Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Құдай мен Мәсіхтің арқасында қол жеткізетін алдағы азаттық

Құдай мен Мәсіхтің арқасында қол жеткізетін алдағы азаттық

Сіз күн сайын немен күресесіз? Бір емес, бірнеше жауапкершілік арқалап жүрген отағасысыз ба? Әлде отбасын асырау үшін арпалысып жүрген жалғызбасты ата-анасыз ба? Ал егер оқушы болсаң, құрбы-құрдастарың тиісіп, ығырыңа тиетін шығар? Я болмаса нашар денсаулықтың не қарттықтың тауқыметін тартып жүрсіз бе? Әйтеуір, әрқайсысының өз күресі бар. Көптеген мәсіхшілер бір дегенде бірнеше қиындыққа көміліп қалады. Бір қуаныштысы, жақын арада осы тауқыметтің бәрінен құтылатынымызды білеміз (Қ2х 4:16—18).

Сол кез келгенше біздің көңілімізге жұбаныш сыйлайтыны — Ехоба күресімізді жақсы түсінеді, адалдығымыз бен табандылығымызды бағалайды. Сондай-ақ ол біз үшін керемет баталар дайындап отыр (Ерм 29:11, 12). Иса да біздің жағдайымызды ойлайды. Мәсіхшілік міндеттерімізді атқарғанда, бізге оның “сендермен біргемін” деген сөздері сенімділік береді (Мт 28:20). Бір сәтке кідіріп, Құдай Патшалығы әкелетін алдағы азаттық жайлы ойланғанда, үмітіміз үстемеленеді және қазіргі қиындықтарда қайыспауға нық бекінеміз (Рм 8:19—21).

ДАУЫЛ ЖАҚЫНДАП ҚАЛҒАНДЫҚТАН, ИСА ПАЙҒАМБАРҒА БАР НАЗАРЫМЫЗДЫ ТІГЕЙІК! — ПАТШАЛЫҚТЫҢ БОЛАШАҚ БАТАЛАРЫ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Адамзат Құдайдан қалай алыстап кетті және оның салдары қандай болды?

  • Ехобаның адал қызметшілерін қандай келешек күтіп тұр?

  • Бұл таңғажайып өмір қалай мүмкін болады?

  • Жаңа дүниеде кенелетін баталардың қайсысын асыға күтіп жүрсіз?

Өзіңіздің жаңа дүниеде жүргеніңізді елестетіңіз