Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Толық кешіру

Толық кешіру

Жүктеу:

  1. 1. Жүрегімде зілдей реніш бар,

    Сүйреген мені тұңғиыққа,

    Сол күн әлі көз алдымда.

    Қандай қиын! Қалай кешірем?

    Бұл ретте жоқ қой еш кінәм менің.

    Бірақ кешуім керек, білем.

    ҚАЙЫРМАНЫҢ АЛДЫ:

    Жан дүниемнің жараланғанын

    Ехоба сездің, көз жасымды көрдің.

    Сұраймын тағы берші

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Күш ұмытуға,

    Тарқасын бойдан ашу-ыза.

    Маған Ехоба күш берші,

    Келед толық кешкім.

    Бұл  — жалғыз өтінішім:

    Кешіріміңнен тыс қалмайды ғой

    Ешкім. Ехоба ендеше

    Мен де келед кешкім.

    Толық кешкім.

  2. 2. Өткен шақтың бәрін өшіріп,

    Еске алмайды ғой кешірген.

    Олай кешіре алам ба екен?

    Ұмытқым-ақ келеді бәрін.

    Күш салсам да, жүрмін жанға батқан

    Реніштің тұтқынында әлі.

    ҚАЙЫРМАНЫҢ АЛДЫ:

    Жан дүниемнің жараланғанын

    Ехоба сездің, көз жасымды көрдің.

    Сұраймын тағы берші

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Күш ұмытуға,

    Тарқасын бойдан ашу-ыза.

    Маған Ехоба күш берші,

    Келед толық кешкім.

    Бұл — жалғыз өтінішім:

    Кешіріміңнен тыс қалмайды ғой

    Ешкім. Ехоба ендеше

    Мен де келед кешкім.

    Толық кешкім.

    Толық кешкім.

    Келед кешкім.

    Толық кешкім.