Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

JenkoAtaman/stock.adobe.com

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

2023 жылы жақсылыққа үміттенеміз. Киелі кітап бұл жайлы не дейді?

2023 жылы жақсылыққа үміттенеміз. Киелі кітап бұл жайлы не дейді?

 Енді ғана басталған 2023 жылы барлығымыз жақсылыққа үміттенеміз. Бұлай үміттенуіміздің себебі неде?

Киелі кітап бізге үміт береді

 Киелі кітапта басымызға түсіп жатқан қиындықтардың уақытша екені әрі олар жақын арада бітетіні айтылады. Негізінен, Киелі кітап “бізге тәлім болсын деп жазылған. Осылайша... Жазбалардан алған жұбанышымыз арқылы үмітке ие бола аламыз” (Римдіктерге 15:4).

Қазіргі уақытта үміттің берер күші

 Киелі кітапта айтылған үміт “жанымыздың зәкірі іспетті” (Еврейлерге 6:19). Зәкір кемені дауылда ұстап тұратынындай, үміт те бізге қиындықта нық тұруға көмектеседі. Үмітіміз болса, біз қиындықтарды еңсере аламыз, жағдайға оң көзбен қараймыз және қуанышты болып жүреміз.

  •   Ішімдікке салынған бір адамға Киелі кітаптағы үміт қалай көмектескенін білу үшін, “Өз өмірімнен өзім жерідім” деген видеоны көріңіз.

  •   Жақын адамымыздан айырылған кезде де Киелі кітаптағы үміт бізге күш береді. Ол жайлы “Қайғырған жандар үшін жұбаныш“ деген видеодан көріңіз.

Үмітіңізге деген сеніміңіз артсын

 Көп адам жақсылыққа үміттенуін үміттенеді, бірақ үміттенгендері орындалатынына аса сенбейді. Ал Киелі кітаптың беретін үміті мүлдем басқа. Ондағы уәделер міндетті түрде орындалады, өйткені оларды “өтірік айта алмайтын” Құдай Ехоба a берген (Титке 1:2). Өз уәделерін түгелімен орындауға тек Ехобаның кұдіреті жетеді, ол “өзі қалағандардың бәрін” жасай алады (Зәбүр 135:5, 6).

 Міндетті түрде ақталатын Киелі кітаптағы үміттен сіз де күш ала аласыз. Бұл үмітке деген сенімділігіңізді арттыру үшін “Жазбаларды... мұқият зерттеу” маңызды (Елшілердің істері 17:11). Осы орайда сізге тегін Киелі кітап курсын өтіп көруді ұсынамыз. Жаңа 2023 жылды жаңа үмітпен бастаңыз!

a Ехоба деген — Құдайдың есімі (Зәбүр 83:18).