Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚОРШАУ 16Ә

Аһ ұрып күрсіну, таңба қою, шоқпармен қыру. Қашан және қалай орындалды?

Аһ ұрып күрсіну, таңба қою, шоқпармен қыру. Қашан және қалай орындалды?

Езекиел кітабының 9-тарауында жазылған аянның біздің кезімізге де қатысы бар. Оқиғалардың қалай өрбитінін білгеніміз осы дүниенің ақырын зор сенімділікпен қарсы алуға көмектеседі.

“Аһ ұрып күрсіну”

ҚАШАН? Соңғы күндері, зор алапатқа дейін.

ҚАЛАЙ? Ақжүрек адамдар осы дүниенің зұлымдығын жек көретіндерін сөздерімен де, істерімен де көрсетеді. Олар жарияланып жатқан ізгі хабарды қабылдайды, Мәсіхке тән жаңа болмысқа ие болады, Ехобаға бағышталып, шомылдыру рәсімінен өтеді және Мәсіхтің бауырларын адалдықпен қолдайды.

“Таңба қою”

ҚАШАН? Зор алапат кезінде.

ҚАЛАЙ? Хатшының сиясауыты бар кісі барлық халықтарды соттау үшін “ұлылыққа бөленіп келетін” Иса Мәсіхті бейнелейді. “Ұлы жамағатқа” жататындар қой ретінде танылады, басқаша айтқанда, оларға таңба қойылады. Бұл олардың Армагеддоннан аман өтетінін білдіреді.

Шоқпармен қыру

ҚАШАН? Армагеддонда.

ҚАЛАЙ? Иса көктегі әскерімен, яғни киелі періштелермен және өзімен бірге билік ететін 144 000 майланғанмен бірге осы зұлым дүниені түптамырымен жояды. Ал таза ғибадат ететіндерді құтқарып, оларды әділдік орнаған жаңа дүниеге бастап апарады.