2-ТАРАУ
Ар-ұжданыңды қалай таза сақтай аласың?
“Ар-ұждандарыңды таза ұстаңдар” (ПЕТІРДІҢ 1-ХАТЫ 3:16).
1, 2. Неге компас өте қажет құрал және қай жағынан оны ар-ұжданға ұқсатуға болады?
ТЕҢІЗШІ ұшы-қиыры жоқ теңізде бағытынан ауытқымай жүзіп келеді. Жиһанкез ен далада жападан-жалғыз келе жатыр. Ұшқыш о шеті мен бұ шеті көрінбейтін бұлтты аспанда діттеген бағытына қарай ұшып барады. Олардың үшеуіне де не нәрсе ортақ? Компасы және бағытты анықтайтын өзге заманауи құралдары болмаса, олар үлкен қиындыққа ұшырауы мүмкін.
2 Компас — солтүстікті көрсетіп тұратын магнитті тілі бар қарапайым құрал. Ол бұзылмаған болса, әсіресе жақсы картамен бірге қолданылса, өмірімізді аман алып қала алады. Қандай да бір мағынада, компастың Ехоба берген керемет сый — ар-ұжданмен ұқсастығы бар (Жақып 1:17). Ар-ұждансыз біз бағыт-бағдарымызды мүлдем жоғалтып алар едік. Дұрыс қолданар болсақ, ол өмірде оң бағыт алып, содан ауытқымауға көмектеседі. Олай болса, алдымен ар-ұжданның не екенін және оның қалай әрекет ететінін біліп алайық. Ал содан кейін келесі жайттарды қарастырамыз: 1) Ар-ұжданды қалай тәрбиелеуге болады? 2) Неге өзгелердің ар-ұжданын ескеру керек? 3) Таза ар-ұжданның қандай пайдасы бар?
АР-ҰЖДАН ДЕГЕН НЕ ЖӘНЕ ОЛ ҚАЛАЙ ӘРЕКЕТ ЕТЕДІ?
3. “Ар-ұждан” деп аударылған грек сөзі сөзбе-сөз нені білдіреді және адам бойындағы қандай керемет қабілетке нұсқайды?
3 Киелі кітапта “ар-ұждан” деп аударылған грек сөзі сөзбе-сөз “біреумен қатар жүрген білім” дегенді білдіреді. Адам баласының басқа жаратылыстардан ерекшелігі — Құдай бізге өзімізді танып біле алатын қабілет берген. Біз, былайша айтқанда, өзімізді сырттан бақылап, әрекеттерімізді бағамдай аламыз. Ар-ұжданымыз іштегі куә не төреші ретінде әрекет етіп, істерімізді, көзқарастарымыз бен шешімдерімізді таразылайды. Ол бізге қай шешімнің дұрыс, ал қайсысының бұрыс болатынын айтып, бағыт беруі мүмкін. Сосын, қабылдаған шешімімізге қарай, көңілімізді хош етуі не жанымызды жегідей жеуі мүмкін.
4, 5. а) Адамның да, Хауаның да ар-ұжданы болғаны неден көрінеді және олардың Құдай заңын елемегендерінің нәтижесі қандай болды? ә) Мәсіхшілерге дейін өмір сүрген адал кісілердің ар-ұждандарының әрекеті қандай мысалдардан көрінеді?
4 Құдай мұндай қабілетті адамның бойына о баста дарытқан. Күнә жасағаннан кейін өздерін ұятты сезінгенінен Адамның да, Хауаның да ар-ұжданы болғаны көрінеді (Жаратылыс 3:7, 8). Өкінішке орай, сол кезде ар-ұждандары мазалағанынан олар үшін еш пайда жоқ еді. Олар Құдай заңын біле тұра бұзды. Осылайша саналы түрде бүлік шығарып, Ехоба Құдайдың қарсыласы болуды шешті. Адам мен Хауа кемелді болғандықтан іс-әрекеттеріне есеп бере алатын, сондықтан олар үшін Құдайға қайта бет бұру мүмкін емес еді.
