Жалғыздық дерті. Қалай күресуге болады?
“Құрама Штаттардағы ересек адамдардың жартысы жалғыздық сезінетіндерін айтты. Жалғыздық дертіне әсіресе жастар шалдыққан” (“Our Epidemic of Loneliness and Isolation: The U.S. Surgeon General’s Advisory on the Healing Effects of Social Connection and Community, 2023”).
“[Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы] адамдардың қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған арнайы топ құрды. Бұл топ жалғыздық дертін шұғыл денсаулық мәселесі деп қарастырады және барлық елдерде жалғыздықпен күресудің тиімді жолдарын іздейді” (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, 15 қараша, 2023 жыл).
Киелі кітапта адамдармен жақсы қарым-қатынас құруға көмектесетін кеңестер жазылған.
Тиімді болар Киелі кітап принциптері
Адамдардан оқшауландыратын істерді азайтыңыз. Мұндай істерге әлеуметтік желіні тым көп қолдану жатады. Оның орнына, адамдармен жүзбе-жүз араласыңыз, шынайы достар табыңыз.
Киелі кітаптың кеңесі: “Нағыз дос әрқашан жақсы көрер, Ол — бауырың қиын шақта арқа сүйер” (Нақыл сөздер 17:17).
Өзгелерге көмектесудің жолын іздеңіз. Адамдарға жақсылық жасасақ, олармен қарым-қатынасымыз жақсарып қана қоймай, өзіміздің де эмоциялық күйіміз жақсарады.
Киелі кітаптың кеңесі: “Алғаннан гөрі берген бақытты” (Елшілердің істері 20:35).
Сайтымыздан шынайы достарды қалай табуға болатыны жайлы Киелі кітапта не делінгенін біліңіз.