Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ahmad Gharabli/AFP via Getty Images

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

Үкіметтер бірлесіп, климаттың өзгеруін тоқтата ала ма? Киелі кітап бұл жайлы не дейді?

Үкіметтер бірлесіп, климаттың өзгеруін тоқтата ала ма? Киелі кітап бұл жайлы не дейді?

 20 қараша, жексенбі күні, 2022 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының (COP27) 27-інші конференциясы өз мәресіне жетті. Бұл жиында бәрі бір шешімге келді: табиғаттағы төтеннен болатын апаттармен күресіп, дамушы елдерге қаражат бөлінетін болады. Алайда проблеманың бет жағы шешілгенмен, оның ішкі жағы шешілмегенін көбісі мойындап отыр.

  •   “Шығындарды өтейтін қор құру керек деген шешімді қос қолдап қолдаймын. Бірақ бұл жеткіліксіз болатыны айтпаса да түсінікті. Біздің планетамызға кеш болмай тұрғанда, шұғыл көмек қажет” (БҰҰ-ның Бас хатшысы Антонио Гутерреш, 19 қараша, 2022 ж.)

  •   “Күллі әлем климаттық катастрофаның алдында тұр” (Мэри Робинсон, Ирландияның бұрынғы президенті және Адам құқықтары бойынша БҰҰ-ның бұрынғы Жоғарғы комиссары, 20 қараша, 2022 ж.).

 Әсіресе жастар қауымы планетамыздың ертеңгі күнін ойлап, күрсінуде. Үкіметтер бар күшін жұмылдырып, айтқан уәделерінде тұра ала ма? Киелі кітапта бұл жайында не жазылған?

Үкіметтер бірігіп, дегеніне жете ала ма?

 Киелі кітапта үкіметтер барын салып шешуге тырысса да, климаттық кризисті түбегейлі шеше алмайтыны айтылған. Соның екі себебін көрейік:

  •   “Қисық түзелмейді” (Уағыздаушы 1:15).

     Мәні: Үкіметтердің күші де, мүмкіндіктері де шектеулі, өйткені адам баласы бір-бірінің үстінен билік етуге жаралмаған (Еремия 10:23). Үкіметтер бәрі бірге бірігіп, мың жерден тырысса да, әлемдік қиындықтарды бәрібір шеше алмайды.

  •   “Адамдар тек қара басын ойлайтын, ақшақұмар... ымыраға келмейтін болады” (Тімөтеге 2-хат 3:2, 3).

     Мәні: Біздің күнімізде көп адам өзімшіл болып, бір-бірімен ортақ келісімге келе алмайтын болады. Мұндайда қиындықтың күрмеуі қайдан шешілсін?!

Үміт оты

 Жер-анамыздың болашағы үкіметтерге қарап қалған жоқ. Құдай білікті де білімді билеушіні әлдеқашан тағайындап қойған. Ол — Иса Мәсіх. Ол жайлы Құдай Сөзінде былай делінген:

  •   “Оның мойнына билік құру міндеті жүктеледі. Есімі оның Керемет кеңесші, Күшті құдай, Мәңгілік әке, Тыныштық бекзадасы болады” (Ишая 9:6, сілтеме).

 Иса Мәсіх — көкте орналасқан Құдай үкіметінің Патшасы (Матай 6:10). Оның күш десе күші, даналық десе даналығы бар. Жер планетасы мен оның тұрғындарын аялаймын деген тілек-қалауы да бар (Зәбүр 72:12, 16). Оның билігінің тұсында көктегі үкімет “жерді бүлдіргендерге” тоқтау қояды, ал айналаны қайтадан әдемі қалпына келтіреді (Аян 11:18; Ишая 35:1, 7).

 Климаттың өзгеруі мен біздің болашағымыз. Киелі кітап бұл жайлы не дейді?” деген мақаланы оқып, алда климаттық қиындықтар түбегейлі қалай шешілетінін біліңіз.