Адал Әйүптің ашынуы
Әйүп бар дүние-мүлкінен айырылды, жақын адамдарын жоғалтты және сұмдық ауруға ұшырады. Ол сонда да адалдығынан таймады. Шайтан оның жігері құм болған кезін пайдаланып, мінсіздігінен ада еткісі келді. Біріншіден, Әйүптің үш доссымағы оның көңілін сұрағалы келді. Олар жұрттың көзіне жанашыр болып көрінгісі келді. Сосын олар жеті күн бойы үнсіз отырып, жұбататын бірде-бір сөз айтпады. Ал олардың кейіннен айтқан сөздері жала мен айыпқа толы еді.
Әйүп адам төзгісіз сынақта Ехобаға адалдық сақтады
-
Әйүп жанын тілгілеген қайғының кесірінен дұрыс ойлай алмады. Содан ол “адалдық сақтасам да, сақтамасам да Ехобаға бәрібір” деген ойға келді
-
Жаны күйзелген Әйүп қайғысының өзге себептері болуы мүмкін екенін ескермеді
-
Қайғыдан қан жұтып отырса да, Әйүп айыптаушыларға Ехобаға деген сүйіспеншілігі туралы айтып отырды