ҮШІНШІ ТАРАУ
Құдайдың жерге қатысты ниеті қандай?
-
Құдайдың адамзатқа қатысты ниеті қандай?
-
Қалай Құдайға қарсылық көрсетілді?
-
Болашақта жер бетінде өмір қандай болады?
1. Құдайдың жерге қатысты ниеті қандай?
ҚҰДАЙДЫҢ жерге қатысты ниеті шынымен керемет. Ехоба жер бетінің бақытты әрі денсаулығы мықты адамдарға толғанын қалайды. Киелі кітапта “Ехоба Құдай Едем деген жерде бақ өсіріп, көз тартымды, жемісі жеуге жақсы ағаштар өсіріп шығарғаны” айтылған. Осыдан кейін Құдай алғашқы еркек пен әйел Адам мен Хауаны жаратып, сол жерге орналастырады да, оларға: “Өсіп-өніп көбейіңдер! Ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар, әрі оні өңдеңдер”,— дейді (Мұсаның 1-жазбасы 1:28; 2:8, 9, 15). Осылайша Құдайдың еркіне сай, адамдар балалы болып, өздерінің үйі болған бақты кеңейтіп, бүкіл жер бетін жұмаққа айналдыру және жануарларға қамқорлық ету керек-тін.
2. а) Құдайдың жерге қатысты ниеті орындалатынын біз қайдан білеміз? ә) Адамдардың мәңгі өмір сүретініне қатысты Киелі кітапта не айтылған?
2 Қалай ойлайсың, Ехоба Құдайдың адамдардың жер бетіндегі жұмақта тұруына қатысты ниеті орындала ма? Ол: “Айтқанымды міндетті түрде орындаймын”,— дейді (Ишая 46:9—11; 55:11). Иә, Құдай өз ниетін міндетті түрде орындайды! Сондай-ақ ол “[жерді] бекерден-бекер емес, мекендеу үшін жаратқанын” айтты (Ишая 45:18). Құдай жерде қандай адамдардың және қанша уақыт тұрғанын қалайды? Бұл сұраққа Киелі кітап жауап береді: “Әділдер жерді мұра етіп, онда мәңгі бақи өмір сүреді” (Зәбүр 37:29; Аян 21:3, 4).
3. Жер бетінде қандай қайғылы жағдай орнаған және осыған орай қандай сұрақтар туындайды?
3 Рас, бұл сөздер әлі жүзеге асқан жоқ. Қазір адамдар ауырады әрі өледі. Олар тіпті бір-бірімен соғыстар жүргізіп, бір-бірін өлтіріп жатады. Мұнда қандай да бір кілтипан бар. Алайда Құдай жердегі жағдайдың бүгінде өзіміз көріп отырғандай болғанын қаламағаны анық. Онда неге бұлай болды екен? Құдайдың ниеті неге әлі орындалған жоқ? Бұл жайында тарихи кітаптардың ешқайсысында жазылмаған, өйткені мәселе көктен бастау алған.
ДҰШПАННЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
4, 5. а) Негізінде, жылан арқылы Хауамен кім сөйлесті? ә) Қалай бір кездері адамгершілігі бар әрі адал болған адам ұрыға айналуы мүмкін?
4 Киелі кітаптың алғашқы кітабында Едем бағында Құдайға қарсы шыққан дұшпан жөнінде әңгімеленеді. Дұшпан “жылан” ретінде бейнеленеді, бірақ әңгіме жай ғана хайуан жөнінде болып отырған жоқ. Киелі кітаптың соңғы кітабында оған “бүкіл жержүзін адастырып жүрген Ібіліс әрі Шайтан” деген анықтама берілген. Сондай-ақ ол “ежелгі жылан” деп аталады (Мұсаның 1-жазбасы 3:1; Аян 12:9). Шебер қуыршақшының өзі емес, қуыршақ сөйлеп жатқандай етіп көрсететіні сияқты осы құдіретті періште — көзге көрінбейтін жаратылыс — жылан арқылы Хауамен сөйлеседі. Құдай жер бетін адамдарға дайындап жатқанда, сол рухани тұлғаның бар болғандығында сөз жоқ (Әйүп 38:4, 7).
5 Алайда Ехобаның жаратылыстарының бәрі кемелді ғой, онда Ібілісті, сол Шайтанды, кім жаратты? Қарапайым сөздермен айтар болсақ, Құдайдың құдіретті рухани Жақып 1:13—15 оқы).
