Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

3-САБАҚ

Киелі жазбаларға сенуге бола ма?

Киелі жазбаларға сенуге бола ма?

Киелі жазбаларда көптеген уәделер бар, іші ақыл-кеңеске де бай. Оның нені үйрететінін білгіңіз келгенімен, оған бірден сене қою қиын шығар. Шынында да, мұндай өте көне кітаптың уәделері мен ақыл-кеңестеріне сенуге бола ма? Киелі кітаптың қазіргі өмірде пайдасы бар екені рас па? Оның болашақ туралы айтқандарына шынымен сене аласыз ба? Миллиондаған адам бұған көз жеткізді. Сізді де көз жеткізуге шақырамыз.

1. Киелі кітап аңыз ба, әлде ақиқат па?

Киелі кітаптың өзінде айтылғандай, онда “шындық сөздері тура етіп жазылған” (Уағыздаушы 12:10). Оның ішінде өмірде болған оқиғалар мен адамдар жайлы баяндалады (Лұқа 1:3; 3:1, 2 оқыңыз). Киелі жазбалардағы елеулі оқиғалар мен даталардың, адамдар мен жерлердің дәл айтылғанын көптеген тарихшылар мен археологтар растаған.

2. Неге көне болса да, Киелі кітаптың құны жоғалмаған дей аламыз?

Киелі жазбаларда көп жайттар әлдеқайда ерте айтылып кеткен. Мысалы, онда ғылыми тақырыптар сөз етіледі. Киелі кітап жазылған заманда бұл тақырыптардың көбісі адам сенгісіз болып көрінген. Дегенмен қазіргі уақытта ғылым Киелі кітапта айтылғандардың дұрыстығын растайды. Иә, ондағы сөздер “әрқашан, тіпті мәңгі сенім артуға тұрарлық” (Зәбүр 111:8).

3. Неге Киелі кітаптың болашақ туралы айтқандарына сенуге болады?

Киелі кітапта “әлі болмаған жайттарды... алдын ала” айтатын пайғамбарлықтар * бар (Ишая 46:10). Тарихтағы көптеген оқиғаларды Киелі кітап ұзақ уақыт бұрын дәлме-дәл айтып кеткен. Біздің күніміздегі жағдайлар да онда бүге-шігесіне дейін сипатталған. Осы сабақта біз Киелі кітап пайғамбарлықтарының кейбіріне тоқталамыз. Олардың айтқаны дәл келгені адамды қайран қалдырады!

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Киелі кітап пен ғылымның қалай үйлесетінін көрейік. Сондай-ақ Киелі кітаптағы таңғалдырарлық бірнеше пайғамбарлықты қарастырайық.

4. Ғылым мен Киелі кітап үйлеседі

Ежелде адамдардың басым көпшілігі Жер шары бір нәрсенің үстінде тұр деп сенген. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріңіздер.

Осыдан 3500 жылдай бұрын Әйүп кітабында не делінгенін көріңіз. Әйүп 26:7 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • “Жерді ештеңесіз іліп қойды” деп жазылғаны неге таңғалдырады?

1800 жылдарға дейін адамзат жер бетіндегі су айналымы жайлы толық білмеген. Алайда Киелі кітапта мыңдаған жыл бұрын не айтылғанын көріңіз. Әйүп 36:27, 28 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Су айналымының осылай қарапайым түсіндірілгені сізді несімен қайран қалдырды?

  • Осы жазба орындары сіздің Киелі кітапқа деген сеніміңізді арттырды ма?

5. Тарихтағы елеулі оқиғалар алдын ала айтылған

Ишая 44:27—45:2 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Бабыл (Вавилон) қаласының құлауынан 200 жыл бұрын Киелі кітапта қандай мәлімет егжей-тегжейлі жазылған еді?

Персия патшасы Кир мен оның әскері б.з.б. * 539 жылы Бабыл қаласын жаулап алғанын тарих растайды. Олар қалаға қорғаныш болып тұрған өзеннің арнасын басқа жаққа бұрып жіберген. Сосын ашық қалған қала қақпасынан кіріп, оны шайқассыз-ақ басып алған. Содан 2500-ден аса жыл өтті. Бүгінде Бабыл қаласы үйінді болып жатыр. Бұл жайлы Киелі кітапта не айтылғанына назар аударыңыз.

Ишая 13:19, 20 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Осы пайғамбарлық қалай орындалды?

Қазіргі Ирак жеріндегі Бабыл үйіндісі

6. Бүгінгі жағдайлар айтылып кеткен

Киелі жазбаларда біздің заманымыз “соңғы күндер” деп аталған (Тімөтеге 2-хат 3:1). Осы кезең туралы не айтылғанын көріңіз:

Матай 24:6, 7 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Киелі кітапта соңғы күндері қандай жағдайлар болатыны айтылған?

Тімөтеге 2-хат 3:1—5 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Құдай Сөзінде соңғы күндері көп адамдар қандай мінез-құлық танытатыны айтылған?

  • Сіз солардың қайсыларын көріп жүрсіз?

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Киелі кітапқа сенуге болмайды, ол өзгертілген”.

  • Киелі кітапқа сенуге болатынына әсіресе не көзіңізді жеткізді?

ТҮЙІНДЕМЕ

Тарих та, ғылым да, пайғамбарлықтар да Киелі кітапқа сенуге болатынын растайды.

Қайталау

  • Киелі кітап ақиқат па, әлде аңыз ба?

  • Киелі кітаптың ғылыммен үйлесетініне қандай мысалдар бар?

  • Киелі кітап болашақты айта алады деп ойлайсыз ба? Неге?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Киелі кітапта ғылыми тұрғыдан қате мәліметтер бар ма?

“Ғылым Киелі кітаппен үйлесе ме?” (jw.org сайтындағы мақала)

Грекия дүниежүзілік державасы туралы Киелі кітап пайғамбарлықтары қалай жүзеге асқанын біліңіз.

“Пайғамбарлық сөзге” сеніміміз нық” (5:22)

Пайғамбарлықтар бір ер кісінің Киелі кітапқа деген көзқарасын қалай өзгерткенін оқып біліңіз.

“Мен Құдай жоқ деп өстім” (“Күзет мұнарасы” №5, 2017)

^ Пайғамбарлық дегеніміз — болашақта болатын оқиғалар туралы Құдайдан келген хабар.

^ Б.з.б. “біздің заманымыздан бұрынғы” дегенді, ал б.з. “біздің заманымыз” дегенді білдіреді.