Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

1-САБАҚ

Ехоба куәгерлері деген кімдер?

Ехоба куәгерлері деген кімдер?

Дания

Тайвань

Венесуэла

Үндістан

Сіз Ехоба куәгерлерімен таныссыз ба? Олардың кейбірі сіздің көршіңіз, әріптесіңіз не сыныптасыңыз болуы мүмкін. Бәлкім, олардың кейбірімен Киелі кітап жайлы сөйлескен де шығарсыз. Ехоба куәгерлері шын мәнінде кімдер? Неліктен олар басқаларға өз сенімдері жайлы айтады?

Біз кәдімгі, қарапайым адамдармыз. Біздің шыққан ортамыз бен әлеуметтік жағдайымыз әртүрлі. Кейбіріміз бұрын басқа дінді ұстансақ, өзгелеріміз Құдайға мүлдем сенбеген едік. Алайда Ехоба куәгері болмас бұрын, әрқайсысымыз Киелі кітаптың ілімдерін мұқият зерттедік (Елшілердің істері 17:11). Ал білгендеріміздің шындық екеніне көз жеткізген соң, Ехоба Құдайға ғибадат етуді шештік.

Киелі кітапты зерттеудің игілігін көрудеміз. Айналамыздағы адамдар сияқты біз де өз қиындықтарымызбен және кемшіліктерімізбен күресеміз. Алайда Киелі кітаптағы кеңестерді күнделікті өмірде қолданғанымыздың арқасында өміріміз әлдеқайда жақсара түсті (Зәбүр 128:1, 2). Өзгелермен Киелі кітаптағы құнды біліммен бөлісуіміздің бір себебі де осы.

Біз Құдай үйреткен құндылықтар бойынша өмір сүреміз. Киелі кітапта жазылған бұл құндылықтар өмірімізді жақсартуға, өзгелерді құрметтеуге және шыншыл да мейірімді болуға көмектеседі. Сондай-ақ олар қоғамға пайдасы тиетін салауатты адамдар болуға, отбасын нығайтуға және моральдық нормаларды ұстануға талпындырады. Біз “Құдайдың ешкімді алаламайтынына” кәміл сенеміз, сондықтан да ұлтшылдық пен саяси алалаушылықты білмейтін дүниежүзілік бауырластықты құраймыз. Кәдімгі, қарапайым адамдар болсақ та, біз бірегей халықтың мүшелері болып табыламыз (Елшілердің істері 4:13; 10:34, 35).

  • Ехоба куәгерлерінің басқалар сияқты кәдімгі адамдар екені неден көрінеді?

  • Куәгерлер Киелі кітапты зерттегеннің арқасында қандай құндылықтарды үйренді?