8-ТАРАУ
“Бір бағушы тағайындаймын”
ОЙБАҒДАР: Мәсіх жайлы төрт пайғамбарлық пен олардың орындалуы
1—3. Езекиелдің жүрегін сыздатқан не және Ехоба оған рухтың жетелеуімен не жаздырды?
ЕЗЕКИЕЛДІҢ Бабылға жер аударылғанына, міне, алтыншы жыл *. Жырақта жатқан туған елі Яһудадағы биліктің мүшкіл халін ойласа, пайғамбардың жүрегі сыздап қоя береді. Ол бірнеше патшаның ауысқанына куә болған еді.
2 Езекиел адал патша Жосияның тұсында дүниеге келген. Жосия Яһуда жерін тәңір мүсіндерінен тазартып, таза ғибадатты қалпына келтіруге көп күш салған еді. Езекиел бұл туралы білгенде, қуанған болар (Шеж. 2-ж. 34:1—8). Бірақ, өкінішке қарай, Жосияның жасаған өзгерістері ұзаққа созылмады. Өйткені одан кейінгі патшалардың көбісі қайтадан пұттарға табынып кетті. Бұл опасыз патшалардың тұсында халық та рухани жағынан және моральдық жағынан әбден құлдырады. Сонда жағдай мүлдем оңалмай ма? Әрине, жоқ!
3 Ехоба адал пайғамбары Езекиелге рухын қондырып, бірқатар пайғамбарлық жаздырды. Солардың алғашқысы Мәсіх жайлы, яғни таза ғибадатты біржолата қалпына келтіретін және Ехобаның қойларын аялап қамқорлайтын Билеуші әрі
Бағушы жайында еді. Біз бұл пайғамбарлықтарды мейлінше терең зерттегеніміз жөн. Өйткені мәңгілік болашағымыз солардың орындалуымен тікелей байланысты. Олай болса, қазір Езекиел кітабындағы Мәсіх жайлы төрт пайғамбарлыққа тоқталайық.“Жас өскіннің” “керемет қарағайға” айналуы
4. Езекиел Ехобадан қандай пайғамбарлық алды және бұл пайғамбарлық неден басталды?
4 Шамамен б. з. б. 612 жылы Ехоба Езекиелге Мәсіхтің билігі қаншалықты ауқымды болатынын және оның Патшалығы не үшін сенім артуға тұрарлық екенін аңғартатын пайғамбарлық берді. Бұл пайғамбарлық бір жұмбақтан басталды. Жер аударылған халыққа айтылған бұл жұмбақ Яһуда билеушілерінің опасыздығын әшкереледі, сондай-ақ әділ Билеуші Мәсіхке деген зәрулікті көрсетті (Езек. 17:1, 2).
5. Жұмбақтың мазмұны қандай?
5 Езекиел 17:3—10 оқыңыз. Жұмбақтың мазмұны мынадай: бір “үлкен бүркіт” қарағай ағашының басындағы “ең биік өскен бұтақшасын” сындырып алады да, оны “саудагерлердің қаласына” апарып отырғызады. Сосын бүркіт “сол елден тұқым алып”, оны су жағасындағы құнарлы жерге егеді. Тұқым өсіп, жайқалған жүзімге айналады. Бұдан кейін тағы бір “үлкен бүркіт” шығады. Әлгі жүзімнің “сол бүркітке аңсары ауады”. Ол тамырын соған қарай созып, суы мол басқа жерге отырғызса екен деп аңсайды. Сонда Ехоба жүзімнің бұл әрекетін айыптап, оның тамырымен жұлынып, “толығымен қурап” қалатынын айтады.
6. Жұмбақ нені білдіреді?
6 Бұл жұмбақ нені білдіреді? (Езекиел 17:11—15 оқыңыз). Б. з. б. 617 жылы Бабыл патшасы Навуходоносор (бірінші үлкен бүркіт) Иерусалимді қоршауға алды. Ол Яһуда патшасы Ехонияны (ең биік өскен бұтақшаны) тағынан түсіріп, Бабылға (саудагерлердің қаласына) әкетті. Навуходоносор Седекияны (сол елден, яғни Яһудадан алған патша тұқымын) Иерусалимде патша етіп, таққа отырғызды. Яһуданың бұл жаңа патшасы Бабылға адалдықпен бағынатынын Құдай атымен ант еткен еді (Шеж. 2-ж. 36:13). Алайда Седекия берген сертін бұзып, Бабылға қарсы бас көтерді. Ол Мысыр перғауынынан (екінші үлкен бүркіттен) қалың әскер сұрады. Бірақ мұнысынан түк шықпады. Сөзінде тұрмағаны үшін, Ехоба Седекияны жауапқа тартты (Езек. 17:16—21). Ақыр соңында Седекия тағынан айырылып, Бабылдағы түрмеде өлім құшты (Ерм. 52:6—11).
