Жалғыздықты достықпен жеңіңіз. Киелі кітаптың көмегі
Денсаулық сақтау мамандарының айтуынша, жалғыздық дертімен күресу 2023 жылдан бері дүниежүзі бойынша ең өзекті мәселе болып тұр. Қоғам жалғыздықты жеңіп шыға ала ма?
“Жалғыздық пен оқшауланудың адамның денсаулығы мен бақытты сезінуіне тигізетін залалы орасан”,— дейді АҚШ-тың бас хирургы Вивек Мурти мырза. “Бірақ оны жеңу қолымыздан келеді”,— деп қосты ол. Сонда қалай жеңеміз? Бас хирургтың айтуынша, “күнде басқалармен достығымызды нығайту үшін кішігірім қадамдар жасау арқылы a”.
Жалғыздықтың жалғыз себебі — оқшаулану емес. Кейбіреулер бір топ адамның арасында жүрсе де, өздерін жалғыз сезінеді. Қандай себеппен жалғызсырамайық, Киелі кітап бізге көмектесе алады. Онда жалғыздықты достықпен жеңуге көмектесетін тиімді кеңестер бар.
Тиімді болар Киелі кітап кеңестері
Өзгелермен әңгімелесе біліңіз. Әңгімелесу деген өзіңіз туралы айтуды ғана емес, өзгелерді тыңдай білуді де білдіреді. Өзгелердің өміріне қызығушылық танытсаңыз, олармен достасып кетесіз.
Киелі кітаптың кеңесі: “Тек өз мүдделеріңді емес, басқалардың да мүддесін ойлаңдар” (Філіпіліктерге 2:4).
Араласатын ортаңызды кеңейтіңіз. Өзіңізден үлкен не кіші, ұлты не мәдениеті басқа адамдармен достасуға тырысыңыз.
Киелі кітаптың кеңесі: “Жүректеріңді айқара ашыңдар” (Қорынттықтарға 2-хат 6:13).
Өзгелермен достықты қалай нығайтуға болатыны жайлы көбірек білгіңіз келсе, “Өзгелермен қалай дос бола аламын?” (ор.) деген мақаланы оқып көріңіз.
a “Our Epidemic of Loneliness and Isolation: The U.S. Surgeon General’s Advisory on the Healing Effects of Social Connection and Community”, 2023.