“Сергек болыңдар!”
Иса он қыз туралы астарлы әңгімені өзінің майланған ізбасарларына айтқанмен, оның барлық мәсіхшілер үшін де пайдасы бар (w15 15.3. 12—16 б.) Иса: “Сондықтан сергек болыңдар! Өйткені сендер сол күнді де, сағатты да білмейсіңдер”,— деген (Мт 25:13). Исаның осы астарлы әңгімесін түсіндіріп бере аласыз ба?
-
Күйеужігіт (1-тар.): Иса.
-
Ақылды қыздар (2-тар.): Өздеріне тапсырылған істі адал атқаруға дайындалып, алдын ала қамданған майланған мәсіхшілер. Олар осы дүниенің соңына дейін шырақтай нұр шашады (Фп 2:15).
-
“Күйеужігіт келе жатыр!” деген қатты дауыс (6-тар.): Исаның осында болуының белгісі.
-
Ақылсыз қыздар (8-тар.): Күйеужігітті қарсы алуға шығатын, бірақ сергек болмай, адалдықтарынан тайып кететін майланған мәсіхшілер.
-
Ақылды қыздар майларымен бөлісуден бас тартады (9-тар.): Адал майланғандарға шешуші белгі салынғаннан кейін, олар адалдықтарынан тайып кеткендерге еш көмектесе алмайды, бұған тым кеш болады.
-
“Күйеужігіт келіп қалады” (10-тар.): Иса сот жүргізу үшін зор алапаттың соңына таман келеді.
-
Ақылды қыздар күйеужігітпен бірге той болатын үйге кіріп, арттарынан есік жабылады (10-тар.): Иса адалдықтарынан таймаған майланғандарды көкке жинайды, ал адалдық сақтамағандар көктегі сыйларынан айырылады.