Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Жақсатымызға қосар үлесіміз

Жақсатымызға қосар үлесіміз

Біздің жүріс-тұрысымыз адамдардың назарынан тыс қалмайды (Қ1х 4:9). Сол себепті өзімізден “менің сөздерім мен істерім Ехобаны мадақтай ма?” деп сұрағанымыз жөн (Пт1х 2:12). Өзіміздің сөзімізбен не ісімізбен Ехоба куәгерлері жылдар бойы жинаған жақсатқа күйе жаққымыз келмейді (Уғ 10:1).

Келесі жағдайларда мәсіхші қалай әрекет ету керектігін және соған қатысты Киелі кітап принциптерін жазыңыз:

  • Біреу сізді қатты сынап-мінесе

  • Киіміңіздің, көлігіңіздің не үйіңіздің тазалығына көңіл бөлмей жүрсеңіз

  • Қандай да бір заң әділетсіз көрінгенде не оны ұстану қиын болғанда

Жазушылар бөлімінің ізденушілері біздің жақсатты болуымызға қалай үлес қосып жүр?

ШЫНДЫҚҚА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ ПЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК” ДЕГЕН ВИДЕОНЫ КӨРГЕН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

Тура мәлімет беру үшін ұйым қаншама еңбек атқаратынын білгеніңіз сізге қалай әсер етеді?