Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

СЬЕРРА-ЛЕОНЕ ЖӘНЕ ГВИНЕЯ

Олар оны қатты көргісі келді

Олар оны қатты көргісі келді

1956 жылы Фритаундағы бауырластар “Жаңа дүние қоғамы әрекет етуде” деген бейнефильмді көпшілікке көрсетті. Олар былай деді:

“Біз Фритаундағы үлкен залды жалға алып, шақыру қағазының 1000 данасын тараттық. Қанша адам келетінін ойлап, біраз уайымдадық. Фильмнің басталуына жарты сағат қалғанда, 25 адам ғана жиналды. 15 минуттан кейін тағы 100 адам келді. Көп ұзамай 500 орынның бәрі де толды. Тағы 100 адам фильмді тұрып көруге қуанышты болды. Ал сыртта ішке кіре алмаған тағы 500 адам тұрған еді. Олардан фильмнің екінші рет көрсетілуін күте тұруға дайынсыңдар ма деп сұрағанымызда, сыртта тұрғандар “иә” деп жауап берді. Жаңбыр жауып тұрғанына қарамастан, олар далада күтіп тұрды!”

Бірнеше жыл ішінде Сьерра-Леоненің 80 000-нан аса тұрғыны осы және басқа да керемет бейнефильмдерді көріп шықты.