МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Төлем қайта тірілуге жол ашты
Еске алу кешінде төлемнің арқасында қолжетімді болып отырған баталар жайында ойлануға керемет мүмкіндік бар. Бұл баталардың бірі — қайта тірілу. Ехоба адам баласын өлу үшін жаратпаған. Жақынымыз қайтыс болғанда, біздің қатты қайғыға бататынымыз да, міне, сондықтан (Қ1х 15:26). Елазар қайтыс болғанда шәкірттердің қайғырғаны Исаның жанына батты (Жх 11:33—35). Иса Әкесіне айны қатесіз еліктейтіндіктен, сүйікті жандарымыздан айырылғанда, Ехоба да бізбен бірге қайғырады (Жх 14:7). Ол өз қызметшілерін қайта тірілтетін уақытты асыға күтуде. Біз де оларды қайта көруге асықпыз (Әп 14:14, 15).
Ехоба тәртіптің Құдайы болғандықтан, ол адамдарды белгілі бір тәртіппен тірілтеді (Қ1х 14:33, 40). Сонда жерлеу рәсімінің орнын қайта тірілгендерді қарсы алу шаралары басады. Әсіресе жақыныңызды жоғалтқанда, сіз қайта тірілу жайында ойланасыз ба? (Қ2х 4:17, 18). Ехобаға төлем бергені үшін және Жазбаларда марқұмдарды тірілтетіні жайлы ашқаны үшін ризашылық білдіресіз бе? (Қл 3:15).
-
Достарыңыз бен туыстарыңыздың арасынан әсіресе кімнің тірілгенін асыға күтудесіз?
-
Киелі кітап кейіпкерлерінің әсіресе қайсысымен көрісіп, әңгімелескіңіз келеді?