ГРУЗИЯ | 1924—1990
Қауымның арқасында бәрінің сенімі нығайды
Шындыққа жаңа келгендердің сенімі қауымдардың арқасында нығайды. Жаңадан шомылдыру рәсімінен өткендер бұрыннан шындықта жүргендерден қалыспай, жиналыс өткізуге үйлерін ұсынатын. Жиналыста бәрі арқа-жарқа қауышып, сүйіспеншіліктері нығаятын.
Біраз зерттеуші шомылдыру рәсімінен өтуге дайын болғанда, бауырластар абайлап бірнеше арнайы кездесу өткізді. Сондай кездесулердің бірі 1973 жылдың тамыз айында Қара теңіз жағалауындағы Сухуми қаласында өтті. Алайда 35 адамның бәрі суға түсіп үлгермеді. Кездесуге полиция
қызметкерлері келіп, кейбір бауырластарды қамауға алды. Олардың арасында Владимир Гладюк те болды.Владимир түрмеден шыға сала, суға түсіп үлгермегендердің бәрімен қайта хабарласты. Содан екі күннен кейін олар шомылдыру рәсімінен өтті. Владимир бұл жайлы: “Ехоба біздің жағымызда еді. Бәрі шомылдыру рәсімінен өтіп болған соң, біз дұға етіп, Ехобаға алғыс айттық”,— деп есіне алды.
Қуғын-сүргіннің арқасында ізгі хабар кең тарады
Шомылдыру рәсімі өткізілгеннен 2 күн өткен соң Владимир Гладюк қайтадан тұтқындалды. Кейін ол, сондай-ақ Итта Сударенко мен Натела Чаргеишвили бірнеше жылға түрмеге қамалды. Бұл келеңсіз жағдай болғанмен, жариялаушылар қызметтерін тоқтатпай, сақтықпен атқаруды шешті.
Билік басындағылардың назарына ілікпес үшін олар қалашықтар мен ауылдарға барып уағыздайтын болды. Осылай қуғын-сүргіннің арқасында ізгі хабар, керісінше, жер-жерлерге тарала бастады.
Коммунистік жүйе кезінде үлкен қалаларда тұрған жариялаушылар тыныш көшелер мен саябақтарда куәлік ететін. Олар басқа қалалар мен ауылдардан туысқандарын көруге не базарлауға келгендермен де жиі сөйлесетін. Ал біреу шындыққа қызықса, онымен қайтадан кездесу үшін мекенжайын сұрап алатын.
Бабуца Джеджелава батыс Грузияның о шеті мен бұ шетін аралағандардың бірі болған. Ол былай
дейді: “Туыстарым жер-жерде тұрғандықтан, жиі жол жүретініме ешкім күдікпен қарамайтын. Шамамен 2 жылдан кейін менің Зугдидиде 20-дан аса зерттеуім болды, ал Чхороцку қаласында 5-еу еді. Кейін бәрі шомылдыру рәсімінен өтті”.Грузин тіліндегі әдебиетке зәрулік
Көп ұзамай жариялаушылар грузин тіліндегі әдебиетке зәру бола бастады. Бұл әсіресе адамға қайта барғанда не зерттеу сабағы басталғанда қатты сезілді. Өйткені зерттеушілер жақсы түсінетін тілде Киелі кітап пен әдебиет жоқ еді *.
Бабуца бауырлас грузин тілінде әдебиет жоқ кезде зерттеу сабақтарын жүргізудің қандай қиын болғанын былай еске алды: “Менің Киелі кітабым мен әдебиеттерім орыс тілінде еді. Сондықтан жиі оларды зерттеушілеріме аударып беруге тура келетін”. Бабуца тек сөздіктің көмегімен журналдарымыздағы мақалаларды аударатын. Сондай-ақ ол Матай кітабын толығымен аударып шыққан!
Мақалалардың ана тілдеріне аударылғанына риза болған қызығушылар оларды өздеріне қолмен көшіріп алатын. Грузин тілінде Киелі кітап табу қиынның қиыны еді, сондықтан зерттеушілердің арасынан Құдай Сөзінің заманауи “көшірмешілері” де табылды.
“Мен тапжылмай отырып көшірдім”
Грузин тіліне аударылған әдебиеттерді
бауырластар мен қызығушылардың бәрі оқи алу үшін олар қолдан-қолға өтіп отыратын. Оқуға бірнеше күн не апта берілетін. Заманауи грузин тіліндегі Грек жазбалары бауырластардың қолына түскенде, бір отбасы оның көшірмесін жасағысы келеді.Әкесі Грек жазбаларын көшіруді сұрағанда, Рауль Карчава 13 жасар жеткіншек еді. Ол былай дейді: “Әкем ықыласымды оятқысы келіп, бір қорап дәптер, неше түрлі қаламсап сатып әперді. Мен қобалжысам да, көшіруге келістім. Арагідік қолымды жазғаным болмаса, тапжылмай отырып көшірдім”.
