15-САБАҚ
Сенімділікпен сөйлеу
Салоникалықтарға 1-хат 1:5
САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Айтып жатқаныңыздың рас екеніне әрі маңызды екеніне нық сенетініңізді көрсетіңіз.
ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:
-
Тыңғылықты дайындалу. Басты ойларды тауып, оларды Киелі кітап қалай растайтынын түсінгенше, мәліметті зерттеңіз. Ондағы негізгі ойларды қарапайым бір-екі ауыз сөзбен айтып көріңіз. Тыңдаушыларыңызға қай жағынан пайдалы болатынын ойлаңыз. Киелі рух сұрап дұға етіңіз.
-
Сенімділігіңізді көрсететін сөздерді қолдану. Жазылған мәліметті сөзбе-сөз қайталамай, өз сөзіңізбен айтып жеткізіңіз. Айтып жатқандарыңызға толық сенімді екеніңізді көрсететін сөздерді таңдаңыз.
-
Шын сенетініңізді көрсету. Даусыңызды жеткілікті деңгейде шығарыңыз. Оғаш көрінбесе, тыңдаушылардың көзіне қарап сөйлеңіз.