Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ АЙТУЛЫ ОҚИҒАЛАРЫ

Олар “Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ” үшін өте риза!

Олар “Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ” үшін өте риза!

2013 жылдың 28 маусымында jw.org сайтында “Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ” енді 100 тілде қолжетімді болғаны хабарланды. Онлайн кітапханадағы ізденіс мүмкіндіктері компакт-дискідегі “Күзет мұнарасының кітапханасына” ұқсас болып келеді. Аталмыш кітапхананы компьютер, ноутбук, планшет және смартфон сияқты Интернетке қосылған құрылғылардың көпшілігінде қолдануға болады. Ондағы әдебиеттердің басым бөлігі — 2000 жылдан бастап шығарылған әдебиеттер. Сондай-ақ бұл кітапханадан “Жаңа дүние аудармасы” мен “Киелі жазбаларды түсіну” басылымын көптеген тілде табуға болады. “Күзет мұнарасының кітапханасындағыдай” мұндағы іздеу жолағына да бір сөзді не сөз тіркесін жазып, ізденіс жүргізуге болады. Бұл кітапхананың бір ерекшелігі — қандай да бір жазба орнын не мәліметті бір тілде іздеп, оны басқа тілде қатар ашуға болады. Осы баға жетпес құрал үшін жолданған кейбір ризашылық сөздері мынадай:

“Сіздерге “Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ” үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Зерттеуге зор көмек болатын осы жаңа құралды көргенде, жүрегім ризашылыққа толды. Мен компьютер бағдарламалары не веб-сайттар жөнінде ештеңе білмеймін, әйтсе де зерттеуге арналған осы құралдың сапасы өте жоғары деп сенімділікпен айта аламын. Сіздердің айналадағы адамдарға, бауырластарға және Ехобаға деген сүйіспеншіліктеріңіз анық көрініп тұрады. Онлайн кітапхананы сіздердің қамқорлықтарыңыздың айқын көрінісі деп білемін. Көктегі Әкем Ехобаның асқан сүйіспеншілігі мен жомарттығын паш ететін бұдан артық қандай сыйлық болуы мүмкін?! Сіздерге мың да бір рақмет” (А., Аргентина).

“Өз көзіме сене алар емеспін! Бүгін түстен кейін онлайн кітапханаға кірсем, жаңа тілдердің ішінде креол (гаити) тілі де пайда болыпты! Бұлай болады деп ешқашан ойламаппын. Айтуға сөз таппай тұрғаным хатымнан көрініп те тұрған шығар. Еңбектеріңіз үшін Ехоба батасын төгіп, оның киелі рухы сіздерді әрі қарай да жетелей берсін!” (Д.С., Құрама Штаттар).