20-ТАРАУ
“Жерді мұралы үлестерге бөліңдер”
ОЙБАҒДАР: Жерді мұралы үлестерге бөлудің мағынасы
1, 2. а) Езекиел Ехобадан қандай тапсырма алды? ә) Біз қандай сұрақтарды қарастырамыз?
ЕЗЕКИЕЛ бұл аянды көргенде, сонау 900 жылдай бұрынғы Мұса мен Ешуаның кезін есіне алса керек. Сол уақытта Ехоба Мұсаға Уәде етілген жердің шегараларын белгілеп берген еді. Кейін ол Ешуаға сол жерді Исраил руларына бөліп беруді тапсырған болатын (Мұс. 4-ж. 34:1—15; Ешуа 13:7; 22:4, 9). Ал енді, б. з. б. 593 жылы, Ехоба Езекиел мен жер аударылған басқа яһудилерге Уәде етілген жерді руларға бөліп беруді қайтадан тапсырып отыр (Езек. 45:1; 47:14; 48:29).
2 Бұл аянның Езекиел мен оның жер аударылған бауырлары үшін қандай мәні болды? Неліктен бұл аян Құдайдың бүгіндегі халқы үшін жігердің көзі болып табылады? Ол болашақта кең көлемде орындала ма?
Төрт уәдеге кепілдік болған аян
3, 4. а) Жер аударылған яһудилер үшін Езекиелдің соңғы аяны қандай төрт уәдеге кепілдік болды? ә) Осы тарауда біз қандай уәде жайлы қарастырамыз?
3 Езекиелдің көрген соңғы аяны оның кітабының тоғыз тарауын қамтиды (Езек. 40:1—48:35). Жер аударылған яһудилер үшін бұл аян қалпына келетін Исраилмен байланысты төрт уәдеге кепілдік болды. Біріншісі — Құдайдың ғибадатханасында таза ғибадаттың қайтадан қалпына келуі. Екіншісі — отанына оралған халыққа әділ діни қызметкерлер мен бағушылардың жетекшілік етуі. Үшіншісі — Исраилге оралған барлық адамның мұралы жерден өз үлестерін алуы. Төртіншісі — Ехобаның қайтадан олармен бірге тұрып, араларында болуы.
4 Таза ғибадаттың қалпына келуі және халыққа әділ бағушылардың жетекшілік етуі жайлы алғашқы екі уәденің қалай орындалғанын осы басылымның 13, 14-тарауларында қарастырғанбыз. Үшінші уәде жайлы, яғни мұраға берілетін жер жайында біз осы тарауда қарастырамыз. Ал келесі тарауда Ехобаның өз халқының арасында болатыны жайлы төртінші уәдеге назар аударамыз (Езек. 47:13—21; 48:1—7, 23—29).
“Ол мұра ретінде сендерге тиді”
5, 6. а) Езекиелдің аянындағы мұраға берілетін жер қай жер еді? (Тараудың басындағы суретті қараңыз.) ә) Мұраға берілетін жер туралы аянның мақсаты неде еді?
5 Езекиел 47:14 оқыңыз. Аянда Ехоба Езекиелге жақында “Едем бағындай” болатын жерді көрсетті (Езек. 36:35). Сосын ол: “Исраилдің 12 руына мұра ретінде мына жерді бөліп беріңдер”,— деген нұсқау берді (Езек. 47:13). Халықтың еншісіне тиетін бұл жер қалпына келетін Исраил жері еді. Тұтқыннан азат болған соң яһудилер сол жерге оралмақ-тын. Кейін Ехоба осы жердің сыртқы шегаралары нақты қай жерлерден өтетінін тәптіштеп сипаттап берді. Бұл жайында Езекиел кітабының 47:15—21 тармақтарынан оқимыз.
6 Мұраға берілетін жер туралы бұл аянның мақсаты неде еді? Езекиел мен жер аударылған өзге яһудилер жердің шегаралары нақты белгіленгеніне қарап, сүйікті мекендерінің міндетті түрде қалпына келетініне сенімді болды. Сол жерді Ехобаның өзі тәптіштеп сипаттап бергені олардың жүректерін зор қуанышқа толтырса керек! Мұраға берілген сол жерді Құдайдың халқы шынымен иемденді ме? Иә.
7. а) Б. з. б. 537 жылы қандай оқиғалар орын ала бастады және олар нені еске салады? ә) Біз алдымен не нәрсеге көз жеткіземіз?
7 Езекиел осы аянды алғаннан кейін 56 жыл өткен соң, яғни б. з. б. 537 жылы тұтқындағы яһудилер мың-мыңдап Исраил еліне оралып, өз жерлерін иемдене бастады. Ежелде болып кеткен осынау тамаша оқиғалар біздің кезіміздегі жағдайды еске салады. Бүгіндегі Құдай халқы да тура солай мұралы жерді иемденді. Қай мағынада? Ехоба өз қызметшілерін рухани жерге алып кіріп, сол жерді олардың иелігіне берді. Сондықтан да біз ежелде Уәде етілген жердің қалай қалпына келгеніне қарап, бүгіндегі рухани жердің қалпына келуі жайлы көп нәрсе біле аламыз. Бұл жайлы қарастырмас бұрын, алдымен рухани жердің бүгінде шынымен бар екеніне көз жеткізіп алайық.
