Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ИНДОНЕЗИЯ

Ұмытылмас конгресс

Ұмытылмас конгресс

БҮКІЛ Индонезиядан жиналған жүздеген жариялаушы мен шетелден келген 122 қонақ 1963 жылы тамыздың 15—18 аралығында Батыс Яваның Бандунг қаласында бас қосты. Олар “Мәңгілікке жалғасатын ізгі хабар” деп аталған Индонезиядағы ең алғашқы халықаралық конгреске қатысты.

Бұл жиынды ұйымдастыру үшін бауырластарға көп қиындықтан өту керек болды. Мемлекеттің Тәуелсіздік күнінің атап өтілуіне орай, конгресс өтетін жерді үш рет ауыстыруға тура келді. Ақша құнсызданып кеткендіктен, үкімет жолақыны 400 пайызға көтеріп, бауырластар қалаға жетудің басқа жолдарын ойластырды. Бір ер бауырлас кон-греске алты күн жаяу жүріп келген. Ал Сулавесиден келген 70 қонақ конгреске бес күн бойы адамға лық толы кеменің ашық алаңында отырып жеткен.

Индонезиялықтар конгреске келген шетелдік бауырластарды, сондай-ақ басқарушы кеңестің екі мүшесі Фредерик Френц пен Грант Сьютерді көріп, ерекше сезімге бөленді. Қонаққа келген бір бауырлас: “Бауырластардың жүздерінен күлкі кетер емес, олар сондай бақытты!”— деді.

Конгреске 750-ден аса адам келді, солардың 34-і шомылдыру рәсімінен өтті. “Тарихымыздағы осы елеулі жиын қызығушылық білдіргендердің шындықтың жағына шығуына айтарлықтай септігін тигізді. Жергілікті бауырластарды Құдай ісін шабыттана атқаруға талпындырды”,— деді Рональд Джака.

1963 жылғы “Мәңгілікке жалғасатын ізгі хабар” атты конгресте баяндама айтып жатқан Рональд Джака (оң жақта) мен аудармашы