ұлдарының бірі Ібіліске айналды. Бұлай болуы мүмкін бе? Бүгінде бір кездері адамгершілігі мол әрі адал болған адамның ұры болып кетуі мүмкін екенімен келісеміз ғой. Әдетте бұл қалай болады? Адам жүрегінде бұрыс ниеттің ұялауына жол беруі мүмкін. Егер ол сол туралы ойлай берсе, бұрыс ниеті санасын билеп алып, орайы келгенде, ол ойлап жүрген ісін жүзеге асыруы мүмкін (6. Қалай Құдайдың құдіретті рухани ұлдарының бірі Ібіліс Шайтанға айналды?
6 Ібіліс Шайтанның жағдайында осылай болды. Ол Құдайдың Адам мен Хауаға балалы болып, өсіп-өніп, жер бетін толтыруды тапсырғанын естісе керек (Мұсаның 1-жазбасы 1:27, 28). Сонда ол: “Неге сол адамдардың бәрін Құдайға емес, өзіме ғибадат еткізбеске!?”— деп ойлаған болу керек. Осылайша оның жүрегіне арам ниет ұялады. Ақырында ол әрекетке көшіп, Хауаға Құдай туралы жалған сөздер айтады (Мұсаның 1-жазбасы 3:1—5 оқы). Сондықтан ол грек тілінде “Өтірікші” дегенді білдіретін Ібіліске және еврей тілінде “Қарсылас” дегенді білдіретін Шайтанға айналды.
7. а) Адам мен Хауа неге өлді? ә) Неге Адам атаның ұрпақтарының бәрі қартаяды және өледі?
7 Өтірік пен қулықты қолданып, Ібіліс Шайтан Адам мен Хауаның Құдайға мойынсұнбауына түрткі болды (Мұсаның 1-жазбасы 2:17; 3:6). Құдайдың тілазар болсаңдар өлесіңдер деп ескерткеніндей, олар мойынсұнбаушылықтың кесірінен ақырында өлді (Мұсаның 1-жазбасы 3:17—19). Адам ата күнә жасап, кемелділігінен айырылғандықтан, ұрпақтарының бәрі күнәні мұра етті (Римдіктерге 5:12 оқы). Мұны былай түсіндіруге болады: егер нан пісіретін қалыптың ішкі жағында майысқан жері болса, оған салып пісірілген нанның бәрі шұқыры бар, немесе былайша айтқанда кемелсіз, болады. Сол сияқты әрбір кісі Адам атадан кемелсіздіктің “шұқырын” мұра еткен. Сол себепті барлық адам қартаяды және өледі (Римдіктерге 3:23).
8, 9. а) Шайтан қандай дау көтерген болу керек? ә) Неге Құдай бүлікшілерді бірден жойып жібермеді?
8 Адам мен Хауаның күнә жасауына түрткі болуымен, Шайтан Құдайға қарсы бүлік шығарды. Ол Ехобаның билігін дауға салды. Былайша айтқанда, Шайтан: “Құдай
— жаман билеуші. Ол қол астындағыларына өтірік айтып, бір жақсы нәрсені жасырып отыр. Адамдар Құдайдың билік етуіне мұқтаж емес. Олар ненің жақсы, ненің жаман екенін өздері-ақ шеше алады. Оларға менің билік еткенім жақсы”,— деді. Осындай арсыз жалаға Құдай қалай жауап бермек еді? Кейбіреулер: “Құдай бүлікшілерді өлтіре салу керек еді”,— деп ойлайды. Бірақ мұнымен Шайтан көтерген дау шешілер ме еді? Құдайдың билік ету жолының дұрыс екені дәлелденер ме еді?9 Ехобаның кемелді әділдік сезімі бүлікшілерді бірден өлтіре салуға жол бермес еді. Ол Шайтан көтерген дау қанағаттандырарлықтай шешілуі және Ібілістің өтірікші екені дәлелденуі үшін уақыт қажет деп ұйғарды. Сондықтан адамдарға Шайтанның ықпалында болып, өз-өздерін басқаруға рұқсат етті. Ехобаның неге бұлай еткені және даудың шешілуіне неге сонша көп уақыт бергені 11-тарауда талқыланады. Ал қазір келесі жайт жөнінде ойланып көрейік: Адам мен Хауаның өздеріне ешқандай игілік істемеген Шайтанға сенгендері дұрыс болды ма? Ал өздерінде бар нәрселердің бәрінің қайнар көзі Ехоба залым өтірікші дегенге сенгендері ше? Сен кімге сенер едің?
10. Қалай сен Ехобаның жағына шыға аласың?
