Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

6-БӨЛІМ

Топан су жайлы оқиғадан не нәрсеге үйренеміз?

Топан су жайлы оқиғадан не нәрсеге үйренеміз?

Құдай зұлымдарды жойып, Нұх пен оның отбасын құтқарды (Мұсаның 1-жазбасы 7:11, 12, 23).

Жаңбыр 40 күн 40 түн бойы жауып, бүкіл жер бетін су басты. Барлық зұлым адамдар жойылды.

Бүлікші періштелер адами тәндерін тастап, жын-перілерге айналды.

Ал кемедегілер аман қалды. Ақырында Нұх пен оның отбасы дүниеден өтті, алайда Құдай оларды мәңгі өмір сүру үшін қайта тірілтеді.

Құдай тағы да зұлымдарды жойып, жақсы адамдарды құтқармақ (Матай 24:37—39).

Шайтан мен жын-перілер әлі де адамдарды адастыруда.

Нұхтың кезіндегідей, бүгінде көп адам Ехоба Құдайдың сүйіспеншілікпен берген басшылығынан бас тартады. Жақында Ехоба барлық зұлым адамдарды жоймақ (Петірдің 2-хаты 2:5, 6).

Нұх сияқты Құдайды тыңдап, айтқандарын орындайтын адамдар да бар. Олар Ехоба куәгерлері.