7. Пайғамбарлық мәні бар осы жұмбақтан қандай сабақ аламыз?
7 Пайғамбарлық мәні бар осы жұмбақтан қандай сабақ аламыз? Біріншіден, біз таза ғибадат етушілер болғандықтан, берген уәдемізде тұруымыз керек. Иса: “Сендердің “иә” Мат. 5:37). Мысалы, сот алдында куәлік еткенде шындықты айтуға ант берсек, бұндай антымызға немқұрайды қарамағанымыз жөн. Екіншіден, кімге сенім артатынымызға мұқият болуымыз қажет. Киелі кітап: “Бекзадаларға арқа сүйемеңдер, Еш құтқара алмайтын адам баласына да сенім артпаңдар”,— деп ескертеді (Зәб. 146:3).
дегендерің “иә”, ал “жоқ” дегендерің “жоқ” болсын”,— деген (8—10. Ехоба болашақ Билеуші Мәсіхті қалай сипаттады және бұл пайғамбарлық қалай орындалуда? (“Мәсіх туралы пайғамбарлық. Керемет қарағай ағашы” деген қоршауды да қараңыз.)
8 Алайда біздің толық сенім артуымызға лайық бір билеуші бар. Ехоба басқа жерге отырғызылған бұтақша жайлы айтқаннан кейін, болашақ Билеуші Мәсіх жайлы пайғамбарлықты да дәл солай жұмбақтап айтты.
9 Пайғамбарлық (Езекиел 17:22—24 оқыңыз). Бұл пайғамбарлықта әрекет етуші жақ — енді үлкен бүркіттер емес, Ехобаның өзі. Ол “бір биік қарағайдың” жас өскінін сындырып алып, оны “биік, асқар таудың басына” отырғызады. Жас өскін жайқалып өсіп, “керемет қарағайға” айналады. Оны “әртүрлі құстар” паналап, сая табады. “Дала ағаштарының бәрі” осы керемет ағашты жайқалтып өсірген Ехобаның өзі екенін білетін болады.
10 Орындалуы. Ехоба өзінің Ұлы Иса Мәсіхті Дәуіттің патша әулетінен (биік қарағайдан) алып, көктегі Сион тауына (биік, асқар тауға) отырғызды (Зәб. 2:6; Ерм. 23:5; Аян 14:1). Осылай Ехоба жаулары “ең кішік адам” деп қараған Ұлына “арғы атасы Дәуіттің тағын сыйлап”, оны жоғарылатты (Дан. 4:17; Лұқа 1:32, 33). Керемет қарағай ағашына теңелген Патша Иса Мәсіх болашақта бүкіл жер бетіне көктен билік жүргізіп, күллі азаматтарына бата жаудырады. Ол сенім артуға тұратын Билеуші! Исаның Патшалығының саясында мойынсұнғыш адамдар бүкіл жер шары бойынша “қауіпсіз өмір кешеді, ешбір пәледен қорықпай, алаңсыз жүреді” (Нақ. с. 1:33).
11. “Керемет қарағайға” айналатын “жас өскін” туралы пайғамбарлықтан не үйренеміз?
11 Үйренеріміз. “Жас өскіннің” “керемет қарағайға” айналуы жайындағы бұл тамаша пайғамбарлық біздің кімге сенім артуымыз керектігін нақты көрсетеді. Біздің адами үкіметтерден пана іздеп, олардың әскери күшіне арқа сүйегеніміз нағыз ақымақтық болар еді. Шынымен қауіпсіз болғымыз келсе, Патша Иса Мәсіхке толық сенім артқанымыз абзал. Өйткені Патшамыздың қуатты қолындағы көктегі үкімет — адамзаттың жалғыз үміті (Аян 11:15).
Тәждің “заңды иесі”
12. Ехобаның Дәуітпен жасасқан келісімін ұмытпағаны неден көрінді?
