Сұм соғыс. Құдай Патшалығы не істейді?
Зұлмат соғыстың салдарынан әлем әлі де адам айтқысыз қасірет шегуде. Бұған бір-екі дәлел:
“Өткен жылы соғыстардың кесірінен, әсіресе, Эфиопия мен Украинадағы қарулы қақтығыстың кесірінен соңғы 28 жылда болмаған адам шығыны болды” (Осло бейбітшілік мәселелерін зерттеу институты, 7 маусым, 2023 жыл).
“2022 жылы соғыс оты жалғыз Украинада ғана тұтанған жоқ. Өткен жылы дүниежүзі бойынша саяси зорлық-зомбылық 27 пайызға артты. Бұдан шамамен 1,7 миллиард адам жапа шекті” (Қарулы қақтығыстардың орны мен оқиғасы туралы деректер жобасы (ACLED), 8 ақпан, 2023 жыл).
Бірақ бұл енді ешқандай үміт жоқ деген сөз емес. Киелі кітапта мынадай уәде жазылған: “Көктегі Құдай ешқашан жойылмайтын патшалық орнатады” (Даниял 2:44). Осы Патшалықтың не үкіметтің арқасында Құдай “күллі жержүзіндегі соғыстарды тоқтатады” (Зәбүр 46:9).