Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

76-ТАРАУ

Иса ғибадатхананы тазартты

Иса ғибадатхананы тазартты

Б. з. 30 жылы көктемде Иса Иерусалим қаласына келді. Қалаға бұл кезде Құтқарылу мейрамын өткізу үшін көп адам жиналған еді. Олар мейрам кезінде ғибадатханада құрбандыққа мал шалатын. Кейбір адамдар малды өздерімен бірге әкелетін. Ал кейбіреулер малды Иерусалимге келгенде сатып алатын.

Иса ғибадатханаға келгенде, мал сатып отырған сатушыларды көрді. Олар Ехобаның ғибадатханасында ақша жасап отыр екен! Бұған Иса қатты ашуланды. Ол арқаннан қамшы жасап алып, қойлар мен сиырларды ғибадатханадан қуып шығарды. Ал ақша айырбастаушылардың үстелдерін төңкеріп, тиындарын шашып тастады. Сосын Иса көгершін сатып отырған адамдарға былай деді: “Мыналарыңды бұл жерден алып кетіңдер! Әкемнің үйін базарға айналдырмаңдар!”

Ғибадатханадағы адамдар Исаның не істегенін көріп таңғалды. Сол кезде шәкірттердің есіне Мәсіх жайлы бір пайғамбарлық түсті. Ол пайғамбарлықта: “Мен Ехобаның үйін жан-тәніммен жақсы көретін боламын”,— делінген еді.

Кейін Иса б. з. 33 жылы ғибадатхананы екінші рет тазартты. Ол адамдардың Ехобаның үйін қорлауына жол бермеді.

“Сендер Құдайға және байлыққа бірдей қызмет ете алмайсыңдар” (Лұқа 16:13).