12 Құдай екі бүркіт жайлы жұмбақтың мәнін ашып берген кезде, Езекиел Дәуіт патшаның әулетінен шыққан Седекия Сам. 2-ж. 7:12, 16). Езекиелдің көкейінде осындай сұрақ туындаған болса, көп күттірмей-ақ оның жауабы белгілі болды. Шамамен б. з. б. 611 жылы, яғни яһудилердің жер аударылғанына жеті жыл болғанда, Ехоба Езекиелге қайтадан “сөзін арнады” (Езек. 20:2). Бұл кезде Седекия патша Яһуда елінде әлі билік етіп отырған еді. Ехоба Езекиелге Мәсіхке қатысты тағы бір пайғамбарлық айтып, Дәуітпен жасасқан келісімін еш ұмытпағанын көрсетті. Бұл пайғамбарлық болашақ Билеуші Мәсіх Дәуіттің мұрагері ретінде билік етуге құқылы екенін айқын етті.
патша тәжінен айырылып, Бабылға айдалатынын түсінді. Сонда пайғамбар: “Құдайдың Дәуітпен жасасқан келісімімен не болмақ? Құдай оның әулетінен бір ұрпақ шығып, мәңгі билік ететінін уәде еткен жоқ па еді?!”— деп ойланған шығар (13, 14. Езекиел 21:25—27 тармақтарда қандай пайғамбарлық жазылған, әрі ол қалай орындалды?
13 Пайғамбарлық (Езекиел 21:25—27 оқыңыз). Ехоба “Исраилдің зұлым басшысы” қалай жазаланатынын Езекиел арқылы анық та айқын жеткізді. Ехоба айтқандай, бұл басшының “шалмасы” мен “тәжі” (патшалық биліктің символы) одан тартып алынбақ еді. Содан кейін “төмен тұрған” билеушілер жоғарылатылып, ал “жоғары тұрғандары” төмендетілмек-тін. Бірақ жоғарылатылған билеушілер тәждің “заңды иесі” келгенше ғана билік етпек еді. Ехоба Патшалықты соған табыстайтын болады.
14 Орындалуы. Б. з. б. 607 жылы бабылдықтар Иерусалимді құлатып, тәжінен айырылған Седекияны тұтқындыққа әкеткенде, Иерусалимдегі Яһуданың “жоғары тұрған” патшалығы төмендетілді. Сол жылдан бастап Иерусалимде Дәуіт патшаның әулетінен ешкім билік етпеді. Ал “төмен тұрған” басқа ұлттар болса жоғарылатылып, адамзатқа өз билігін жүргізді. Бірақ олардың билігі шектеулі уақытқа ғана жалғасты. “Басқа ұлттарға белгіленген уақыт” 1914 жылы Ехоба патшалық билікті Иса Мәсіхке табыстаған кезде аяқталды (Лұқа 21:24). Иса Дәуіт патшаның ұрпағы болғандықтан, Мәсіхтің Патшалығының “заңды иесі” еді * (Мұс. 1-ж. 49:10). Осылай Ехоба Дәуіттің мұрагері мәңгілік патшалық етеді деген нық уәдесін Иса арқылы орындады (Лұқа 1:32, 33).
15. Патшамыз Иса Мәсіх неге толық сенім артуымызға лайық?
Дан. 7:13, 14). Мұндай Патша біздің толық сенім артуымызға әбден лайық!
15 Үйренеріміз. Патшамыз Иса Мәсіх толық сенім артуымызға лайық. Себебі адамдар сайлайтын немесе билікті өздері күшпен тартып алатын билеушілерден айырмашылығы, Исаны таңдаған да, заңды иесі ретінде оған Патшалықты берген де — Ехобаның өзі (“Қызметшім Дәуіт... оларға бағушы болады”
16. Ехоба қойларына қалай қарайды, ал “Исраил бағушылары” қалай қараған?
16 Ең жоғарғы Бағушы Ехоба қойлары үшін, яғни жердегі қызметшілері үшін көп қам жейді (Зәб. 100:3). Ол отарын жердегі көмекші бағушыларға сеніп тапсырып, олардың қойларға қалай қарайтынын жіті бақылайды. Езекиелдің заманында билік еткен “Исраил бағушылары” болса отарға “қатыгездікпен үстемдік етіп, қанады”. Соның кесірінен қойлар әбден азып-тозып, көбісі таза ғибадатты тастап кетті. Бұл Ехобаның жанына қатты батты (Езек. 34:1—6).
