Күш-қуатыңды Ехобаға арна
Жүктеу:
1. Балалық шақта бейнетсіз едің,
Есіңде ме, құлшынысың?!
Белсенді боп рухани істерде,
Алдыңа жан салмайтынсың.
Қайырманың алды:
Зымырайды уақыт, есейіп күнде келесің.
Бұл дүниеде, байқа, құндылықтарың өзгермесін.
Қиын шақта талма, алға, жетесің батаға,
Еш ұмытпа Ехобаны
Есейген шағыңда.
Қайырмасы:
Бағалы орның бар Құдай халқында,
Ол демейді сені.
Ұсын Құдайыңа қолдан келгеніңді,
Ехоба көреді
Зор сеніміңді.
2. Сезіп жүрсің бе, албырт шағыңда саған
Оңай болмас әрбір қадам?!
Құдайыңа жеткіз уайымыңды,
Мұқият тыңдар ол сені.
Қайырманың алды:
Есейген сайын, күнде шешімдеріңде
Сен қуаныш тап, өмір, шындық жолында.
Қиын шақта талма, алға, жетесің батаға,
Еш ұмытпа Ехобаны
Есейген шағыңда.
Қайырмасы:
Бағалы орның бар Құдай халқында
Ол демейді сені.
Ұсын Құдайыңа қолдан келгеніңді,
Ехоба көреді
Зор сеніміңді.
Өткел:
Құдайға арна күш-қуатыңды,
Адал өмір кеш, өкінбейсің бұған еш.
Қайырмасы:
Бағалы орның бар Құдай халқында
Ол демейді сені.
Ұсын Құдайыңа қолдан келгеніңді,
Ехоба көреді
Зор сеніміңді
Өткел:
Құдайға арна күш-қуатыңды
Адал өмір кеш, өкінбейсің бұған еш.
Құдайға арна күш-қуатыңды
Адал өмір кеш, өкінбейсің бұған еш.