8-БӨЛІМ
Киелі кітапта алдын ала айтылған нәрселер орындалады
Киелі кітап өткен оқиғаларды шынайы суреттеп қана қоймайды, болашақ жөнінде де айтады. Адамдар болашақты болжай алмайды. Сондықтан біз Киелі кітаптың Құдайдан екенін білеміз. Ол болашақ жөнінде не айтады екен?
Ол Жаратқан Иенің ұлы соғысының болатынын хабарлайды. Бұл соғыста Құдай жер бетін зұлымдықтан және жаман адамдардың бәрінен тазартады, бірақ ол өзіне қызмет ететіндерді аман алып қалады. Құдай тағайындаған Патша Иса Мәсіх адамдардың бейбіт те бақытты өмір кешуінің әрі ешқашан ауырмауының және өлмеуінің қамын жейтін болады.
Жаратқан Иенің қайта жұмақ орнататыны біз үшін қуаныш емес пе? Дегенмен біз осы жұмақта өмір сүргіміз келсе, қандай да бір әрекет істеуіміз керек. Осы кітаптың соңғы әңгімесінен Құдайдың өзіне қызмет ететін адамдар үшін дайындаған ғажап батасына ие болу үшін не істеуіміз керек екенін білеміз. Сондықтан СЕГІЗІНШІ бөлімді оқы да, Киелі кітаптың болашақ туралы не айтатынын біл.
БҰЛ САНАТТА
114-ОҚИҒА
Зұлымдық атаулының жойылуы
115-ОҚИҒА
Жер бетіндегі жаңа жұмақ
116-ОҚИҒА