10 Осы сұрақтардың үстінен ой жүгірткеніміз дұрыс, өйткені аталмыш даудың әрқайсымызға қатысы бар. Иә, сен Ехобаның жағына шығып, Шайтан көтерген даудың жоққа шығарылуына үлес қоса аласың. Сен Ехобаны Билеушің ретінде мойындап, Шайтанның өтірікші екенін көрсетуіңе болады (Зәбүр 73:28; Нақыл сөздер 27:11 оқы). Бір өкініштісі, дүниедегі миллиардтаған адамдардың азғанасы ғана осылай етуді шешкен. Осыған орай: “Шындығында Киелі кітап осы дүниені билеп отырған Шайтан деп үйрете ме?”— деген сұрақ туындайды.
ДҮНИЕНІ КІМ БИЛЕП ОТЫР?
11, 12. а) Шайтанның Исаны сынағанынан оның осы дүниені билеп отырғаны қалай көрінеді? ә) Шайтанның осы дүниенің билеушісі екенін көрсететін тағы қандай дәлелдер бар?
11 Иса Шайтанның осы дүниенің әміршісі екеніне еш күмәнданбаған. Бірде қандай да бір керемет жолмен Шайтан Исаға бүкіл билігі мен “сән-салтанатын көрсетеді”. Сосын: “Егер алдыма жығылып, маған бір рет табынсаң, осының бәрін саған беремін”,— деп уәде етеді (Матай 4:8, 9; Лұқа 4:5, 6). Ойлап көрші, Шайтан сол мемлекеттердің әміршісі болмаса, оның ұсынысы Иса үшін сынақ болар ма еді? Иса солардың бәрі Шайтандікі екенін жоққа шығармаған. Оларды Шайтан билеп тұрмаған болса, Иса сөзсіз солай етер еді.
12 Әрине, керемет Әлемнің Жаратушысы құдіретті Құдай Ехоба (Аян 4:11). Сөйтсе де Киелі кітаптың еш жерінде Ехоба Құдайдың дүниені билеп отырғандығы жөнінде айтылмаған. Иса “осы дүниенің билеушісі” Шайтан екенін нақты айтқан (Жохан 12:31; 14:30; 16:11). Киелі кітапта Ібіліс Шайтанның тіпті “осы дүниенің құдайы” екендігі айтылған (Қорынттықтарға 2-хат 4:3, 4). Осы қарсылас туралы елші Жохан: “Бүкіл дүние Шайтанның билігінде”,— деп жазды (Жоханның 1-хаты 5:19).
ШАЙТАННЫҢ ДҮНИЕСІ ЖОЙЫЛАДЫ
13. Не себепті жаңа дүние орнату қажет?
13 Жыл өткен сайын, дүниедегі жағдай ушығып барады. Қайда қарасаң да адамдар соғыстан, арамза саясаткерлерден, екіжүзді дінбасылардан, тас жүрек қылмыскерлерден жапа шегуде. Бүкіл дүниені өзгертіп жіберу мүмкін емес. Киелі кітапта болса Армагеддон шайқасында Құдайдың зұлымдарды жоятын кезі жақын екені айтылған. Ал бұл қазіргі дүниенің орнына әділ жаңа дүниенің орнауына жол ашады (Аян 16:14—16).
14. Құдай өз Патшалығына кімді билеуші етіп тағайындады және қалай бұл алдын ала айтылған еді?
Ишая 9:6, 7). Иса шәкірттерін сол үкімет жөнінде былай деп дұға етуді үйреткен: “Сенің Патшалығың келсін! Сенің еркің көктегідей жер бетінде де орындалсын!” (Матай 6:10). Кейінгі тараулардан көретініміздей, көп ұзамай Құдай Патшалығы осы дүниедегі үкіметтердің бәрін жойып, орнына тек өзі билік етеді (Даниял 2:44 оқы). Сосын, жер бетінде жұмақ орнатады.
14 Ехоба Құдай Иса Мәсіхті көктегі Патшалығына, немесе үкіметіне, билеуші етіп тағайындады. Ұзақ уақыт бұрын Киелі кітапта келесі сөздер алдын ала айтылған еді: “Біз үшін бала туылды, бізге ұл бала сыйға берілді! Оның мойнына билік құру міндеті жүктелді: Есімі оның... Тыныштық бекзадасы болады. Билігі кең жайылады, сонда мәңгілік бойы тыныштық орнайды” (ЖАҢА ДҮНИЕ ЖАҚЫН!
15. “Жаңа жер” деген нені білдіреді?
15 Киелі кітап бізді мынаған сендіреді: “Ал біз оның уәдесіне сай, әділдік орнайтын жаңа аспан мен жаңа жерді күтудеміз” (Петірдің 2-хаты 3:13; Ишая 65:17). Мұндағы “жер” деген сөз онда өмір сүріп жатқан адамдарды білдіреді. Сондықтан әділ “жаңа жер” — Құдайға ұнамды жаңа қоғам.
16. Құдайға ұнамды болғандар қандай теңдесі жоқ сый алады және оған ие болу үшін не істеу керек?
