2-СҰРАҚ
Құдайды қалай танып-білуге болады?
“Осы Заң кітабындағы сөздерді аузыңнан тастама, әрі мұқият орындау үшін күндіз-түні соларды күбірлеп оқы. Сонда әрқашан жемісті болып, даналықпен әрекет етесің”.
“Олар Құдай Заңы жазылған кітапты дауыстап оқып, анық етіп түсіндіріп, мәнін ашып беріп тұрды. Осылай адамдарға оқылып жатқан сөздерді ұғынуға көмектесті”.
“Зұлымдардың кеңесімен жүрмейтін... адам неткен бақытты! Ол Ехобаның заңынан қуаныш табады, Оның заңын күні-түні күбірлеп оқиды... Оның әрбір ісі сәтті болады”
.
“Күймеге жақындағанда, Філіп әлгі кісінің Ишая пайғамбардың жазбасын дауыстап оқып отырғанын естіп: “Оқығандарыңызды түсініп жатырсыз ба?”— деп сұрады. Ол: “Ешкім үйретпесе қалай түсінейін?”— деді”.
“Оның көзге көрінбейтін қасиеттері — мәңгілік күші мен құдайлық болмысы — дүние жаратылғаннан бері айқын. Бұларды оның жаратылыстарынан көріп, түсінуге болады, сондықтан олар Құдайды біле алмадық деп еш ақтала алмайды”.
“Осылар туралы ой жүгірт, өзіңді соларға арна, осылайша жетістіктерің жұрттың бәріне анық көрінетін болсын”.
“Сүйіспеншілікке және игі істерге талпындыру үшін, бір-бірімізге көңіл бөлейік... жиналыстарға бармай қалуды әдетке айналдырмайық”.
“Қайсыбіреуіңе даналық жетпей жатса, жомарттықпен әрі еш жазғырмай бере салатын Құдайдан сұрай берсін, сонда оған беріледі”.