Жүз жыл бұрын. 1914
“КҮЗЕТ МҰНАРАСЫНЫҢ” 1914 жылы 1 қаңтарда шыққан санында былай делінген болатын: “Егін жинау ісінің алдыңғы жылдарына қарағанда 1914 жыл қызмет етудің көбірек мүмкіндіктерін ашады деп ойлаймыз”. “Киелі кітап зерттеушілері” ондаған жыл бойы асыға күткен осы жыл да келіп жетті. Бұл жылы олар қызметке көп күш жұмсады. Нәтижесінде миллиондаған адам Киелі кітапта жазылған уәделер жайлы естіді. Алайда айналадағы адамдар күш-қайратын мүлдем басқа нәрсеге жұмсап жатқан еді.
Дүние қатыгез бола түсті
1914 жылдың басында Құрама Штаттарда болған жұмысшылар көтерілісі тарихтағы ең қатыгез оқиғалардың бірі болды. Сол көтерілісте ондаған ер, әйел мен баланың өмірі қыршын кетті. Көтеріліске қатысқан шахтерлер мен олардың отбасылары компания бөліп берген үйлерінен қуылғандықтан, лагерьде тұруға мәжбүр болды. 20 сәуірде Ладлоудың (Колорадо штаты) маңындағы шахтерлердің лагері оқ астына алынып, сосын өртелді. Кек алуды көздеген сол аймақтағы ашулы шахтерлер компанияның көптеген күзетшілерін өлтірді. Қалада тәртіп орнату үшін әскери топ жұмылдырылды.
Ал Еуропадағы жағдай бұдан да нашар еді. 28 маусымда 19 жасар босниялық серб Гаврило Принцип Австрия эрцгерцогы Франц Фердинантты атып өлтірді. Осы атылған бір оқ Бірінші дүниежүзілік соғысқа бастау берді. “Ұлы соғыс” деген атпен танымал болып кеткен Бірінші дүниежүзілік соғыс сол жылдың аяғында Еуропаны да орап әкетті.
Уағыз ісіне баса назар аударған конгрестер
Дүниеде аласапыран уақыт болып жатқанда, “Киелі кітап зерттеушілері” бір-бірін уағыз ісіне белсене атсалысуға талпындырып жүрді. Құдай халқының Оңтүстік Африкада өткен алғашқы конгресі 10 сәуірде басталды. Сол конгреске келгендердің ең жоғарғы саны 34-ке жетті. Уильям Джонсон былай дейді: “Біз өте “кішкене отар” болдық. Қатысушылардың жартысын дерлік шомылдыру рәсімінен өткіздік. Сегіз әйел және сегіз ер бауырлас Иса өсиет еткендей, өмірлерін Ехобаға бағыштағандарын шомылдыру рәсімінен өту арқылы паш етті”. Конгрестің соңғы күнінде жиналған бауырластар Оңтүстік Африкадағы уағыздау ісін қалай жақсырақ атқаруға болатыны жайлы сөз етті. Бүгінде Оңтүстік Африкадағы 90 000-нан аса жариялаушы сол “кішкене отардың” жетістікке жеткенінің дәлелі болып табылады.
1914 жылдың 28 маусымында, эрцгерцог Фердинантқа оқ атылған күні, “Киелі кітап зерттеушілері” Клинтон қаласында (Айова штаты, АҚШ) конгресс өткізіп жатқан еді. Сол
конгресте, 30 маусымда, Макмиллан бауырлас былай деді: “Егер біз сыйымызды алғымыз келсе, Құдайдың еркін орындау үшін мүмкін болған кездің бәрінде Патшалық хабарын дүниежүзіне жариялап, уағыз ісінде белсенді болып қалуымыз қажет”.Миллиондаған адамның көңілін жаулаған “Фотодрама”
Киелі кітапқа негізделген баяндамалармен және музыкамен сүйемелденген түрлі түсті шыны слайдтар мен жылжымалы бейнелерден тұратын “Жаратылыстың фотодрамасының” тұсаукесері 1914 жылы 11 қаңтарда Нью-Йоркте өтті. Осы алғашқы көрсетілімге бес мың адам келді және орын болмағандықтан көбісіне қайтып кетуге тура келді.
“Жаратылыстың фотодрамасын” дайындауға екі жылдай уақыт кетсе де, “Күзет мұнарасында” жазылғандай, “ол қаңтарда өткен алғашқы көрсетілімге толықтай дайын болмаған еді”. 1914 жылдың алғашқы жартысында бауырластар “Фотодраманы” жақсарту мақсатымен оған бірнеше өзгерістер енгізді. Мысалы, олар фильмге Чарлз Тейз Расселдің сөздерімен сүйемелденген кіріспе бөлім қосты. Осылайша “Фотодраманың” кімнің демеуімен шығарылғаны анық көрінді.
“Фотодраманың” бір уақытта 80-нен аса қалада қойылғаны оның көрсетілімінің ең биік шыңы болды. 1914 жылдың шілде айында ол Ұлыбританияға жетіп, Глазго мен Лондонда көрермендерге лық толы ғимараттарда көрсетілді. Ал қыркүйекте “Фотодрама” Дания, Финляндия, Германия, Швеция мен Швейцарияда қойылды. Қазан айында ол Австралия мен Жаңа Зеландияға да жетті. Жалпы алғанда, “Фотодраманы” бір жылдың ішінде тоғыз миллионнан аса адам көрді.
