Қорынттықтарға 2-хат 13:1—14

  • Соңында айтылған ескертулер мен кеңестер (1—14)

    • “Сенім жолындасыңдар ма, жоқ па — соны тексеріп тұрыңдар” (5)

    • Түзеле беріңдер, ойларың бір жерден шықсын (11)

13  Мен үшінші рет өздеріңе бармақпын. “Әрбір іс екі не үш куәгердің сөзімен дәлелденуі тиіс”+.  Қазір қастарыңда болмасам да, сөздерімді екінші рет араларыңда жүріп айтқандай қабылдаңдар. Бұрын күнә жасағандарға да, қалғандарыңа да алдын ала ескертемін, егер тағы келер болсам, мұндайларды аямаймын.  Осылайша Мәсіх шынымен мен арқылы сөйлейтінін дәлелдеймін. Ол сендерге қатысты әлсіздік танытып жатқан жоқ, қайта, құдіретпен әрекет етуде.  Рас, ол әлсіз болғандықтан, бағанаға ілінді, бірақ қазір Құдайдың құдіретінің арқасында тірі+. Оның әлсіз болғаны сияқты біздің де қазір әлсіз екеніміз рас, бірақ өмірлеріңде әрекет етіп жатқан Құдайдың құдіретінің арқасында онымен бірге өмір сүреміз+.  Сенім жолындасыңдар ма, жоқ па — соны тексеріп тұрыңдар, әрі кім екендеріңе көз жеткізу үшін өздеріңді үнемі тексеріп отырыңдар+. Әлде Иса Мәсіхпен бірлікте екендеріңді білмейсіңдер ме? Құдайдың ықыласынан айырылып қалмасаңдар ғана, онымен бірліктесіңдер.  Ал біздің Құдай ықыласынан айырылмағанымызға көз жеткізесіңдер деп үміттенемін.  Сендер еш жамандық жасамасын деп Құдайға дұға етеміз. Ондағы мақсатымыз — өзімізді ықыласқа ие болғандай етіп көрсету емес, қайта, ықыластан айырылып қалғандай болып көрінсек те, сендердің игі істер жасағандарың.  Себебі біз шындыққа қарсы ештеңе істей алмаймыз, тек шындық үшін істейміз.  Біз әлсіз, ал сендер күшті болған кездің бәрінде қуанамыз. Сондай-ақ сендер түзелсе екен деп дұға етудеміз. 10  Сондықтан Иеміз маған күйретуге емес, нығайтуға берген билікті қастарыңда болғанда қатаң қолдануға мәжбүр болмауым үшін+, бұларды өздеріңнен алыста жүргенде жазып отырмын. 11  Сонымен, бауырластар, қуана беріңдер, түзеле беріңдер, жігер ала беріңдер+, әрдайым ойларың бір жерден шықсын+, тату өмір сүріңдер+. Сонда сүйіспеншілік пен тыныштықтың Құдайы+ сендермен бірге болады. 12  Бір-біріңді бауырластық сүйіспеншілікпен сүйіп амандасыңдар. 13  Қасиеттілердің бәрі сендерге сәлем жолдауда. 14  Барлығың да Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы мен Құдайдың сүйіспеншілігіне кенеліңдер, киелі рухқа үлестес болыңдар.

Сілтемелер