Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

114-ӘН

Шыдамды болайық

Шыдамды болайық

(Жақып 5:8)

  1. 1. Әміршіміз Ехоба

    Аңсап келді ұзақ уақтан

    Есімін қасиетті

    Тазартуды қара дақтан.

    Сан ғасыр өтсе-дағы

    Шыдамы еш сарқылмай,

    Төзіп әр кез келеді,

    Сабыр сақтап талмай.

    Құтқармақ ниеті бар

    Асылдарын әр халықтың.

    Шыдамы мол Әкеміз

    Бізге зор рақым танытты.

  2. 2. Болса төзім, таймаймыз,

    Түзу жолда тұрып берік.

    Бастаймыз татулыққа,

    Ызаға еш бермей ерік.

    Өзгенің жақсылыққа

    Ынтасын тез байқалық.

    Сабырлық жөн сілтейді,

    Қалсақ біз қиналып.

    Рухтың әр қасиетін

    Шыңдаймыз, жасап өзгеріс.

    Шыдамы таусылмайтын

    Ехобадан үйренеміз.