Қорынттықтарға 1-хат 6:1—20

  • Бауырластардың бір-бірін сотқа апаруы (1—8)

  • Патшалықты мұра етпейтін адамдар (9—11)

  • “Денелеріңмен Құдайды дәріптеңдер!” (12—20)

    • “Азғындықтан аулақ болыңдар!” (18)

6  Араларыңдағы қайсыбіріңнің өзгемен дауы болса+, қасиеттілердің емес, әділетсіздердің сотына жүгінуге қалайша дәті барады?  Әлде қасиеттілердің адамзатқа сот жүргізетінін+ білмеуші ме едіңдер? Ал адамзатқа сот жүргізетін болсаңдар, ұсақ-түйек мәселелерді шешуге жарамағандарың ба?  Біздің періштелерге де сот жүргізетінімізді+ білмейсіңдер ме? Онда күнделікті өмір мәселелерін де шеше алатындарың сөзсіз.  Ал осындай мәселелерді шешу керек болып жатса+, қауымнан тыс адамдарды төреші етпексіңдер ме?  Мұны сендерді ұялту үшін айтып отырмын. Араларыңда бауырластарына төрелік айтатын бірде-бір парасатты адамның болмағаны ма?  Бауырластардың бірі екіншісін сотқа, сот болғанда да сенбейтіндердің сотына, апаратыны қалай?!  Бір-біріңмен соттасқандарыңның өзі — жеңілгендерің ғой. Өйткенше неге әділетсіздікке төзбеске+? Неге ақыларыңды жегізе салмасқа?  Ал сендер, керісінше, өздерің әділетсіздік жасайсыңдар, өзгенің ақысын жейсіңдер, әрі мұны өз бауырластарыңа істейсіңдер.  Жоқ әлде әділетсіздер Құдай Патшалығын мұра етпейтінін білмейсіңдер ме+? Алданбаңдар: азғындар*+, пұтқа табынушылар+, неке адалдығын бұзушылар+, табиғи емес жыныстық қатынаста қолданылатын еркектер+, еркекқұмар еркектер*+, 10  ұрылар, ашкөздер+, маскүнемдер+, өзгелерді балағаттайтындар, тонаушылар Құдай Патшалығын мұра етпейді+. 11  Кезінде кейбіреулерің сондай болдыңдар. Бірақ тазардыңдар+, қасиетті болдыңдар+, әрі Иеміз Иса Мәсіхтің атымен және Құдайымыздың рухымен әділ деп жарияландыңдар+. 12  Менің не істеймін десем де, қақым бар, бірақ бәрі бірдей пайдалы емес+. Не істеймін десем де, қақым бар, бірақ еш нәрсеге тәуелді болуыма жол бермеймін. 13  Тамақ асқазан үшін, ал асқазан тамақ үшін, бірақ Құдай бұл екеуін де құртып жібереді+. Дене болса азғындық* үшін емес, Иеміз үшін қызмет етуі тиіс+, ал Иеміз денеміздің қамын ойлайды. 14  Құдай өз құдіретімен+ Иемізді өлімнен тірілтіп алды+, бізді де тірілтеді+. 15  Әлде денелеріңнің Мәсіхтің денесінің мүшесі екенін білмейсіңдер ме+? Олай болса, оның денесінің мүшелерін алып, жезөкшенің денесіне мүше етіп беруіме бола ма? Әрине, болмайды! 16  Жезөкшемен жақындасқан адам онымен бір дене болатынын білмеуші ме едіңдер? Себебі Құдай: “Екеуі біртұтас* болады”,— деген+. 17  Ал Иемізге қосылған адам онымен бір ойда* болады+. 18  Азғындықтан* аулақ болыңдар*+! Адамның жасауы мүмкін кез келген күнәсі денесінен тысқары, ал азғындық жасайтын адам өз денесіне қарсы күнә істейді+. 19  Жоқ әлде денелерің бойларыңдағы Құдай рухының ғибадатханасы+ екенін білмейсіңдер ме+? Сендер өздеріңе тиесілі емессіңдер+, 20  өйткені қымбат бағаға сатып алындыңдар+. Ендеше денелеріңмен+ Құдайды дәріптеңдер+!

Сілтемелер

Немесе “еркектермен жыныстық қатынаста болатын еркектер”.
Түсіндірмедегі “Азғындық” сөзін қараңыз.
Грекше “порниа”. Түсіндірмені қараңыз.
Сөзбе-сөз “бір тән”.
Сөзбе-сөз “бір рухта”.
Немесе “қашыңдар”.
Грекше “порниа”. Түсіндірмені қараңыз.