МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Қалауыңыз өз билігіңізде болсын
Күнәкар пенде болғандықтан, қалауымызды өз билігімізден шығарып алмас үшін әрдайым күресуіміз керек. Қалауыңа сәл ерік берсең, Ехобаның ықыласынан айырыласың да қаласың. Біреулердің тамаққа, киімге, баспанаға аңсары ауып, Құдайды сүюден қалған. Өзгелері Құдай заңдарын таптап, сексуалдық қалауының жетегінде жүр (Рм 1:26, 27). Тағы біреулер құрдастарының құрметі мен ықыласына бөленемін деп олардың ырқына төтеп бере алмайды (М2ж 23:2).
Қалауымызды қадағалап, билігімізден шығарып алмас үшін не істеуіміз керек? Бұл үшін барынша рухани нәрселерге көз тігуіміз керек (Мт 4:4). Сондай-ақ қалауларымызды тізгіндеп отыру үшін Ехобадан жалынып-жалбарынып көмек сұрағанымыз жөн. Өйткені біз үшін ненің жақсы екенін Ехобадан артық ешкім білмейді. Дұрыс қалауларымызды қалай қанағаттандыру керектігін де ол ғана біледі (Зб 145:16).
“ТЕМЕКІНІҢ ТҮТІНІНЕ ТҰНШЫҒЫП ҚАЛМА” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Кейбір адамдар темекіні не үшін шегеді?
-
Темекі шеккендермен не болады?
-
Кәдімгі не электронды темекі шегу неге дұрыс емес? (Қ2х 7:1)
-
Темекі шегуді бастамауға, бастасаңыз тастауға не көмектеседі?