“Фотодраманың” әр көшірмесі жүздеген шыны слайдтан, жылжымалы бейнелер оралған көптеген орауыштан және бірталай таспадан тұрды. Оның көшірмесін шығару қымбатқа түсетін және әр көрсетілім тәжірибелі бауырластардан тұратын топтың көмегін қажет ететін. Сондықтан “Фотодраманың” толық нұсқасы көбінесе ірі қалаларда көрсетілді. Осы қойылымды ауылды жерлерде де көрсету үшін “Киелі
кітап зерттеушілері” “Фотодраманың” қысқартылған үш нұсқасын шығарды. “Эврика-Драма У” деген атпен танымал бір нұсқасы Киелі кітапқа негізделген баяндамалардың және музыканың сүйемелдеуімен жүретін боялған шыны слайдтардан тұрды. “Эврика-Драма Х” пен одан да қысқа “Эврика отбасылық драма” нұсқалары тек аудио түрінде болды. Олардың слайдтары да, жылжымалы бейнелері де болған жоқ. 1914 жылдың аяғында, “Эврика-Драма” нұсқасының шыққанына төрт ай болмай жатып, Құрама Штаттардағы 70 000-нан аса адам оны көріп не тыңдап үлгерді.Кітап таратушылар мен ерікті қызметшілер уағыз ісіне атсалысты
“Фотодраманы” көрсету қызметтің қызықты әрі жаңа түрі болғанымен, “Киелі кітап зерттеушілері” уағыздаудың басқа түрлерінің бірінші орында тұру керектігін түсінді. Чарлз Тейз Расселл қазір ізашарлар деп аталатын кітап таратушыларға былай деп хат жазды: “Сендердің қызметтерің орақ кезіндегі ең жемісті қызмет түрі болып табылады. Сондықтан көңілдеріңді түсіруге мәжбүрміз: сендер енді “Фотодраманы” көрсету
жұмыстарына қатыспайсыңдар... “Фотодраманы” көрсетумен Иемізге адал басқа бауырластар айналыса алады”.1914 жылдың қаңтар айында кітап таратушылардың саны 850-ге жетті. Құлшынысты жариялаушылар бір жылдың ішінде “Жазбаларды зерттеу” кітаптарының 700 000-нан аса данасын таратты. Кітап таратушылардың атқарып жүрген қызметтері әрқашан оңай бола бермейтіндіктен, “Күзет мұнарасы” журналында оларға шынайы қызығушылық білдірілді және оқырмандар кітап таратушыларды жігерлендіруге шақырылды.
Басқа “Киелі кітап зерттеушілері” көптеген тілде трактаттар таратты. 1914 жылы олар “Киелі кітап зерттеушілерінің айлық басылымы” мен басқа да трактаттардың 47 миллионнан аса данасын таратып шықты!
“Киелі кітап зерттеушілерінің” атқарып жатқан жұмыстары байқаусыз қалмады. Олар көпшіліктің алдында уағыздап жүрді және кездесулерінде ақша жинамайтын. Бір шіркеу қызметшісі наразылық білдіріп: “Көп ұзамай адамдар ақша жинауды қылмыс деп қарастыратын шығар, сонда біз не істемекпіз? Пастор Расселл бізді жаманатты қылатын болды ғой”,— деді.
Басқа ұлттарға берілген уақыт аяқталды
“Киелі кітап зерттеушілері” Лұқа 21:24-те айтылған “басқа ұлттарға... берілген уақыт” 1914 жылдың 1 қазанында аяқталады деп сенді. Қазан айы жақындаған сайын, олардың қуаныштары да арта түсті. “Киелі кітап зерттеушілерінің” кейбірі тіпті кері есептейтін күнтізбе жасап алып, әрбір өткен күнді белгілеп отырды. Олардың көбісі сол күні “шымылдықтың арғы жағына”, яғни көкке шақырыламыз деп ойлады.
1914 жылдың 2 қазанында Расселл бауырлас Бетелдің асханасына кіріп: “Басқа ұлттарға берілген уақыт аяқталды. Олардың патшаларының күні соңына жетті”,— деп хабарлады. Сол жерде отырғандардың кейбірі бұл сөздердің “Мыңжылдық таң шапағының мадақтау әндері” кітапшасының 171-әнінен алынғанын байқаған болса керек. 1879 жылдан бері “Киелі кітап зерттеушілері” ән айтқанда “Басқа ұлттарға берілген уақыт аяқталмақ” деп шырқайтын, бірақ бұл Лұқа 21:24). Уақыт өте келе осы маңызды өзгеріс ән кітапшасынан көрініс тапты.
сөздер енді шындыққа сай емес еді. Өйткені “басқа ұлттарға... берілген уақыт” расында да аяқталған болатын (Сол жылдың аяғына қарай Мәсіхтің Патшалығы көкте берік орнаған еді және кейбір “Киелі кітап зерттеушілері” өздерінің жұмыстары осымен аяқталды деп ойлады. Олар сыналатын және електен өткізілетін кезеңнің алдында тұрғандарын білмеген еді. 1915 жылы “Мен ішетін тостағаннан іше аласыңдар ма?” деген Матай 20:22-ге негізделген сөздер жылдық мәтін ретінде таңдалды. “Тостаған” деуімен Иса өліміне дейін басынан кешіретін қиындықтарға меңзеген болатын. “Киелі кітап зерттеушілері” де өздерінің араларынан шығатын және сырттан келетін қиындықтарға кезікпек еді. Олар осы қиындықтарға төтеп беру арқылы Ехобаға деген адалдықтарын көрсетпек еді.