5 Кемелсіз адамдардың арасында оларға еліктемей, ар-ұждандарының даусына құлақ асқандар аз емес. Мысалы, адал кісі Әйүп: “Мен өзімнің шындығымнан бекем ұстағанмын және оны жібермеймін; менің барлық көрген күндерімде жүрегім мені жазғырмайды” *,— деп айта алған (Әйүп 27:6). Ол бірдеңе істерде не шешім қабылдарда әрқашан ар-ұжданының даусына құлақ асқан. Сондықтан ар-ұжданының өзін ұялтып не жазғырып жанын күйзелтпейтінін хош көңілмен айта алды. Ал Дәуіттің жағдайы мүлдем басқаша болған. Ол бір жолы Ехобаның майланған патшасы Саулға лайықты құрмет көрсетпеді, содан “ар-ұжданының алдында ұят сезінді” (Патшалықтар 1-жазба 24:5). Жанын қоярға жер таппаған Дәуіт мұндай ұятты қылықты енді қайтып қайталамауға бел буғаны сөзсіз.
6. Ар-ұжданның барлық адамдарға берілген сый екені неден көрінеді?
6 Ар-ұждан тек Ехобаның қызметшілерінде ғана бар ма? Елші Пауылдың рухтың жетелеуімен жазған келесі сөздерін қарастырып көрейік: “Таурат заңы жоқ басқа ұлттар өз еріктерімен оның талаптарын орындаса, онда олар өздерінің сол заңсыз-ақ не істеп, не қою керек екенін білетіндіктерін көрсетеді. Осы арқылы олар Таурат заңының талаптарының өз жүректерінде жазулы екенін дәлелдейді. Бұған олардың ар-ұждандары куә, яғни оларды іштей қаралайтын немесе ақтайтын осы ұждандарынан Римдіктерге 2:14, 15). Иә, Ехобаның заңдарынан мүлдем бейхабар адамдарды да ар-ұждандары оның заңдарына сай әрекет етуге талпындырып жатады.
туған ойлары куә” (7. Неге ар-ұжданымыз кейде бұрыс бағыт беруі мүмкін?
7 Алайда ар-ұжданның бұрыс бағыт беретін кездері де болады. Неге? Мысалы, компастың қасына магнит қойса, ол солтүстікті емес, басқа бағытты көрсетуі мүмкін. Сондай-ақ картасыз қолданса, оның пайдалы болуы екіталай. Сол сияқты, ар-ұжданымызға жүрек қалауымыз қатты әсер ететін болса, ол бізге бұрыс бағытты көрсетуі мүмкін. Сонымен қатар оны Құдай Сөзіндегі сенімді басшылықсыз қолдансақ, көптеген маңызды мәселелерде дұрыс пен бұрысты ажырата алмай қалуымыз ықтимал. Иә, ар-ұжданымыз дұрыс әрекет ету үшін бізге Ехобаның киелі рухының басшылығы қажет. Пауыл: “Киелі Рухқа бағынған ар-ұжданым... куә”,— деп жазған (Римдіктерге 9:1). Ар-ұжданымыздың Ехобаның киелі рухына бағынып әрекет ететініне біз қалай сенімді бола аламыз? Бұл үшін оны тәрбиелеу керек.
АР-ҰЖДАНДЫ ҚАЛАЙ ТӘРБИЕЛЕУГЕ БОЛАДЫ?
8. а) Жүрегіміз ар-ұжданымызға қалай әсер етуі мүмкін және шешім қабылдағанда, ең алдымен, нені ескеруіміз керек? ә) Неге мәсіхші үшін ар-ұжданының мазаламағаны жеткіліксіз? (Сілтемені қара.)