16 Иса Құдайға ұнамды болғандарға алдағы жаңа дүниеде “мәңгілік өмір” сыйға берілетінін уәде еткен (Марқа 10:30). Киелі кітабыңнан Жохан 3:16 мен 17:3-ті ашып, мәңгілік өмірге ие болу үшін не істеу керектігіне қатысты Исаның айтқан сөздерін оқып көрші. Ал енді жер бетінде орнайтын жұмақта өмір сүретіндерді қандай баталар күтіп тұрғанын қарастырып көрейік.
17, 18. Бүкіл жер бетінде тыныштық пен қауіпсіздік болатынына қалай сенімді бола аламыз?
17 Зұлымдық, соғыс, қылмыс және зорлық-зомбылық Зәбүр 37:10, 11). Бейбітшілік орнайды, өйткені Құдай “күллі жержүзіндегі соғыстарды тоқтатады” (Зәбүр 46:9; Ишая 2:4). “Аспанда ай тұрған кездің бәрінде”, яғни мәңгілік бойы, әділдер гүлдей жайнап, тыныштық салтанат құрады! (Зәбүр 72:7).
болмайды. “Көп ұзамай зұлымдар жоқ болады... Ал момын адамдар жерді мұра етеді” (18 Ехобаның қызметшілері қауіпсіздікте өмір сүреді. Ежелде исраилдіктер Құдайға мойынсұнып жүрген кездің бәрінде қауіпсіз өмір сүрген (Мұсаның 3-жазбасы 25:18, 19). Жұмақта да осындай қауіпсіздіктің орнайтыны қандай керемет! (Ишая 32:18 оқы; Миха 4:4).
19. Неге Құдайдың жаңа дүниесінде азық-түлік мол болады дей аламыз?
19 Азық-түлік тапшылығы болмайды. Зәбүр жыршысы: “Жер бетінде астық мол шығады, таулардың басында да ағыл-тегіл болады”,— деп жырлаған (Зәбүр 72:16). Ехоба Құдай әділдерге батасын төгіп, “жер өз өнімін береді” (Зәбүр 67:6).
20. Бүкіл жер бетінің жұмаққа айналатынына неге сенімді бола аламыз?
20 Бүкіл жер беті жұмаққа айналады. Бір кездері күнәкар адамзат бүлдіріп тастаған жерде әсем үйлер салынып, жайқалған бақтар отырғызылады (Ишая 65:21—24 оқы; Аян 11:18). Уақыт өте келе бүкіл жер беті Едем бағы іспетті әдемі әрі құнарлы болады. Ал Құдай әрқашан алақанын ашып, барша тіршілік иелерінің қажетін беретін болады (Зәбүр 145:16).
21. Адамдар мен жан-жануарлар арасында тыныштық орнайтыны неден көрінеді?
21 Адамдар мен жан-жануарлар арасында тыныштық орнайды. Жабайы аңдар мен үй жануарлары бірге жайылатын болады. Қазір қауіпті болып есептелетін аңнан тіпті кішкентай бала да қорықпайтын болады (Ишая 11:6—9 оқы; 65:25).
22. Ауру атаулымен не болады?
Матай 9:35; Марқа 1:40—42; Жохан 5:5—9). Сонда ешкім “мен науқаспын” демейтін болады (Ишая 33:24; 35:5, 6).
22 Ауру атаулы болмайды. Құдайдың көктегі Патшалығының Билеушісі ретінде Иса жерде болған кезінен әлдеқайда үлкен көлемде адамдарды ауруларынан айықтырады (23. Неге қайта тірілу жүрегімізді қуанышқа толтыратын болады?
23 Өмірден өткен сүйікті адамдарымыз қайта тірілтіліп, қайтып ешқашан өлмеуге үміті болады. Өлім ұйқысына кетіп, Құдайдың жадында сақталғандар қайта тіріледі. Иә, Киелі кітапта “әділдердің де, әділетсіздердің де қайта тірілтілетіні” туралы жазылған (Елшілердің істері 24:15; Жохан 5:28, 29 оқы).
24. Жер бетіндегі жұмақта өмір сүру мүмкін екендігі сенде қандай сезім оятады?
24 Ұлы Жаратушымыз Ехоба Құдай туралы білім алып, оған қызмет етуді шешкендерді қандай керемет болашақ күтіп тұр десеңші! Иса өзімен бірге шегеленген қарақшыға: “Менімен бірге жұмақта боласың!”— дегенде, жерде орнайтын жұмақ жөнінде айтқан (Лұқа 23:43). Құдайдың уәде еткен баталарының бәрі Иса Мәсіх арқылы жүзеге асады, сондықтан онымен танысқанымыз өте маңызды.