8. а) Ехоба кәдімгі Исраил халқын қандай халықпен алмастырды? ә) Рухани жер я рухани жұмақ деген не? б) Бұл жер қашан пайда болды және онда кімдер қоныс тепті?
Езек. 37:24). Ал “қызметшісі Дәуіт”, яғни Иса Мәсіх 1914 жылы Патша болды. Бұл кезде кәдімгі исраилдіктердің орнын рухани исраилдіктер, яғни рухпен майланған мәсіхшілерден тұратын Құдай халқы басқанына біраз уақыт болған еді (Матай 21:43; Петірдің 1-хаты 2:9 оқыңыз). Алайда Ехоба кәдімгі Исраил халқын рухани халықпен алмастырып қана қойған жоқ, ол кәдімгі Исраил жерін де рухани жермен, яғни рухани жұмақпен алмастырды (Ишая 66:8). Осы басылымның 17-тарауынан білгеніміздей, рухани жұмақ деп майланғандар тамтығы 1919 жылдан бері Ехобаға ғибадат ететін қауіпсіз әрі рухани көркейіп жатқан ортаны айтамыз (“Неге 1919 жыл?” деп аталатын 9Ә қоршауын қараңыз). Уақыт өте рухани жерге “басқа да қойлар”, яғни жерде өмір сүруге үміттенетін адамдар да қоныс тебе бастады (Жох. 10:16). Бұл рухани жұмақ бүгінде барған сайын көркейіп, кеңейіп жатса да, оның әкелетін баталарын толықтай тек Армагеддоннан кейін ғана көретін боламыз.
8 Осыған дейінгі аяндардың бірінде Ехоба Исраилдің қалпына келуі жайлы пайғамбарлықтар “қызметшісі Дәуіт” Патша болғаннан кейін ғана кең көлемде орындалатынын айтқан еді (Жерді теңдей бөлу
9. Ехоба жерді бөлуге қатысты егжей-тегжейлі қандай нұсқау берді?
9 Езекиел 48:1, 28 оқыңыз. Мұралы жердің сыртқы шегараларын белгілегеннен кейін, Ехоба оны қалай бөлу керектігін де егжей-тегжейлі түсіндірді. Ол 12 рудың мұралы жерлерін солтүстіктен оңтүстікке қарай теңдей етіп бөлуді бұйырды. Бұл жер солтүстіктегі Дан руының шегарасынан басталып, оңтүстіктегі Ғад руының шегарасымен аяқталды. 12 рудың үлесіне тиген жердің әрқайсысы шығыстағы сыртқы шегарадан бастап батыстағы Ұлы теңізге (Жерорта теңізіне) дейін көлденеңінен созылып жатты (Езек. 47:20; “Жерді үлестерге бөлу” деген қоршаудағы картаны қараңыз).
10. Аянның бұл тұсы жер аударылған яһудилерге қандай сенімділік берді?
10 Аянның бұл тұсы жер аударылған яһудилерге қандай сенімділік берді? Езекиел жердің үлестерге бөлінуін егжей-тегжейлі суреттеп бергенде, халық жердің бөлінуі болашақта асқан тәртіппен іске асатынын түсінсе керек. 12 рудың арасында жердің нақты-нақты бөлінуі тағы мынаған нық сендірді: тұтқындықтан оралған яһудилердің бәрі қайта қалпына келген жерден өз үлесін алатын болады. Араларында үйсіз-күйсіз жүретін ешкім болмайды.
11. Жердің үлестерге бөлінуі жайлы аян бізді қалай жігерлендіреді? (“Жерді үлестерге бөлу” деген қоршауды қараңыз.)
11 Бұл аян бүгінде бізді қалай жігерлендіреді? Ежелде Уәде етілген жер қалпына келгенде, тек діни қызметкерлер, леуіліктер мен басшылар ғана емес, 12 рудың адамдарының бәрі мұралы үлес алған (Езек. 45:4, 5, 7, 8). Сол сияқты, бүгінде рухани жұмақта тек майланған тамтықтың, сондай-ақ “ұлы жамағаттың” арасында жетекшілікті қолға алғандардың ғана емес, ұлы жамағатқа жататындардың бәрінің де өз үлесі бар * (Аян 7:9). Ұйымдағы атқарып жүрген рөліміз қаншалықты қарапайым болмасын, бәріміздің де рухани жұмақта өзіміздің алар орнымыз бен атқаратын бағалы тапсырмамыз бар. Бұл неткен жүрек толқытарлық шындық десеңізші!