17. Ехоба қойларын қалай құтқарды?
17 Ехоба Исраилдің қатыгез билеушілерімен не істемек еді? “Оларды жауапқа тартамын”,— деді Ехоба. Сосын: “Мен қойларымды... құтқарамын”,— деп уәде етті (Езек. 34:10). Ехоба әрдайым сөзінде тұрады (Ешуа 21:45). Ол б. з. б. 607 жылы Бабыл әскері арқылы Исраилдің өзімшіл бағушыларын биліктен шеттетіп, өз қойларын құтқарды. Ал жетпіс жылдан кейін Ехоба қой тәріздес қызметшілерін Бабылдың қолынан да құтқарды. Олар таза ғибадатты қалпына келтіре алулары үшін халқын отанына қайтарды. Бірақ Ехобаның қойлары әлемдік үкіметтердің қол астында қала бергендіктен, олар әлі де қорғансыз еді. Өйткені “басқа ұлттарға белгіленген уақыт” әлі бірталай ғасырға жалғаспақ еді (Лұқа 21:24).
18, 19. Иерусалим жойылғаннан кейін бір жылдай уақыт өткен соң, Езекиел қандай пайғамбарлық жазды? (Тараудың басындағы суретті қараңыз.)
18 Иерусалим жойылғаннан кейін бір жылдай уақыт өткен соң, ең жоғарғы Бағушы Ехоба қойларының мәңгілік болашағы үшін қам жейтінін көрсетіп, бір пайғамбарлық айтты. Езекиелге жаздырған бұл пайғамбарлықта болашақ Билеуші Мәсіх Ехобаның қойларын қалай бағатыны суреттеледі.
19 Пайғамбарлық (Езекиел 34:22—24 оқыңыз). “Олардың үстінен бір бағушы тағайындаймын. Ол қызметшім Дәуіт болмақ”,— деді Ехоба. “Бір бағушы”, “қызметшім” деген сөздердің жекеше түрде айтылуы болашақ Билеуші Дәуіт патшаның тағында мәңгі отыратын жалғыз мұрагер болатынына нұсқайды. Әрі Бағушы, әрі Билеуші болатын бұл мұрагер Құдайдың отарын бағып, азығын береді, сондай-ақ “олардың басшысы болады”. Ехоба өзінің қойларымен “татулық келісімін жасасады”. Ол “баталарды жауын сияқты жаудырып”, отары қауіпсіз ортада молшылықтың рақатын көреді. Татулық адамдар арасында ғана емес, адамдар мен жануарлар арасында да орнайды (Езек. 34:25—28).
20, 21. а) Құдайдың “бір бағушы тағайындаймын, ол қызметшім Дәуіт болмақ” деген пайғамбарлығы қалай орындалды? ә) Езекиелдің “татулық келісімі” туралы пайғамбарлығы болашақта қалай орындалады?
20 Орындалуы. Ехоба бұл Билеушіні “қызметшім Дәуіт” деп атауымен Дәуіттің ұрпағынан шығатын тәждің заңды иесі Исаға нұсқады (Зәб. 89:35, 36). Жерде жүрген кезінде Иса “қойлары үшін жанын қиып”, өзінің “ізгі бағушы” екенін дәлелдеді (Жох. 10:14, 15). Қазір ол — көктегі “ұлы бағушы” (Евр. 13:20). 1914 жылы Ехоба Исаны Патша етіп, оған жердегі қойларын бағып, оларға азығын беруді тапсырды. Содан кейін көп ұзамай, билікке жаңа келген Патша 1919 жылы “адал да ақылды құлды” тағайындап, оларға “үйіндегі басқа құлдарға” — көкте не жерде өмір сүруге үміті бар адал қызметшілерге — ас-су беруді тапсырды (Мат. 24:45—47). Мәсіхтің жетелеуімен адал да ақылды құл Құдайдың отарын рухани ас-сумен молынан қамтамасыз етуде. Осы ас-судың арқасында олар күннен-күнге гүлденіп жатқан рухани жұмақта тату-тәтті әрі қауіпсіз өмір кешуде.
