Әйүп 34:1—37

  • Елихудің Құдайдың әділдігі мен оның жолдарын қорғап сөйлеуі (1—37)

    • Әйүп: “Құдай мені әділдіктен айырды” (5)

    • Шынайы Құдай ешқашан зұлымдық жасамайды (10)

    • Әйүптің білімі жоқ (35)

34  Елиху сөзін жалғап былай деді:   “Данышпандар, сөзіме құлақ түріңіздер,Білімпаздар, мені тыңдаңыздар.   Өйткені сөзді құлақ,Дәмді тіл ажыратар.   Кәне, өзіміз үшін ненің дұрыс екенін бағамдап,Ненің жақсы екенін шешіп алайық.   Себебі Әйүп: —Мен ақпын+,Бірақ Құдай мені әділдіктен айырды+.   Әділ сотқа қақым бар екені өтірік пе?! Еш қылмысым болмаса да, жарам жазылмастай қатерлі+,— деді.   Мазақ сөзді судай сіміретін,Әйүптей адам бар ма екен?   Ол қиянатшылдардың серігі,Зұлымдармен де аралас-құралас+.   Өйткені: —Құдайға ұнамды болуданАдамға келер еш пайда жоқ!— дейді+. 10  Ендеше, көзі ашық, көкірегі ояу кісілер, тыңдаңыздар! Құдайдың зұлымдық жасауы,Құдірет Иесінің* жамандыққа баруы мүмкін емес+! 11  Себебі ол адамға ісіне қарай қарымтасын береді+,Жүрген жолдарының салдарын алдына келтіреді. 12  Иә, Құдай зұлымдық жасамайды+,Құдірет Иесі әділдікті бұрмаламайды+! 13  Кім оның қолына Жерді тапсырып еді? Кім дүниежүзінің үстінен тағайындап еді? 14  Егер ол адамзатқа назар салып,Рухы мен демін өзіне алса+, 15  Адам атаулы құрып кетіп,Адамзат топыраққа қайта оралар еді+. 16  Ендеше, түсінігіңіз бар болса, мынаған ден қойып,Сөзімді мұқият тыңдаңыз: 17  Әділдікті жек көретін кісіге билік беріле ме? Мансапты адам әділ болса, оны айыптар ма едіңіз? 18  Патшаға “Түкке тұрғысыз адамсың!”,Ақсүйектерге “Зұлымсыңдар!” дер ме едіңіз+? 19  Құдайдың бекзадаларға бүйрегі бұрмайды,Байды да кедейден жоғары қоймайды+,Өйткені олардың бәрі де өз қолынан шыққан+. 20  Олар қас қағымда көз жұмып+, түн ортасында өледі+,Дірдек қағып, дүниеден өтеді,Тіпті мықтылар да құрып кетеді, бірақ бұл адамның қолымен болмайды+. 21  Себебі Құдай адамның жолдарын бақылап отырады+,Әрбір қадамы оның көз алдында. 22  Жамандық жасаушылар оданҚараңғы жерде де, қара түнекте де жасырына алмайды+. 23  Өйткені Құдай ешбір адамның сотталу үшінАлдына келетін уақытын белгілемейді. 24  Мықтыларды тергеусіз-ақ құртып жіберіп,Орындарына басқаларды қояды+. 25  Себебі жасап жатқан істерін біледі+,Оларды бір түнде құлатып, күйретеді+. 26  Зұлымдықтары үшінКүллі жұрттың көзінше сұлатып салады+. 27  Олар Құдайға ермей, теріс бұрылып кетті+,Жолдарының бәріне немкетті қарайды+, 28  Сондықтан жарлы Құдайға жалбарынады,Қысым көргендердің зары оның құлағына жетеді+. 29  Құдай үнсіз болуды шешсе, оны кім айыптай алады? Жүзін жасырса, кім көре алады? Мейлі, күллі халықтан не бір адамнан жасырсын, еш айырмасы жоқ. 30  Ол мұны құдайдан безген* адам билік құрмасын+,Халық торға шырмалмасын деп істейді. 31  Себебі кім Құдайға: —Еш кінәм болмаса да, жазаланып жатырмын+; 32  Көре алмай тұрғанымды көрсетші;Ағаттық жасасам, енді қайтып қайталамаймын,— дей алады? 33  Сіз Құдайдың шешімінен бас тартып отырғанда,Ол қарымтаңызды өзіңіз күткендей қайтару керек пе? Мұны мен емес, сіз шешуіңіз керек. Ендеше, білген-түйгеніңізді айтыңыз. 34  Көзі ашық, көкірегі ояу кісілердің,Сөзімді естіген данышпандардың бәрі, маған: 35  —Әйүп білімі жоқ бола тұра, айтады+,Түсінігі жоқ бола тұра, сөйлейді,— дейді. 36  Әйүп барынша сыналса ғой*,Өйткені ол зұлымдар сияқты жауап береді, 37  Күнә жасауымен қоймай, бүлік шығаруда+,Алдымызда мысқылдай қол соғып,Құдайға қарсы сөздерді жаудырып отыр+!”

Сілтемелер

Немесе “Құдіреті шексіз Құдайдың”.
Немесе “жолдан тайған”.
Мүмкін: “Әке, Әйүп барынша сыналса ғой”.