МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Бар қиындықтың бітетін күні бар
Қиындықтың өзі адамды қажытып жібереді. Ал егер ол ұзағынан жалғасса, онда еңсені тіптен езеді. Дәуіт Саул патшадан көрген қиянаты күндердің күнінде аяқталып, Ехоба уәде еткендей, өзінің патша болатынын білді (С1ж 16:13). Осындай сенімінің арқасында Дәуіт Ехобаның араласуын сабырмен күтті.
Кейбір кездері қиындықтарымызды ақыл-парасатымызға, білімімізге сүйеніп шеше алатын шығармыз (С1ж 21:12—14; Н.с 1:4). Бірақ кейде Киелі кітап принциптерін ұстанып, қолымыздан келгенше бәрін жасасақ та, қиындықтарымыз шешілмей, сол күйі қалуы мүмкін. Мұндайда тағатымыз таусылмай, Ехобаның әрекет етуін күтуіміз керек. Жақында Ехоба барлық қиындықтарымызды тоқтатып, “көзіміздегі әрбір жасты сүртіп тастайды” (Аян 21:4). Мәселемізді Ехоба шешіп берсе де я басқалай шешілсе де, ең бастысы, мынаны ұмытпауымыз керек: әр қиындықтың бітетін күні бар. Бұны білу бізге кәдімгідей жұбаныш береді.
“БӨЛІНГЕН ДҮНИЕДЕ БӨЛІНБЕУ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Құрама Штаттардың оңтүстігіндегі мәсіхшілер қандай қиындыққа тап болды?
-
Олардың шыдамдылықтары мен сүйіспеншіліктері неден байқалды?
-
Олар бар назарлары маңызды істе екенін қалай көрсетті? (Фп 1:10).