Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ | ҚЫЗМЕТТЕГІ ҚУАНЫШЫҢЫЗ АРТСЫН

Зерттеушіге жаман әдеттерді жеңуге көмектесіңіз

Зерттеушіге жаман әдеттерді жеңуге көмектесіңіз

Адам моральдық жағынан таза болса ғана Ехобамен жақын дос бола алады (Пт1х 1:14—16). Сондай-ақ зерттеуші жаман әдетінен арылса, отбасы әлдеқайда бақытты, денсаулығы мықтырақ болады, ақшасы да үнемделеді.

Зерттеушіге Ехобаның моральдық нормаларын, оларды Ехоба не үшін бергенін және оларды ұстанудың қандай пайдасы бар екенін анық түсіндіріңіз. Оған бірінші кезекте ой қалпын өзгертуге көмектесіңіз, сонда ол әрекетке талпынатын болады (Еф 4:22—24). Ехобаның көмегімен тіпті ұзақ жылдан бері қанына сіңіп қалған әдеттен де арылу мүмкін екеніне сендіріңіз (Фп 4:13). Күнәға апаратын бұрынғы әдетін істегісі келіп кеткен кезде Ехобаға жалбарына дұға етуді үйретіңіз. Оған азғырылып қалуы мүмкін жағдайларды көре біліп, олардан қашық жүруге көмектесіңіз. Жаман әдеттерін пайдалы істерге алмастыруға талпындырыңыз. Зерттеушіңіздің Ехобаның көмегімен өзгеріп жатқанын көргенде, қуанышыңызда шек болмайды.

КИЕЛІ КІТАПТЫ ЗЕРТТЕУШІЛЕРГЕ КӨМЕКТЕСІҢІЗ: ЖАМАН ӘДЕТТЕРДІ ЖЕҢУГЕ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Ақсақалдар мен Нита Лараға сенетіндерін қалай көрсетті?

  • Кейін Нита Лараға қалай көмектесті?

  • Лараның өзі Ехобадан қалай көмек іздеді?