Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

13-САБАҚ

Іс жүзіндегі пайдасын айқын көрсету

Іс жүзіндегі пайдасын айқын көрсету

Ишая 48:17

САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Тыңдаушыларға айтып жатқаныңыз өмірлеріне қалай әсер ететінін және оны іс жүзінде қалай қолдана алатынын түсіндіріңіз.

ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:

  • Тыңдаушылар жайлы ойлану. Сіз айтқалы жатқан мәліметті адамдар не себепті білу керектігі жайлы және тақырыбыңыздың қай тұсы олар үшін әсіресе пайдалы болатыны жайлы ойланып көріңіз.

  • Тыңдаушыларға не істеу керектігін айтып отыру. Сөзіңіз басталғанда-ақ әр тыңдаушы “бұл маған керек нәрсе екен” деген тоқтамға келуі тиіс. Әрбір негізгі ойды ашқан сайын, оны қалай қолдануға болатынын көрсетіңіз. Жалпылама сөйлеуден аулақ болыңыз.