Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

“СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!”

Ехоба куәгерлері және Холокост. Киелі кітапта не делінген?

Ехоба куәгерлері және Холокост. Киелі кітапта не делінген?

 2023 жылдың 27 қаңтарында көптеген адам Холокост құрбандарын еске алатын болады. Сіз 75 жыл бұрын болған мұндай сұмдыққа Құдай неге жол берді деп ойланатын шығарсыз.

 Еврей халқы Холокост құрбандары ретінде асқан қатыгездік көрді. Миллиондаған еврей жаппай қырылды. Басқа халықтардың өкілдері де Холокост кезінде қуғынға ұшырап, өлім құшты. Олардың арасында Ехоба куәгерлері де болды. Олар Киелі кітапқа негізделген сенімдері үшін қуғындалды.

“Жарқын болашақ пен үміт”

 Көп адам Холокост қайта қайталанады деп қорқады. Қуанышымызға орай, Киелі кітапта болашақта мұндай қайғылы оқиға ешқашан болмайтыны уәде етілген.

  •   “Ехоба былай дейді: —Сендерге қатысты ой-ниетім өзіме аян. Сендерге апат жіберуді емес, тыныштық беруді, жарқын болашақ пен үміт сыйлауды ойлап жүрмін” (Еремия 29:11) a.

 Үміт берер бұл сөздер Ехоба Құдай зұлымдық пен оның келтірген залалын толығымен жойғанда жүзеге асады. Ехоба Құдай жақын арада...

  •   зұлымдық жасайтындарды жояды (Нақыл сөздер 2:22).

  •   азап көргендердің жаны мен тәнін сауықтырады (Аян 21:4).

  •   Холокост құрбандарын өмірге қайтарады (Жохан 5:28, 29).

 Киелі кітаптағы осы сөздер сенуге тұрарлық. Неге екенін білу үшін сізді тегін Киелі кітап курсын бастап көруге шақырамыз.

a Ехоба деген — Құдай Тағаланың төл есімі (Зәбүр 83:18)