21 “Татулық келісімі” мен жауын сияқты жауатын баталар туралы Езекиел айтқан пайғамбарлық болашақта қалай орындалады? Алдағы жаңа дүниеде Ехобаға таза ғибадат ететін адамдар “татулық келісімінің” арқасында молынан төгілетін баталардың игілігін көреді. Бүкіл жер беті жұмаққа айналып, адал адамдар соғыс, қылмыс, ашаршылық, ауру-сырқау мен жабайы аңдардан бұдан былай зардап шекпейді (Ишая 11:6—9; 35:5, 6; 65:21—23). Болашақта Құдайдың қойлары мәңгі жасайтыны, “қауіпсіздікте өмір кешетіні, әрі оларды ешкім қорқытпайтыны” жүрегімізге жылы тиеді, солай емес пе?! (Езек. 34:28).
22. Иса қойларына қалай қарайды және көмекші бағушылардың міндетін атқарып жүргендер оған қалай еліктесе болады?
22 Үйренеріміз. Иса да Әкесі сияқты қойларының қамын ойлайды. Бағушы әрі Патша болғандықтан, ол Әкесінің отары рухани тоқшылықта жүріп, рухани жұмақта тату әрі қауіпсіз болулары үшін бар жағдайды жасайды. Осындай қамқор Билеушінің қарамағында болу неткен ғанибет! Көмекші бағушылардың міндетін атқарып жүргендер де Иса сияқты, қойлардың қамын ойлау керек. Ақсақалдар Құдайдың отарын “шын көңілмен, бар ынта-жігермен” бағып, оларға үлгі-өнеге болулары керек (Пет. 1-х. 5:2, 3). Олар Ехобаның бірде-бір қойына жәбір көрсетпегендері жөн. Есімізде болса, Ехоба Езекиелдің кезіндегі Исраилдің қатыгез бағушылары жайында: “Мен... оларды жауапқа тартамын”,— деген болатын (Езек. 34:10). Расында да, ең жоғарғы Бағушы қойларына өзгелер қалай қарап жатқанын жіті бақылайды. Оның Ұлы да дәл солай етеді.
“Қызметшім Дәуіт мәңгілікке олардың басшысы болады”
23. Ехоба Исраил халқына қатысты қандай уәде берді және сол уәдесін қалай орындады?
23 Ехоба қызметшілерінің бірлікте ғибадат еткендерін қалайды. Халқының бірлігін қалпына келтіретіні жайлы пайғамбарлығында Ехоба екі рулы Яһуда патшалығы мен он рулы Исраил патшалығына нұсқап: “Екеуі менің қолымда біртұтас таяқ болады”,— деген. Осылай оларды біріктіріп, қайтадан “бір халық ететінін” уәде етті (Езек. 37:15—23). Бұл пайғамбарлық б. з. б. 537 жылы Құдай Исраил халқын Уәде етілген жерге қайтарып, араларында бірлік орнатқанда орындалды *. Алайда бұл болашақта ғаламат көлемде орнайтын мызғымас бірліктің нышаны ғана еді. Исраилдің басын біріктіретінін уәде еткен соң, Ехоба болашақ Билеушінің жержүзі бойынша шынайы ғибадат етушілердің арасында мәңгілік бірлік орнататынын пайғамбарлық етті.
24. Ехоба болашақ Билеуші Мәсіхті қалай сипаттады және бұл Патшаның билігі қандай болады?
24 Пайғамбарлық (Езекиел 37:24—28 оқыңыз). Ехоба Билеуші Мәсіхке нұсқап, оны тағы да “қызметшім Дәуіт”, “бағушы”, “басшы” деп атады. Бірақ бұл жолы Ехоба оны “патша” деп те атады (Езек. 37:22). Бұл Патшаның билігі қандай болады? Оның билігі мәңгі тұрады. “Мәңгі бақи”, “мәңгілікке” деген сөздер оның тұсында төгілетін баталар ешқашан бітпейтінін білдіреді *. Бұл Патшаның билігі бірлік әкеледі. Адал азаматтары “бір патшаға” бағынып, бір “шешімді ұстанып”, жер бетінде бірлікте өмір сүреді. Бұл Патшаның тұсында азаматтары Ехоба Құдайға жақын бола түседі. Құдай олармен “татулық келісімін жасасады”. Ехоба олардың Құдайы, ал олар оның халқы болады. Оның “ғибадатханасы араларына мәңгіге орнайды”.
25. Патша Мәсіх туралы пайғамбарлық қалай орындалды?
