ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ АЙТУЛЫ ОҚИҒАЛАРЫ
Жаһан жаңалықтары
Босқындар мен мигранттар шындықты естіп жатыр
Елге босқындар мен мигранттар ағылып келгендіктен, Германиядағы өзге тілді танапта зор өсім болып жатыр. Соңғы тоғыз айда шет тілдерде 229 топ пен бастама топ құрылды. 800-ге жуық жариялаушы 13 тілде өтетін курстарға барады. Бұндай тіл үйрету курстарының саны 30-ға жуық.
Бауырластар босқындар лагеріне барып уағыздап жүр. Олар 200-ден аса жерде әдебиет арбаларымен тұрып, шамамен 640 000 әдебиет таратты.
Басқарушы кеңес 2016 жылы мамыр мен шілде арасында арнайы уағыздау науқанын өткізуді мақұлдады. Жеті елден араб тілінде сөйлейтін 700-дей жариялаушы келіп, Австрия мен Германиядағы араб тілінде сөйлейтін адамдар шоғырланған он түрлі аймаққа уағыздауға жіберілді.
Жолдан табылған тиындар
Белиздегі 50 жариялаушыдан тұратын Фейберз Роуд Криол қауымы өз аймақтарында әдетте жаяу жүріп уағыздайды. Олардың көбісі өте кедей тұрса да, жомарттық танытудың жолын іздеп жүреді. Бір-екі жыл бұрын бауырластар үйден үйге уағыздап жүріп, жолдан тапқан тиындарын жинай бастаған. Кейін әр жылдың соңында олар тиынның бәрін жинап, жуып, сорттап, қанша жинағандарын санайтын болған.
Тапқан тиын-тебендерінің көбісі тым майда болса да (АҚШ-тың жарты центі), әр жылда олар 225 АҚШ долларына тең қаражат жинаған. Бауырластар бұл ақшаның жартысымен жергілікті Патшалық сарайының шығынын жауып, қалған жартысын дүниежүзілік іске садақа еткен.
Тыңдармандардың саны төрт миллионға жетті!
2016 жылдың 5 наурызында филиалға бас басқарманың өкілі Энтони Гриффин келгенде, Бурундидің теократиялық тарихында елең еткізер бір ерекше оқиға болды. Қауымдарға арналған бағдарлама негізгі ұлттық радиостансы арқылы толықтай трансляцияланды. Тыңдармандардың саны шамамен төрт миллионға жетті!
Радионың арқасында керемет куәлік берілді. Айтылып жатқан лебіздер де көп болды. Бағдарламаны трансляциялауға көмектескен радиотехниктердің бірі
былай деді: “Осы сияқты бағдарламаларыңыз көбейе берсін!” Радиода істейтін тағы бір маман былай деп жазды: “[Осындай бағдарламаларды] әрі қарай да шығара берулеріңізге тілектеспін. Олар көп адамның өмірін сақтап қалатыны даусыз”. Көптеген автобустар мен таксилердің радиосында осы бағдарлама ойнап тұрды.Концерт тоқтап қалды
Непалдағы кішкентай оқшау топта қызмет ететін бауырластар 2016 жылы Еске алу кеші өтетін күні жаман жаңалық естіп көңілдері түсті. Олар жалдаған залдың қасындағы мектепте үлкен концерт өткізілмекші болған.
Әдетте мұндай концерттердің даусы жер жарады. Бауырластар Еске алу кеші болатын күні таңертең залды тазалауға келгенде, концерт ұйымдастырушысы: “Сендер біздің әуеннен басқа ештеңені ести алмайсыңдар”,— деді.
Концерт түсте басталды, даусы, расында да, қатты шығып тұрды. Бауырластар о баста жоспарлаған дауыс зорайтқыштан әлдеқайда үлкенін жалға алды. Бірақ олар тіпті микрофон тексерген кезде дауыстарын ести алған жоқ. Көңілдері құлазыған бауырластар бұл жайлы қатты дұға етті. Еске алу кешінің басталуына 30 минут қалып, бауырластардың көбісі келіп қойған кезде, концерттің үні өшіп қалды. Сөйтсе, ішіп алған адамдардың кейбірі төбелес шығарғандықтан, полиция концертті тоқтатып тастаған екен. Осылайша бауырластар Еске алу кешін тыныш жерде, ойдағыдай өткізді.