Рауль бәрін көшіріп үлгеру үшін бауырластар көптің қолы жете бермейтін бұл кітапты тағы бірнеше
аптаға беруге келіскенде, туыстарының қуанышында шек болмады! Рауль небәрі екі айда Грек жазбаларының 27 кітабын толығымен көшіріп шықты!Көшірмешілердің осындай ерен еңбегіне қарамай, жылдам саны артып жатқан зерттеушілерге рухани ас жетіспеді. Сондықтан кейбір бауырластар бастарын қатерге тігіп, өз үйлерінде Киелі кітапқа негізделген әдебиеттерді көбейтіп, таратуға кірісті.
Осылай батыс Грузияда уағыз ісі қарқын алып жатты. Ал шығыстағы ахуал қандай еді? Елдің астанасы Тбилисиде Васо Квениашвили сияқты, шындыққа сусап жүрген адамдарға көмектесетін бауырластар болды ма?
Шындықтың астанаға жетуі
1970 жылдары Кеңес үкіметі Куәгерлердің сағын сындыру мақсатымен оларды бір жерде тұрақтатпай, үйлерінен кетуге мәжбүр ететін. Осындай жағдайға тап болған Алексей мен Лидия Курдас Украинадан Тбилисиге көшіп келген еді. Олар сенімнен таймағандары үшін көп жыл Кеңес Одағының лагерьлерінде отырып шыққан болатын.
Бірде Алексей мен Лидия өте діндар ерлі-зайыпты Заур мен Этери Кессаевтарға шындық жайлы айтады. Ол кезде 15 жаста болған қыздары Лариса сол екі Куәгермен қалай кездескенін былай әңгімеледі: “Біз православ діні ең шынайы дін екенін дәлелдеуге тырыстық. Бірнеше кездесуден кейін, біздің дәлелдеріміз сарқылды. Ал олардың Киелі кітапқа негіздеп айтқан әңгімелері таусылмады”.
Әрі қарай ол былай деді: “Шіркеуге барғанда, мен екі иконның арасында жазулы тұрған Он өсиетті жиі оқитынмын. Бірақ сол күні Алексей бізге Мұсаның 2-жазбасы 20:4, 5-ті оқып бергенде, шынымды айтсам, бұған сенбедім. “Бұл қалай болғаны, икондарға табынып, Құдайдың өсиетін бұзып жүрміз бе, сонда?” деген ой мазалап, түнімен ұйықтай алмай шықтым”.
Көкейін тескен сұрақтың жауабын білу үшін Лариса ерте тұрып, шіркеуге барады да, әлгі өсиеттерді қайта оқиды: “Еш нәрсенің қашалған мүсінін не бейнесін жасама. Оларға бас иіп табынба”. Осылай ол өмірінде алғаш рет Құдайдың бұл өсиетінің мәнін
түсінеді. Уақыт өте келе Лариса мен ата-анасы шомылдыру рәсімінен өтіп, Тбилисидегі алғашқы Куәгерлердің бірі болады.Ол өзі іздеген әділдікті тапты
Шындықты естігеніне 20 жылдай болғанда Васо Квениашвили Тбилисиде Ехоба куәгерлерінің қауымына баратын адамды кезіктірді. Ол қайтадан Куәгерлерді кездестіргеніне қуанды. Бұл күнді ол ұзақ күткен еді.
Бірақ Васо кезінде қылмыскер ретінде танымал болғандықтан, бауырластар оны іс-шараларына араластыруға асықпады. Тіпті Кеңес үкіметінің тыңшысы ма деп қорықты, сондықтан төрт жыл бойы қауымға жолатпады.
Васоның ниеті таза екені анықталғанда, оның қауымға қосылып, шомылдыру рәсімінен өтуіне Ишая 30:18). Васо бауырлас 2014 жылы өмірден қайтқанша, жалындаған рухын сөндірмей Ехобаға қызмет етті.
рұқсат берілді. Осылай, ақырында ол жастайынан іздеген “әділдік орнататын Құдай” Ехобаға жақындады (1990 жылы уағыз ісі Грузияның батысында да, шығысында да толыққанды жүріп жатты. Сол жылы 900-дей жариялаушы 942 зерттеу сабағын өткізіп жүрді. Осылай алдағы ауқымды өсімге берік негіз қаланды.
^ 12-абзац Киелі жазбалардың кей кітаптары грузин тіліне б. з. 5 ғасырында аударылса да, Коммунистік дәуірде Киелі кітап табу оңай емес еді. (“Грузин тіліндегі Киелі кітап” деген қоршауды қараңыз.)