8 Шешім қабылдағанда сен ар-ұжданыңды қалай есепке аласың? Кейбіреулер ойлары мен сезімдеріне ғана жүгінетінге ұқсайды. Сосын, олар: “Мені ар-ұжданым мазаламайды”,— деп жатады. Алайда жүрек қалауының күшті болғаны соншалық — ар-ұжданымызға әсер етпей қоймайды. Киелі кітапта: “Басқалардың бәрінен де адам жүрегі құрық бойламас қулыққа толы болады және мүлде бұзылатын да сол; оның түбіне кім бойлай алсын?”— делінген (Еремия 17:9). Олай болса, жүрек қалауымыз — есепке алынатын ең басты нәрсе емес. Біз, ең алдымен, Ехоба Құдайға не ұнайтынын біліп алуды жөн көреміз *.
9. Құдайдан қорқу деген нені білдіреді және ол ар-ұжданымызға қалай әсер етеді?
9 Тәрбиеленген ар-ұжданымызға сай шешім қабылдайтын болсақ, өз қалауымызды орындағымыз келетінін емес, Құдайдан қорқатынымызды көрсетеміз. Осы орайда бір мысал қарастырып көрейік. Адал басшы Нехемияның Иерусалим тұрғындарынан белгілі бір сомада алым-салық алуға құқы бар еді. Бірақ ол олай етпеді. Неге? Ол Құдай халқына қысымшылық жасап, Ехобаға ұнамсыз болып қалудан қорықты. “Мен болсам Құдайдан қорыққандықтан осылай жасаған жоқпын”,— деді ол (Нехемия 5:15). Көктегі Әкемізге ұнамсыз болудан бар көңілімізбен қорыққанымыз өте маңызды. Құдайға деген осындай қастерлі сезім шешім қабылдағанда, оның Сөзінен басшылық іздеуге талпындырады.
10, 11. Киелі кітапта спирттік ішімдіктерге қатысты қандай принциптер бар және оларды қолданғанда қалай Құдайдан басшылық алуға болады?
10 Мысал үшін спирттік ішімдіктерді алайық. Отырыстарға барғанда, көпшілігімізде ішімдік ішіп-ішпеуге қатысты сұрақ туындайды. Олай болса, алдымен, Киелі кітапта бұған қатысты қандай принциптер бар екенін жақсылап біліп алған дұрыс. Құдай Сөзі шамасын біліп ішуге тыйым салмайды. Тіпті онда шарапты сый ретінде бергені үшін Ехобаға арналған мадақ сөздер жазылған (Забур 103:14, 15). Алайда Киелі кітапта шамадан тыс көп ішу және жүгенсіздік айыпталады (Лұқа 21:34; Римдіктерге 13:13). Оның үстіне, маскүнемдік азғындық және неке адалдығын бұзу сияқты ауыр күнәлармен бір қатарға қойылған * (Қорынттықтарға 1-хат 6:9, 10).
11 Мәсіхшінің ар-ұжданы осындай принциптер арқылы тәрбиеленіп, сезімтал болады. Сондықтан отырыстарға барғанда, біз өзімізден былай деп сұраймыз: “Бұл қандай отырыс? Оның арты ырду-дырду болып кетпес пе екен? Өзім туралы не деуге болады: мен ішкілікті аңсап тұрамын ба? Соған тәуелдімін бе? Оны мінез-құлқым мен көңіл күйімді өзгерту үшін ішемін бе? Қанша ішетінімді қадағалай аламын ба?” Киелі кітап принциптері мен соларға қатысты сұрақтардың үстінен ой жүгірткенде, басшылық сұрап Ехобаға дұға еткеніміз дұрыс (Забур 138:23, 24). Осылай етуімізбен Ехобадан бізді киелі рухымен жетелеуін өтінеміз. Сондай-ақ ар-ұжданымызды оның принциптеріне сай тәрбиелейміз. Алайда ескеретін тағы бір жайт бар.
НЕГЕ ӨЗГЕЛЕРДІҢ АР-ҰЖДАНЫН ЕСКЕРУ КЕРЕК?
12, 13. Неге мәсіхшілердің ар-ұждандары әртүрлі болады және біз бұған қалай қарауымыз керек?