Мақтау сөздерге көмілген jw.org
Джузеппе — Италияда тұратын тұрақты ізашар. Ол Интернетке қатысты кеңестер беретін компанияға үйден отырып жұмыс істейді. Өткен мамырда ол 70
шақты әріптесі бас қосқан жиналысқа қатысып, онда компания қандай жаңа идеяларды іске асыра алатыны талқыланды. Бас директор сөзінің басында компания мақсат етіп қойған жетістіктерге қол жеткізген кейбір веб-сайттарды үлгі ретінде көрсетті. Кейін солардың бірін экранға шығарды. Джузеппе jw.org сайтының негізгі бетін көргенде, аузы ашылып қалды. Директор оның әлемдегі ең үздік сайт екенін айтты. Сосын сайттың техникалық тұстарына назар аударып, анық көрініп тұрған сілтемелері мен көз тартарлық графикасын мақтады.“Менің әріптестерім сайттың қаншама тілге аударылғанын білгенде, таңғалды,— деді Джузеппе. — Презентацияның соңында менің жетекшім директор мен әріптестеріме: “Джузеппе Ехоба куәгері ғой”,— деді. Сонда
директор маған: “Сендердің ұйымдарың мақтауға әбден лайық. Сендердікіндей веб-портал — кез келген компания мен ұйымның арманы. Оны жаңартып, қолдануға жеңіл қылып отыру үшін қанша күш салынып жатқаны айтпаса да түсінікті. Мазмұны мен ұсақ-түйегіне мұқият көңіл бөлінетіні көрінеді”,— деді. Өзім еңбек сіңірмеген нәрсе үшін соншама мақтау сөз естігеніме сәл ыңғайсызданып қалғаным бар. Бірақ Ехоба куәгерлері жайлы ештеңе білмейтін көп адамға куәлік берілгені үшін қуанып кеттім. Қазір мен кейбір әріптестеріммен жиі әңгімелесіп тұрамын, тіпті олардың үшеуімен Киелі кітапты зерттеу сабағын бастадым”. Бұл компания jw.org сайтын әлі “зерттеп” жатыр, ал Джузеппе әріптестерімен Киелі кітап жайлы әңгімелесіп тұрады.Ол ұсыныстан бас тартты
Хорхе деген жас бала Аргентинада тұрады. Ол 2010 жылдың басында шындық жайлы алғаш рет сыныптасынан естиді. Сөйтіп, “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабы бойынша зерттеуді бастайды. Сол кездері ол футболға қатысып жүреді. Хорхе үздік ойыншы болғандықтан, 2-лига командасына шақырылады. 2014 жылдың сәуірінде оған Германиядағы бір командада өнер көрсету ұсынылады. Ол кәсіби футболшы болуға қатты қызығып, келісе кетеді. Еуропаға кетуіне бірнеше күн қалғанда, бапкері оған келіп былай дейді: “Сен Ехоба куәгерісің ғой, иә? Шетелге кетемін деп өміріңді құртпа. Сендей кезімде мен де Куәгер болғанмын. Сол кезде мен Азиядағы бір командаға шақырылдым. Олар маған көп нәрсені уәде етіп, еліктіріп әкетті. Ол жаққа отбасыммен бірге барып, кейін әбден көңіліміз қалған күйі қайтып келдік”. Хорхе былай дейді: “Бапкерімнің сөздерінен кейін ойымды күрт өзгерттім. Еуропаға бармауды шештім. 2015 жылы мен жариялаушы болып, артынан шомылдыру рәсімінен өттім”.
Тегін бата
2015 жылдың қыркүйегінде Уганданың Кампала қаласында “Иса пайғамбарды үлгі тұтайық” атты аймақтық конгресс өткізілді. Басқарушы кеңестің мүшесі Марк Сандерсон “Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасының” луганда тілінде шыққанын жариялағанда, жиналған жұрттың қуанышы қойнына сыймады.
Киелі кітапты зерттеп жүрген бір әйел былай деді: “Мынадай әдемі Киелі кітап алу мен үшін үлкен бақыт! Конгресс өткен кездері адамдар Рим папасының келуіне дайындалып жатқан еді. Қаржы жинау үшін “бата әкелетін” тәспілер шіркеуде 30 доллардан (АҚШ) сатылды. Адамдар батаға кенелгісі келгенмен, көбісінің қалтасы көтермеді. Ал мен болсам, нағыз батаны тегін алдым. Ехоба оны конгреске келгендердің бәріне берді. Ал шын ниетпен ерікті садақа жасағысы келсе, әркім өзі шешеді. Күн сайын Ехобаның Сөзін ана тілімде оқып, Құдайды танып-білгенде, өзімді нағыз жарылқанған адамдай сезінемін. Ехоба маған жеке Киелі кітап сыйлағанына ризамын”.
“Әдебиеттері тылсым әлемде басып шығарылады”
Конгоның (Киншаса) бір аймағында шіркеу жетекшілері www.dan124.com сайтына күмән тудыру үшін адамдарды Ехоба куәгерлерінің әдебиеттері тылсым әлемде басып шығарылады деп үйретеді. Сөздерін растау үшін олар сайтымыздың мекенжайындағы “www” әріптері Аян кітабындағы 666 деген санға сай келетінін айтқан (Аян 13:18). Осыны естіп, Киелі кітапты зерттеп жүрген кейбір адамдар зерттеу сабағынан бас тартқан.
Бұл мәселеге қатысты дұға етіп алған соң, бір ізашар ерлі-зайыпты өздерімен Киелі кітапты зерттеп жүрген кісілерді және олардың жұбайларын қонаққа шақырады. Қонақтармен ас ішіп болған соң, бауырластар оларға “Ехоба куәгерлері. Ізгі хабарды жариялау үшін ұйымдасқан” деген бейнефильмді көрсетеді. Бұл фильмнен кейін олардың әдебиеттеріміздің қалай басылып шығарылатынына қатысты күмәні толықтай сейілді. Келесі аптада сол қонақтардың арасында болған бір зерттеушінің күйеуі, Киелі кітапты зерттемесе де, бауырластарға 100 АҚШ долларын қоярда-қоймай алғызып, дүниежүзілік іске жіберулерін сұрайды.
Олар жаңа әндерді үйреніп алды
Папуа — Жаңа Гвинеядағы шалғай аймақта тұратын бауырластардың интернеті болмағанына қарамастан, олар жаңа Патшалық әндерін қатты үйренгілері келеді. Сол себептен Мундип қауымы бір ер бауырласты жақын қалаға жібереді. Қалаға жету үшін ол екі сағат жаяу, екі сағат автобуспен жүру керек. Бауырлас ол жақтан интернет тауып, жаңа әннің сөздерін қағазға көшіріп алады. Жұртқа оралған соң ол қауымдағылар көре алу үшін әннің сөздерін Патшалық сарайындағы тақтаға жазып қояды. Ал бауырластардың бәрі қауым кездесуінде шырқалатын бұл әндерді өздеріне көшіріп алады. Олар дүниенің түкпір-түкпіріндегі қауымдармен қатар ән шырқап, Ехобаға ғибадат ететіндерін жоғары бағалайды.