға етсе, мені іздеп, зұлым жолдарынан қайтса+, мен оларға көктен құлақ асып, күнәларын кешіремін, елдерін де сауықтырып, қалпына келтіремін+.
15 Бұдан былай осы жерде дұға айтылғанда, көз қырымды салып, әрқашан құлақ асамын+.
16 Өз есімімді мәңгі орнықтыру үшін мен мына үйді таңдадым әрі оны киелі еттім+. Мен оны көзімнен таса қылмаймын, жүрегім әрқашан сонда болады+.
17 Егер сен әкең Дәуіт сияқты, барлық өсиеттерімді, жарлықтарым мен шешімдерімді ұстанып жүрсең+,
18 мен сенің патшалық тағыңды+ мәңгіге орнықтырамын. Өйткені әкең Дәуітпен келісім жасасып+: —Исраил тағында әрдайым сенің ұрпағың отыратын болады+,— деген едім.
19 Ал егер менен бас тартып, өздеріңе берген өсиеттерім мен жарлықтарымды ұстанбай, басқа құдайларға қызмет етіп, соларға табына бастасаңдар+,
20 сендерді өзім берген жерден түптамырларыңмен жұлып тастаймын+, ал өз есімім үшін киелі еткен үйді көз алдымнан құртамын. Осылай оны басқа халықтардың бәрі табалап, мазақ қылатындай күйге ұшыратамын+.
21 Бұл үй бір төбе үйіндіге айналады. Оның жанынан өткен әркім: —Ехоба мына ел мен үйді неге осындай күйге ұшыратты екен+?— деп таңғалатын болады+.
22 Жұрт оларға: —Бұл халық ата-бабаларын Мысыр елінен алып шыққан+ Құдайлары Ехобаны тастап+, басқа құдайларға табынып, соларға қызмет етіп кетті+. Сондықтан Құдай оларды осындай апатқа ұшыратты+,— деп жауап береді”.
Сілтемелер
^ Бұл есімдік леуіліктерге нұсқаса керек.
^ Яғни Күркелер мейрамын.
^ Мейрамнан кейінгі күн немесе 15-інші күн.