25 Орындалуы. 1919 жылы майланған адал мәсіхшілер өздерінің “бағушысы” — уәде етілген Патша Иса Мәсіхтің қол астына бірікті. Кейінірек “әрбір ұлттан, рудан, халықтан және тілден шыққан” ұлы жамағат осы майланған бауырластарына қосылды (Аян 7:9). Сөйтіп, барлығы “бір бағушысы бар бір отар болды” (Жох. 10:16). Көкте не жерде өмір сүруге үміттенбесін, олардың бәрі Ехобаның “шешімдеріне”, яғни заңдарына мойынсұнады. Соның арқасында олар бірлігі жарасқан біртұтас халық болып, рухани жұмақта бірге өмір кешуде. Ехоба батасын бергенінің арқасында олардың арасында татулық пен “ғибадатхана”, яғни таза ғибадат бар. Ехоба олардың Құдайы, ал олар оның ғибадат етушілері. Олар Ехобаға қызмет ететіндерін қазір де, мәңгілік бойы да мақтан ете бермек!
26. Рухани жұмақтағы бірлігімізге қалай үлес қоса аласыз?
26 Үйренеріміз. Ехобаға таза ғибадат ететін дүниежүзіндегі бауырластармен бірлікте болу неткен мәртебе! Алайда бұл Қор. 1-х. 1:10). Сол себептен де біз бір рухани ас-су қабылдаймыз, Жазбалардағы бір нормаларды ұстанамыз және бір маңызды іске, яғни Патшалықты уағыздау мен шәкірт дайындау ісіне атсалысамыз. Десе де біздің бірлігіміздің негізгі қазығы — сүйіспеншілік. Сүйіспеншіліктің кешірімшілдік, жанашырлық, мейірімділік сияқты түрлі қырларын дамытып, іс жүзінде танытсақ, бірлігіміз одан сайын мығым болады. Өйткені сүйіспеншілік “адамдарды толықтай біріктіреді” (Қол. 3:12—14; Қор. 1-х. 13:4—7).
жауапкершілік те жүктейді: біз осы ынтымақ-бірлікті сақтауға үлес қосуымыз қажет. Наным-сеніміміз де, жүріс-тұрысымыз да бірдей болу үшін біз өз тарапымыздан күш салуымыз керек (27. а) Езекиел кітабындағы Мәсіхке қатысты пайғамбарлықтар сізге қалай әсер етті? ә) Келесі тарауларда не қарастырамыз?
27 Езекиел кітабында жазылған Мәсіх туралы пайғамбарлықтарға қаншалықты ризамыз десеңізші! Соларды оқып, ой жүгіртетін болсақ, Патшамыз Мәсіх Исаның толық сенім артуға лайық екеніне, билік етуге құқылы екеніне, бізді қамқорлықпен бағатынына және арамыздағы бірлікті мәңгілік бойы сақтайтынына көзіміз жете түседі. Осындай Патшаның азаматы болу біз үшін зор мәртебе! Мынаны ұмытпайық: Мәсіх туралы бұл пайғамбарлықтар — Езекиел кітабында өрбитін негізгі тақырыптың, яғни Құдайдың қалпына келтіру шарасының ажырамас бөлігі. Себебі Ехоба өз халқын бірге жинап, араларында таза ғибадатты қайта қалпына келтіру үшін Иса Мәсіхті қолдануда (Езек. 20:41). Келесі тарауларда біз бұл керемет тақырыптың Езекиел кітабында қалай өрбитінін көреміз.
^ 1-абзац Яһудилер тұтқында болған кезең б. з. б. 617 жылы, яғни алғашқы тұтқындар Бабылға әкетілген жылы басталды. Демек, мұндағы алтыншы жыл — б. з. б. 612 жыл.
^ 14-абзац Исаның Дәуіттен тарағанын Киелі кітаптағы киелі рухтың жетелеуімен жазылған шежіре айғақтайды (Мат. 1:1—16; Лұқа 3:23—31).
^ 23-абзац Езекиелдің екі таяқ жайындағы пайғамбарлығы мен оның орындалуы осы кітаптың 12-тарауында қарастырылады.
^ 24-абзац Бір еңбекке сай, еврей тілінен аударылған “мәңгі бақи”, “мәңгілік” деген сөздердің “ауыспайтын”, “тұрақты”, “шексіз”, “мызғымас берік” деген мағыналары да бар.