12 Кейде мәсіхшілердің ар-ұжданы бір-бірінен қаншалықты ерекшеленетінін көріп таңғалатын шығарсың. Кейбіреулер қандай да бір істі не әдетті лайықсыз деп тапса, өзге біреулер бұдан еш әбестік көрмейді. Мысалы, бір мәсіхші бірер достарымен көңіл көтеріп ішімдік ішкенді ұнатса, өзге біреуі мұны жөн көрмейді. Неге біздің ар-ұжданымыз әртүрлі және бұл шешімдерімізге қалай әсер ету керек?
13 Адамдар бір-бірінен түрлі себептермен ерекшеленеді. Олар әртүрлі ортада өседі. Мысалы, кейбіреулер Патшалықтар 3-жазба 8:38, 39). Ішімдік мәселесіне келгенде, мұндай адамдар әсіресе абай болғысы келсе керек. Үйіңе осындай бауырлас келетін болса, оның тәрбиеленген ар-ұжданы сен ұсынған ішімдіктен бас тартуға талпындыратын шығар. Сен бұған ренжисің бе? Оны мәжбүрлейсің бе? Әрине, жоқ. Ол себебін түсіндірмеуді жөн көретін шығар. Неге бас тартқанын білген-білмегеніңе қарамастан, бауырласыңа деген сүйіспеншілігің оның ар-ұжданын ескеруге талпындырады.
кезінде талай сүрініп, әрең жеңген бұрынғы әлсіздіктеріне қайта оралудан қорқады (14, 15. Қандай мәселеде бірінші ғасырдағы мәсіхшілердің ар-ұждандары әртүрлі болған және Пауыл қандай кеңес берген?
14 Бірінші ғасырда елші Пауыл мәсіхшілердің ар-ұждандары бір-бірінен қатты ерекшеленетінін байқаған. Сол заманда кейбір мәсіхшілер жалған тәңірлерге құрбан етілгеннен кейін базарда сатылатын тағамды жей алмаған (Қорынттықтарға 1-хат 10:25). Ал Пауылдың ар-ұжданы ондай тағамды жеуге жол берген. Жалған тәңірлер ол үшін түкке тұрғысыз нәрсе болатын. Олар Ехоба жаратқан әрі соған ғана тиесілі тағамдарды ешқашан иемдене алмас еді. Сөйтсе де Пауыл өзгелердің бұған қатысты көзқарастарының өзгеше екенін түсінетін. Бауырластардың кейбірі мәсіхші болғанға дейін жалған тәңірлерге табынған болуы мүмкін еді. Сондықтан бұрын жалған тәңірлермен байланысы болған нәрселердің өзі оларға жағымсыз болатын. Пауыл не істеді екен?
15 Ол былай деп жазды: “Біз, күштілер, өзімізге жағуды ойламай, күшті еместердің әлсіздігіне шыдамдылықпен қарауымыз керек. Өйткені [Мәсіх] те өзіне жағуды ойлаған емес” (Римдіктерге 15:1, 3 Тт). Пауылдың айтуынша, біз Исаға еліктеп, бауырластардың мүддесін өзіміздікінен жоғары қоюымыз керек. Тағы бірде ол осы мәселені талқылай келе, Мәсіхтің солар үшін өмірін қиған бағалы қойларын сүріндіргенше, ешқашан ет жемегені артық екенін айтқан (Қорынттықтарға 1-хат 8:13; 10:23, 24, 31—33).
16. Неге ар-ұждандары тым талапшыл бауырластар өзгелерді соттамау керек?
