Шежірелер 2-жазба 8:1—18

  • Сүлейменнің басқа да құрылыс жобалары (1—11)

  • Ғибадатханадағы қызметтің ұйымдастырылуы (12—16)

  • Сүлейменнің флоты (17, 18)

8  Сүлеймен Ехобаның үйі мен өзінің сарайын 20 жылда салып бітірді+.  Сосын ол Хирам+ берген қалаларды қайта тұрғызып, оларға исраилдіктерді қоныстандырды.  Бұдан кейін ол Хамат-Собаға барып, оны жаулап алды.  Сонымен қатар патша шөл даладағы Тадмор қаласын және Хаматтағы+ азық-түлік сақтайтын қалалардың+ бәрін нығайтты*.  Ол Жоғарғы Бет-Хорон+ мен Төменгі Бет-Хоронды+ да нығайтты. Бұл қабырғалары, қақпалары мен ысырмалары бар бекітілген қалалар еді.  Сүлеймен Бағалатты+, сондай-ақ азық-түлік сақтайтын қалаларды және арбалары мен салт атты жігіттеріне арналған барлық қалаларды+ да нығайтты. Осылай Иерусалимде, Ливанда, қол астындағы бүкіл елде салғысы келгеннің бәрін салды.  Исраилдіктердің арасында+ хеттіктер, аморлықтар, перездіктер, хевтіктер мен ебустіктер+ тұрып жатты.  Бұлар кезінде исраилдіктер жоймаған халықтардың ұрпақтары еді+. Сүлеймен оларды басыбайлы қызметші етіп, ауыр жұмысқа салып қойды. Бұл жағдай әлі күнге дейін жалғасып келеді+.  Бірақ ол исраилдіктердің ешқайсысын өзіне жұмыс істейтін құл етпеді+. Олар патшаның сарбаздары, көмекшілерінің басшылары, сондай-ақ арбакештері мен салт атты жігіттерінің басшылары болды+. 10  Сүлейменнің түрлі істерін басқарып, халықтың үстінен қарайтын 250 жетекші аймақ әкімі болды+. 11  Патша перғауынның қызына+ арнап үй салып+, оны Дәуіттің қаласынан сол үйге көшірді. Себебі Сүлеймен: “Ол менің әйелім болса да, Исраил патшасы Дәуіттің үйінде тұрмау керек, өйткені Ехобаның сандығы әкелінген жер киелі+”,— деген еді. 12  Сүлеймен киелі үйдің кіреберісінің алдындағы+ өзі жасаған Ехобаның құрбандық ошағында+ Ехобаға арнап түгел өртелетін құрбандықтар+ шала бастады. 13  Ол мұны күнделікті дағдыға айналдырды. Бұған қоса, Мұсаның өсиетіне сай, Демалыс күндері+, Жаңа туған ай мейрамында+ құрбандықтар шалды. Сондай-ақ жыл сайын өткізілетін мерекелерде+, яғни Ашымаған нан+, Апталар+ және Күркелер мейрамында+, құрбандықтар шалатын болды. 14  Сонымен қатар Сүлеймен әкесі Дәуіттің нұсқауына сай, діни қызметкерлерді топтарына+ қарай міндеттеріне қойды. Леуіліктерді де өз міндеттеріне қарай, Құдайды мадақтау+ және діни қызметкерлердің алдында күнделікті қызмет етуге қойды. Қақпа күзетшілерін де топтарына қарай әртүрлі қақпаларға бекітті+. Мұның бәрін ол Құдай адамы Дәуіттің нұсқауына сай істеді. 15  Діни қызметкерлер мен леуіліктер патшаның кез келген мәселеге, оның ішінде қоймаларға, қатысты нұсқауларын бұлжытпай орындады. 16  Осылайша Сүлеймен атқарған жұмыстың бәрі — Ехобаның үйінің іргетасы қаланған күннен+ үй салынып біткенге дейін — жақсылап ұйымдастырылды. Ақырында Ехобаның үйінің құрылысы аяқталды+. 17  Сүлеймен патша Едом жеріндегі теңіздің жағасында+ орналасқан Есион-Гебер+ мен Елатқа+ сол кезде барған еді. 18  Хирам+ оған қызметшілері арқылы кемелер мен тәжірибелі теңізшілерін жіберді. Олар Сүлейменнің қызметшілерімен бірге Опырға+ барып, патшаға 450 талант* алтын әкелді+.

Сілтемелер

Немесе “қайта салды”.
1 талант 34,2 кг-ға тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.