Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

СЬЕРРА-ЛЕОНЕ ЖӘНЕ ГВИНЕЯ

Сьерра-Леоне және Гвинея туралы жалпы мағлұмат

Сьерра-Леоне және Гвинея туралы жалпы мағлұмат

Жері. Екі елдің де жағалауында батпақты жерлер, саванналар, жері өңделетін таулы үстірттер бар. Ал елдің ішкі жағында аспанмен таласқан биік таулар кездеседі. Батыс Африкадағы Гамбия, Нигер және Сенегал деген үш ірі өзен Гвинеядан бастау алады.

Халқы. Темне мен менде Сьерра-Леонедегі жергілікті 18 тайпаның ішінде ең үлкендері болып табылады. Крио тайпасы — бостандық алған африкалық құлдардың ұрпақтары — көбіне Фритаун қаласының маңында тұрады. Гвинеяда болса 30-дан астам этникалық топ бар, олардың арасындағы ең үлкені фулани, мандинго және сусу топтары болып табылады *.

Діні. Сьерра-Леоне тұрғындарының шамамен 60 пайызы — мұсылмандар, қалғандары өздерін мәсіхшіміз деп санайды. Ал Гвинея халқының шамамен 90 пайызы мұсылмандар болып табылады. Екі елдің тұрғындарының көбісі дәстүрлі африкалық діндерді де ұстанады.

Тілі. Әр этникалық топтың өз тілі бар. Сьерра-Леонедегі ұлтаралық ортақ тіл — крио тілі. Бұл тіл ағылшын, еуропалық және африкалық тілдердің араласуынан пайда болған. Ал Гвинеядағы ресми тіл — француз тілі. Екі елдің тұрғындарының шамамен 60 пайызы сауатсыз.

Шаруашылығы. Халықтың көбісі күн көру үшін егін шаруашылығымен айналысады. Сьерра-Леонеде экспорттаудан келетін кірістің жартысы дерлік аллювийлік алмаздан түседі. Ал дүниедегі ең үлкен боксит қорларының бірі Гвинеяда шоғырланған.

Тағамы. Ел арасында “Күрішің жоқ болса, демек, жейтін тамағың да жоқ!” деп жиі айтады. Олар пісірілген маниокты ұрғылап қамыр жасау арқылы фуфу тағамын дайындайды. Оған жиі ет, окра өсімдігін және қышқыл тұздық қосып жейді.

Климаты. Жағалауда ауа-райы ыстық әрі ылғалды, ал таулы аймақтарында салқындау болып келеді. Құрғақшылық мезгілінде Сахара шөлінен бірнеше күн бойы соққан гарматан желі ауа температурасын төмендетіп, елге шаң ұшырып әкеледі.

^ 4-абзац Кейбір тайпалар әртүрлі атаулармен белгілі.

 

СЬЕРРА-ЛЕОНЕ

ГВИНЕЯ

ЖЕР КӨЛЕМІ:

71 740 км2

245 857 км2

ХАЛҚЫ:

6 092 000

11 745 000

2013 ЖЫЛҒЫ ЖАРИЯЛАУШЫЛАР САНЫ:

2039

748

1 ЖАРИЯЛАУШЫҒА ШАҚҚАНДА:

2988

15 702

2013 ЖЫЛЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІНЕ КЕЛГЕНДЕР:

8297

3609