ҚОРШАУ 16А
Мәсіхшілер әлемі Иерусалимнің бейнесі ме?
Бұрынырақта біздің әдебиеттерде мәсіхшілер әлемі жолдан тайған Иерусалимнің бейнесі деп түсіндірілді. Опасыз Иерусалимнің күйі, әсіресе ондағы пұтқа табынушылық пен кең жайылған әділетсіздік, бүгіндегі мәсіхшілер әлемінің күйін еске салатыны рас. Алайда соңғы жылдары әдебиеттерімізде, соның ішінде қолыңыздағы осы басылымда да, қандай да бір пайғамбарлық түпбейне не бейне деп қарастырылмайтын болды. Әрине, егер Киелі кітаптың өзінде нақты негіз болмаса. Ал мәсіхшілер әлемін Иерусалимнің бейнесі деуге Жазбаларда нақты негіз бар ма? Жоқ.
Ой жүгіртіп көрейік. Иерусалим бір кездері таза ғибадаттың ордасы болған, ал кейіннен оның халқы жолдан тайып кеткен. Ал мәсіхшілер әлемі болса ешқашан таза ғибадат етпеген. Ол б. з. IV ғасырында пайда болғалы бері әрқашан жалған ілімдерді үйреткен.
Бұған қоса, бабылдықтар Иерусалимді күйреткеннен кейін, Ехоба қайтадан қалаға ықыласын түсіріп, оны қайтадан таза ғибадаттың ордасы еткен. Ал мәсіхшілер әлемі ешқашан Құдайдың ықыласына ие болмаған. Ол зор алапат кезінде біржолата жойылып, енді қайтып ешқашан пайда болмайды.
Сонымен, қорытындыласақ, опасыз Иерусалимге қатысты орындалған Киелі кітап пайғамбарлықтарын қарастырғанда, “бұл мәсіхшілер әлеміне дәл келеді екен” деген ой келуі мүмкін. Алайда мәсіхшілер әлемін Иерусалимнің бейнесі деуге Жазбаларда негіз жоқ.