16 Ал ар-ұждандары тым талапшыл мәсіхшілер болса басқалардан өздері сияқты көзқарасты ұстануды талап етіп, сыншыл болмаулары керек еді (Римдіктерге 14:10). Иә, жақсы әрекет ететін ар-ұждан — өзгелерді емес, өзімізді соттайтын ішкі төрешіміз. Исаның: “Өздеріңе үкім шығармас үшін сендер басқаларға үкім айтпаңдар!”— деген сөзін есіңе алшы (Матай 7:1). Мәсіхшілер ар-ұжданға байланысты жайттарды тартысқа айналдырудан аулақ. Олар бауырластардың жігерін құм қылудың емес, қайта, сенімін нығайтып, сүйіспеншілік пен бірлікке талпындырудың мүмкіндіктерін іздейді (Римдіктерге 14:19).
ТАЗА АР-ҰЖДАННЫҢ ПАЙДАСЫ
17. Бүгінде көп адамның ар-ұжданы қандай күйде?
17 Елші Петір: “Ар-ұждандарыңды таза ұстаңдар”,— деген (Петірдің 1-хаты 3:16). Ехоба Құдайдың алдында ар-ұжданның таза болуы — зор бата. Бүгінде көп адамның ар-ұжданы жайлы бұлай дей алмайсың. Пауыл “ар-ұждандары “ыссы темірмен күйдірілгендей” сезімсіз” адамдар жайында айтқан (Тімотеге 1-хат 4:2 сілт.). Әдетте ыссы темірге күйген теріде тыртық пайда болып, ол жансызданып қалады. Сол сияқты, көп адамның ар-ұжданы, былайша айтқанда, өлі. Сондықтан тыртық түсіп, жансызданып қалған ар-ұждандары оларға ескерту жасамайды, қарсылық та білдірмейді, тіпті бұрыс істері үшін мазаламайды да, кінәламайды да. Бүгінде көп адам бойларында осындай сезімнің болмағанына шүкірлік ететіндей көрінеді.
18, 19. а) Кінә және ұят сезімінің қандай пайдасы болуы мүмкін? ә) Өкінген күнәларымыз үшін ар-ұжданымыз мазалай берсе не істеуге болады?
Забур 50:3—21; 86:5 ЖД). Алайда өкініп, кешірімге ие болғаннан кейін де, өзімізді кінәлауды қоймай, ұят сезімінен арыла алмасақ ше?
18 Негізінде, өзімізді кінәлі сезінгеніміз — ар-ұжданның қателік жасағанымызды білдіруінің бір жолы. Мұндай сезім күнәкарды өкінуге талпындыратын болса, оның тіпті өте ауыр күнәлары да кешірілуі мүмкін. Мысалы, Дәуіт патша ауыр күнә жасап қойып, өзін кінәлі сезінген, бірақ шын жүректен өкінгендіктен толық дерлік кешірілген. Ол қателігі үшін қатты күйініп, Ехобаның заңдарына мойынсұнуға бел буғандығының арқасында оның “ізгі әрі кешіруге дайын” екендігіне көзі жеткен (19 Кейде күнә жасап қойған адамды ар-ұжданы шектен тыс мазалап, жанын жегідей жеуі мүмкін. Мұндай сезімнің еш пайдасы жоқ. Осылай болған жағдайда Ехобаның жүрегімізден жоғары екендігі жөнінде ойлану қажет болар. Біз өзгелерді талпындырып жүргеніміздей, өзіміз де Құдайдың сүйіспеншілігі мол әрі кешірімшіл екеніне сенуіміз және оны солай қабылдауымыз керек (Жоханның 1-хаты 3:19, 20). Тағы бір ескеретін жайт — таза ар-ұждан көңілімізді орнықтырып, жан тыныштығын береді және мына дүниеде кездесе бермейтін қуанышқа бөлейді. Бұрын ауыр күнә жасаған көп адам бүгінде осындай жан тыныштығын сезініп, Ехоба Құдайға таза ар-ұжданмен қызмет етіп жүр (Қорынттықтарға 1-хат 6:11).
20, 21. а) Қолыңдағы кітап қандай мақсатпен басылған? ә) Біздің қандай еркіндігіміз бар және біз оны қалай қолдануымыз керек?