Екі маңызды өзгешеліктің біз үшін қандай мәні бар?
12, 13. Жерді руларға бөліп беруге қатысты Ехоба қандай ерекше нұсқаулар берді?
12 Ехобаның жерді бөлуге қатысты берген кейбір нұсқаулары Езекиелді ойландырып тастаса керек. Өйткені олар Құдайдың Мұсаға берген нұсқауларынан өзгеше еді. Сол өзгешеліктердің бірі жердің өзіне қатысты болса, екіншісі оның тұрғындарына қатысты еді.
Мұс. 4-ж. 26:52—54). Ал Езекиелдің аянында Ехоба барлық руларға “бірдей үлес” беруді тапсырып, ерекше нұсқау берді (Езек. 47:14). Демек, 12 руға бөлінген жердің әрқайсысының солтүстік шегарасы мен оңтүстік шегарасының арасы бірдей болу керек болған. Осылайша, Уәде етілген жердің сулары мен өнімдері, қай руға жатса да, исраилдіктердің бәріне бірдей тимек еді.
13 Жерге қатысты өзгешелік. Мұсаға берілген нұсқау бойынша, үлкен рулар кішірек руларға қарағанда көбірек жер алу керек-тін (14. Ехобаның жатжерліктерге қатысты берген бұйрығы Мұса Заңындағы талапқа қай жағынан кереғар болды?
14 Тұрғындарға қатысты өзгешелік. Мұса Заңы жатжерліктердің құқығын қорғаған, әрі оларға Ехобаға ғибадат етуге мүмкіндік берген. Бірақ жатжерліктерге жерден ешқандай үлес берілмейтін (Мұс. 3-ж. 19:33, 34). Ал Ехобаның Езекиелге айтқан сөздері бұл талапқа кереғар еді. Ехоба оған: “Жатжерлік кісі қай рудың жерінде қоныстанған болса, оған сол жерден үлес беріңдер”,— деген бұйрық берді. Осылайша, Ехоба “жергілікті исраилдіктер” мен жатжерліктердің арасында болған үлкен ерекшелікті жойды (Езек. 47:22, 23). Езекиелдің аянында қайта қалпына келген жерде Ехобаға ғибадат ететін тұрғындардың арасында толық теңдік пен бірлік болған (Мұс. 3-ж. 25:23).
15. Жер мен оның тұрғындарына қатысты нұсқаулардан Ехоба жайлы қандай өзгермес шындық анық көрінді?
15 Жер мен оның тұрғындары жайлы осы екі нұсқау тұтқындағы яһудилердің бойына жігер құйып, сенімділік дарытса керек. Өйткені олар жердің, жергілікті исраилдік болсын, Ехобаға ғибадат ететін жатжерлік болсын — бәріне теңдей бөлінетінін түсінді (Езра 8:20; Нех. 3:26; 7:6, 25; Ишая 56:3, 8). Сонымен қатар бұл нұсқаулардан қанат бітірер әрі еш өзгермес бір шындық анық көрінді: Ехоба үшін қызметшілерінің бәрі бірдей бағалы (Хагей 2:7 оқыңыз). Бүгінде көкте не жерде өмір сүруге үміттенбейік, бәріміз үшін осы шындық аса құнды!
16, 17. а) Жер мен оның тұрғындары жайлы білгендеріміздің біз үшін қандай пайдасы бар? ә) Келесі тарауда не жайлы сөз қозғаймыз?
16 Жер мен оның тұрғындары жайлы білгендеріміздің біз үшін қандай пайдасы бар? Олар біздің дүниежүзілік бауырластығымызды бәрінен бұрын теңдік пен бірлік ерекшелендіру керектігін есімізге салады. Ехоба — ешкімді алаламайтын Құдай. Сондықтан былай деп ойланғанымыз жөн: “Мен де Ехоба сияқты, адамдарды алаламаймын ба? Бауырластарды ұлт-нәсілі мен өмірдегі жағдайына қарамай, шын жүректен құрметтеймін бе?” (Рим. 12:10). Бүгіндегі рухани жұмақтың игілігін бәріміз бірдей көре алатынымыз үшін біз қаншалықты ризамыз десеңізші! Ол жерде барлығымыз да жан-тәнімізбен көктегі Әкеміз Ехобаға қызмет етіп, оның батасына кенеле аламыз (Ғал. 3:26—29; Аян 7:9).
17 Ал енді Езекиелдің осы аянының соңғы бөлігінде айтылған төртінші уәдеге өтейік. Ол Ехоба өзінің тұтқындағы халқының арасында болатындығы жайлы еді. Осы төртінші уәдеден біз не түйетініміз жайлы келесі тарауда сөз қозғаймыз.
^ 11-абзац Ехобаның рухани жұмақтағы діни қызметкерлер мен басшыға қандай ерекше орын белгілеп, қандай тапсырма бергені жайында осы басылымның 14-тарауынан біле аласыз.