Әйүп 33:1—33

  • Елихудің өзін әділмін деп есептейтін Әйүпті түзетуі (1—33)

    • Төлем табылды (24)

    • Балғын шағындағы күш-жігері қайта оралсын (25)

33  Ал енді, Әйүп, маған құлақ түріп,Айтқан сөздерімді түгел тыңдаңыз.   Міне, мен сөйлеуге аузымды аштым,Тілімнің тиегін ағыттым.   Сөздерім жүрегімнің әділдігін паш етсін+,Білгенімді таза көңілден айтайын.   Мені Құдайдың рухы жаратты+,Құдірет Иесінің* демі өмір берді+.   Қолыңыздан келсе, жауап беріңіз,Уәжді сөзіңізді айтыңыз, дайын болыңыз.   Міне, Құдайдың алдында мен де өзіңіз сияқтымын,Мен де балшықтан қалыптастырылдым+.   Сондықтан менен қорқудың қажеті жоқ,Сізді қыспаққа да алмақ емеспін.   Бірақ мен айтқандарыңызды естідім,Иә, мына сөздеріңізді тыңдап отырдым:   “Мен сүттен ақ, судан тазамын,Кінәратсызбын+! 10  Әйтсе де Құдай сылтау тауып, маған қарсы шықты,Ол мені жау көреді+. 11  Аяғымды бұғаулап тастады,Жолдарымды бағып жүреді+”. 12  Бірақ бұныңыз дұрыс емес, себебі: Құдай пендеден әлдеқайда жоғары+. 13  Оған неге шағымданасыз+? Ешбір сұрағыңызға жауап бермегендіктен бе+? 14  Құдай бір рет айтады, сосын тағы айтады,Бірақ бұған ешкім ден қоймайды. 15  Жұрт төсектеріне жатып,Терең ұйқыға батқанда,Ол түске еніп, аян береді+. 16  Сосын құлақтарын ашып+,Тәлімін мөр басқандай бекітіп береді. 17  Осылайша адамды жаман қылығынан қайтарады+,Өркөкіректіктен де сақтайды+. 18  Құдай оның жанын* ордан* құтқарады+,Өмірін семсерден аман алып қалады. 19  Адам төсегінде жатып қиналу арқылы,Сүйектерінің тынымсыз сырқырауы арқылы да түзетіледі. 20  Осындай өмір оны наннан жирентеді,Тіпті дәмді астан да бас тартқызады+. 21  Оның бойынан еті қашып,Бұрын көрінбеген сүйектері шодырайып тұрады. 22  Жаны* орды* жағалайды,Ол өлімге ұшыратушыларға таяйды. 23  Ал егер оған ненің әділ екенін айтып,Мыңның ішінен сөзін сөйлейтінБір хабаршы* табылса, 24  Құдай оған ықыласын түсіріп: —Оны орға* түсірмей, аман алып қалыңдар+! Мен төлем таптым+! 25  Денесі жас кезіндегіден де уылжып тұрсын+,Балғын шағындағы күш-жігері қайта оралсын+!— дейді. 26  Ол Құдайға жалбарынғанда+, дұғасы қабыл алынады,Шат-шадыман болып, оның жүзін көреді,Ал Құдай пенде үшін өз әділдігін қайта орнатады. 27  Сонда ол: —Мен күнә жасап+, әділдікті бұрмаладым,Алайда мұның тиісті жазасын тартпадым*. 28  Ол жанымды* орға* түсірмей, құнымды өтеді+,Енді өмір сүре беремін,— деп жұртқа жар салады. 29  Иә, Құдай мұның бәрін адам үшінЕкі рет, тіпті үш рет істейді. 30  Осылайша оған өмір нұрын төгу үшін,Оны ордан* қайтарып алады+. 31  Назар салыңыз, Әйүп! Мені тыңдаңыз! Үндемей отыра тұрыңыз, мен айта түсейін. 32  Егер айтар сөзіңіз болса, айтыңыз,Сөйлеңіз, өйткені мен әділдігіңізден таймағаныңызды қалаймын. 33  Ал айтарыңыз болмаса, мені тыңдап,Үнсіз отыра тұрыңыз, мен сізді даналыққа үйретейін”.

Сілтемелер

Немесе “Құдіреті шексіз Құдайдың”.
Немесе “көрден”.
Немесе “өмірін”. Түсіндірмедегі “Жан” сөзін қараңыз.
Немесе “өмірі”. Түсіндірмедегі “Жан” сөзін қараңыз.
Немесе “көрді”.
Немесе “періште”.
Немесе “көрге”.
Мүмкін: “Алайда мұның еш пайдасын көрмедім”.
Немесе “өмірімді”. Түсіндірмедегі “Жан” сөзін қараңыз.
Немесе “көрге”.
Немесе “көрден”.