20 Қолыңдағы кітап саған осындай қуанышқа кенелуге және Шайтанның зұлым дүниесінің қиындыққа толы соңғы күндерінде ар-ұжданыңды таза сақтауға көмектесу үшін басылған. Әрине, бұл басылымда үстінен ой жүгіртіп, күнделікті өмірде қолдануымыз қажет Киелі кітаптағы заңдар мен принциптер түгел түсіндірілмейді. Ғалаттықтарға 6:2 сілт.). Осылайша Ехоба мәсіхшілерге көп еркіндік беріп отыр. Алайда оның Сөзі осы еркіндігімізді ешқашан ‘жамандық жасауға сылтау ретінде пайдаланбауға’ шақырады (Петірдің 1-хаты 2:16). Бұндай еркіндік бізге Ехобаға деген сүйіспеншілігімізді көрсетуге керемет мүмкіндік береді.
Оның үстіне, ар-ұжданға қатысты мәселелерде тек ақ не қара деген заңдылық жүрмейді. Бұл кітаптың мақсаты — күнделікті өміріңде Құдай Сөзін қолдануды үйрену арқылы ар-ұжданыңды тәрбиелеп, сезімтал етуге көмектесу. ‘Мәсіхтің заңы’ Мұса заңы сияқты жазылған ережелерді қатаң ұстануға емес, ар-ұжданға және принциптерге сай әрекет етуге талпындырады (21 Киелі кітаптағы принциптерді қалай жақсырақ қолдануға болатыны жайында дұға ете отырып ойланып, сосын, соған сай шешімдер қабылдасаң, Ехобаны танып-білуді бастағанда алған бағытыңнан ауытқымайсың. Осылайша іс жүзінде қолдану арқылы түйсіну қабілетіңді машықтандырасың (Еврейлерге 5:14). Сонда өміріңнің әр күнінде Киелі кітапқа сай тәрбиеленген ар-ұжданыңның игілігін көресің. Компастың жиһанкезге бағыт-бағдар беретіні іспетті, сенің ар-ұжданың да көктегі Әкемізге ұнамды шешімдер қабылдауға көмектесетін болады. Бұл — әрдайым Құдай сүйіспеншілігінің саясында болудың ең сенімді жолы.
^ 5-абзац Еврей жазбаларының түпнұсқасында “ар-ұждан” деген ұғымды білдіретін сөз кездеспейді. Алайда осы іспетті мысалдарда ар-ұждан жайлы әңгіме етілетіні анық көрінеді. “Жүрек” сөзі адамның ішіндегі бейне бір “екінші өзіне” нұсқайды. Осы іспетті тармақтарда бұл сөз адамның ішіндегі “екінші өзінің” белгілі бір бөлігіне, яғни ар-ұжданына, нұсқайтыны байқалады. Ал Грек жазбаларында “ар-ұждан” деп аударылған грек сөзі шамамен 30 рет кездеседі.
^ 8-абзац Киелі кітаптан ар-ұжданның мазаламауы жеткілікті бола бермейтіні көрінеді. Мысалы, Пауыл: “Мені айыптайтын ешқандай қылығым есімде жоқ, алайда бұл мінсіз екеніме жеткілікті дәлел бола алмайды. Себебі мені тексеріп, бағалайтын — Иеміздің Өзі”,— деген (Қорынттықтарға 1-хат 4:4). Тіпті мәсіхшілерді қудалап жүргендер де Құдай қолдап отыр деп ойлағандықтан өздерін кінәлі сезінбеуі мүмкін. Кезінде Пауыл да солай еткен. Сонымен, ар-ұжданымызды өзіміз таза деп есептегеніміз жеткіліксіз, ол Құдайдың алдында да таза болу керек (Елшілердің істері 23:1; Тімотеге 2-хат 1:3).
^ 10-абзац Мына жайтты ескерген жөн: көп дәрігердің айтуынша, маскүнемдерге шамасын біліп ішу — мүмкін емес нәрсе. “Шамасын білу” олар үшін мүлдем ішпеу дегенді білдіреді.